232
үшін қиындық тудырады. Ақпарат алмасудың нәтижесі бірнеше жағдайға тәуелді: 1) ақпарат беру мен
оны білім алушының қабылдауында жағымды мотивация тудыруды қамтамасыз ету. Ол үшін мұғалім
сабақ үрдісінде ақпаратты білім алушы дұрыс түсініп, қабылдауы үшін түрлі ұтымды әдістерді қолдана
алуы қажет (қызықты фактілер мен дәлелдер келтіру, тарихи оқиғалармен байланыстыру, бейне сабақ
қолдану, тұсаукесер дайындау және т.б.); 2) ақпарат алмасу мен беруде білім алушының жас ерекшелігін
ескеру. Өйткені оған берілетін ақпарат түсінікті және қабылдауына жеңіл, әрі қызықты болуы шарт; 3)
Педагогикалық тілдесімге жайлы атмосфера тудыру. Ол үшін мұғалім соған қажетті ортаны, айналадағы
жағдайды ескеруі тиіс; 4) ақпартты жеткізуде сөз саптау, сөз тазалығы, сөз дәлдігі және т.б. талаптарды
сақтауы керек.
Педагогикалық тілдесімнің
перцептивтік қызметі мұғалімнің өзінің білім алушыларын қаншалықты
дәрежеде жақсы білетіндігімен сабақтас. Перцептивтік қызметті жүзеге асыру оңай емес. Өйткені мұғалім
педагогикалық тілдесімде өзінің жанындағы адамның яғни оқушының көңіл-күйін, сезімін, нені қажет
ететінін сезініп, білуі шарт. Ол мұғалімнен үлкен психологиялық даярлықты қажет етеді. Оқушының
психологиясын игеру, оған берілетін білімнің жадында сақталуын қамтамасыз ету мұғалімнен үлкен
ізденісті талап етеді. Бұл үдерістің қиындығы ‒ білім алушы үнемі дамып отыратын тұлға. Сондықтан әр
уақытта оның қызығушылығы мен талабынан шыға алу оңай жұмыс емес. Білім алушының
психологиясымен қоса, оған тән құндылықтарды біліп, оны қызықтыра алу үшін мұғалім тұлға туралы
білімді жан-жақты игеруі тиіс. Сондықтан да адамдармен жақсы тіл табыса алатын педагогтарды өз ісінің
шебері деп атайды. Тұлғаны жақсы түсіне білу педагогикалық эмпатия ұғымымен байланысты.
Психологтар педагогикалық эмпатия мұғалімнің өзін білім алушының орнына қойып, оны түсіне алуы, ол
уайымдаса, сонымен бірге уайымдай білуімен сабақтастырады. Олардың пікірінше, бұл жағдай мұғалім
өзін өзі бағалап, өзіне сын көзбен қарап, ең бірінші өзін түсіне алғанда ғана іске асады. Егер мұғалімде
бұл қасиеттер болмаса, кері байланыс жүзеге аспайды. Яғни мұғалім өзін танығанда ғана басқаларды тани
алады. Мұғалім мен білім алушының бірін-бірі түсінуі, өзара тығыз байланыста болуы, бір-бірін бағалай
алуы, көңіл-күйлерін түсінуі педагогикалық тілдесімнің ешқандай кикілжіңсіз, жайлы жағдайда жүзеге
асуына көмектеседі.
Педагогикалық тілдесімнің
интерактивті қызметі білім алушының іс-әрекетін дұрыс басқара
алуынан көрінеді. Дұрыс жоспарланып, ұйымдастырылған педагогикалық тілдесім сабақ үрдісін тиімді
өткізуге ықпал етеді. Мұғалім мен білім алушының өзара бірлесіп әрекет жасауы алға қойылған
мақсаттың орындалуына әсер етеді. Өзара бірлескен әрекет кезінде түсіністік, ықпалдастық,
қызығушылық бір арнаға тоғысып, тілдесімнің жоғары деңгейде болуына мүмкіндік тудырады.
Педагогикалық тілдесімнің жоғарыда сөз болған қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Олар
бірін-бірі толықтырып отырады. Педагог білім алушыны ақпарат алмасу мен беруде, өзара әрекетті іске
асыруда таниды. Өзара әрекет коммуникациясыз жүзеге аспайды. Ал түсінбеушілік болған кезде
коммуникация сәтті болмайды. Олай болса, тілдесімнің бұл үш қызметі бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: