ОҚЫЛЫМ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ МӘТІНДЕРДІ ИГЕРТУ ЖОЛДАРЫ Бейсенбай С. С. Филология және көптілді білім беру институты
6М011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
2
курс магистранты
Saule_b93@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Рахметова Р.С. Түйіндеме: Мақалада этномәдени мәтіндерді оқылым әрекеті арқылы балаға меңгертудің жолдары
мен әдістеріне шолу жасалып, практикалық тапсырмалар берілген. Мақаланың ғылыми-теориялық
негіздемесі ғалым Ф.Оразбаева еңбектеріне негізделіп, сілтеме арқылы дәйектелген. Этномәдени
мәтіндерді оқылым әрекеті арқылы игертуде танымдық оқылым әрекетінің басымдықтары мен оны іске
асыруда оқу бағдарламасында бекітілген оқылым мақсаттарымен дұрыс жұмыс жасау және мақсатқа
жетуге бағытталған тапсырмалардың маңызын қарастырған.