Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет75/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми- теориялық негіздері: пед.ғыл.докт. 
...автореф. – Алматы, 1996.  
2. 
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: фил.ғыл.докт....автореф. ‒ Алматы, 2007. 
 
 
 
ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ БӘЙТЕРЕК 
 
Сүлейменова Ж.Н. 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті 
 
Өз  заманының  ғылым,  білім,  ұстаздық,  қайраткерлік,  адамдық  туын  биік  ұстаған  Қазақстан 
Республикасы  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Ф.Ш.Оразбаеваның 300-ден астам ғылыми зерттеулерінің тақырыбы сан алуан.  
Ғалымның  «Тілдік  қатынас»,  «Тілдік  қатынас  негіздері»,  «Тілдік  қатынас:  теория  және  әдістемесі», 
«Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім  синонимдері»,  «Тіл  әлемі»  атты  мақалалары  мен  зерттеулері 
жинақталған  еңбектері,  авторлық  бірлестікте  әзірленген  «Қазіргі  қазақ  тiлi»,  «Қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі»,  «Лингвистикалық  терминдер  теориясы»,  «Мемлекеттiк  тiлдегi  iс  қағаздар»,  «Кәсіби  қазақ 
тілі»,  «Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  ғылыми-методологиялық  негіздері»,  «Сөз  мәдениеті  және 
шешендік:  оқыту  теориясы  мен  әдістемесі»,  «Тілді  оқыту:  интеграциялық  білім  мен  интеллектуалдық 
тұлға  қалыптастырудың  сабақтастығы»,  «Қазақстандағы  латын  жазуының  тарихи  тағылымы»  т.б. 
еңбектері,  жоғары  тілдік  білім  беру  жүйесі  мен  орта  мектепте  қазақ  тілін  оқытудың  білім  мазмұнын 
анықтаған мектеп оқушыларына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» т.б. оқулықтары, «Үздіксіз білім 
беру  жүйесіндегі  мемлекеттік  тілді  деңгейлік  оқытудың  Тұжырымдамасы»,  «Балабақша  –  мектеп  – 
колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқытудың Тіл Стандарты», 
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі», сондай-ақ өзгетілді топтарда оқитын білім алушыларға арналған «Қазақ 


74 
тілін  оқыту  әдістемесі» үлгілік  бағдарламалары, «Қазақ тілін деңгейлік  оқыту  бағдарламасы» т.б.  озық 
үлгідегі еңбектері қазақ тіл білімі мен оқыту әдістемесі саласындағы сүбелі еңбектер болып есептеледі.  
Белгілі  ғалым  ретінде  оның  алғаш  ғылымда  түрен  салған  алаңы  –  қазақ  тіліндегі  сын  есім 
синонимиясы мәселесі. Оның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимиясы» деген тақырыпта зерттелген 
еңбегінің  өзегі  –  қазақ  тіліндегі  синонимдік  құбылыстардың,  сөздердің  мағыналық  жағынан 
қарастырылуы.  Еңбекте  синонимдер  қоғамдық-тілдік  қарым-қатынаста  атқаратын  рөлі  тұрғысынан 
айқындалады.  Ғалым  синонимдердің  анықтамасы  турасындағы  ала-құлалықтар  мен  мәселені  зерттеген 
ғалымдардың  ғылыми  тұжырымдары  негізінде  өз  пікірін  түйіндеп,  қазақ  тіліндегі  сын  есім 
синонимдердің  жасалу  жолдарын  белгіліп  береді,  лексикалық  синонимдердің  түрлері  мен  типтерін 
анықтайды. Аталмыш еңбек – қазақ тілі білімінің өзекті мәселесін айқындауда үлкен үлес қосқан туынды 
ретінде бағалауға лайық. 
Ғалым «Тілдік қатынас пен қатынас әдісінің ғылыми-теориялық негіздері» атты іргелі еңбегінде тілдік 
қатынастың  теориялық  тұжырымдарын  жасайды.  Аталмыш  зерттеу  еңбегінде  автор  тілдік  қатынас 
мазмұнын  ашып,  оның  анықтамасын  айқындап,  оны  антропооөзектік  парадигма  тұрғысынан  жаңа 
бағытта  қарастырады.  Еңбекте  көтерілген  өзекті  мәселе  –  адамдар  қарым-қатынасындағы  тілдік  және 
тілсіз  қатынастың  ерекшеліктері,  олардың  адамдар  арасындағы  қатынасқа  қызмет  ету  жолдары.  Автор 
тілдік қатынастың ойлау мен санаға, тіл мен сөйлеуге арақатынасын, өзара байланысын зерделей келе, 
оның адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз  ететін, адамзатқа тән күрделі тілдік  құбылыс  екендігіне 
баса  мән  береді.  Тілдік  қатынасты  жүзеге  асыратын  қатысымдық  бірліктердің  тілдік  бірліктерден 
айырмашылықтарын айқындайды. Тілдік құбылыстардың қатысымдық ғылыми негіздерінің жан-жақты 
зерттелуі  тіл  үйретудің  қағидаттарын  белгілеуде  маңызды  рөл  атқаратыны  белгілі.  Осы  тұрғысынан 
келгенде, ғалымның жасаған теориялық тұжырымдарын тілдерді жаңаша бағытта тиімді үйретуде басты 
ұстанымдар негізінде қарастыруға болады.  
Тілдік қатынас пен таным туралы автордың пікіріндегі маңызды, ерекше атап өтетін жайттардың бірі – 
адам  танымы  мен  тілдік  қатынас  арақатынасы  туралы  пікірінің  маңыздылығы.  Автордың  сөзімен 
айтқанда:  «Адамның  танымдық  әлеміндегі  тілдік  және  тілдік  емес  білімдер  жүйесі  қатысымдық  және 
танымдық  құрылым  ретінде  коммуникация  мен  когницияның  зерттеу  нысандарын  біріктіре  отырып, 
тілдік қатынас пен таным процесін бір-бірімен сабақтастырады, тоғыстырады», - дейді. Мұндағы басты 
мәселе – қазіргі кезеңдегі тіл үйретудегі жаңа стратегиялық қатысымдық-когнитивтік оқыту туралы жаңа 
бағыт.  Яғни  автордың  тілдің  қоғам  дамуындағы  маңызды  рөліне  баса  мән  бергенін  түсінуге  болады. 
Ғалым  пікіріне  жүгінсек:  «Тілдің  қатысымдық  ерекшелігін  зерттеуде  адам  дүниетанымын 
қалыптастыруда, тілдің қоғамдық мәнін жете түсінудің маңызы аса зор. Бұл, біріншіден, жалпы дүниеге 
деген танымдық көзқарастың негізінде танылса, екіншіден, тілдің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы 
ретінде  алатын  орнына  байланысты.  Яғни  адам  тіл  арқылы  өзара  сұқбат  құрып,  қатынас  жасап  қана 
қоймайды, сонымен қатар ғалам бейнесінің әр құбылыстарын тануға мүмкіндік алады» – дей келе, тілдің 
қатысымдық  қызметін  оның  ең  басты,  маңызы  ерекшелігі  деп  түйеді.  Ол  зерттеуінде  тілдің  қазіргі 
ғылымдар  тоғысындағы  антропоөзектік  парадигмасына  баса  мән  береді.  Автордың  пайымдауынша, 
«Жеке  тілдік  тұлғаны  екі  жақты  аспектіде,  яғни  коммуникативтік  лингвистикада  және  когнитивтік 
лингвистика  бағытында  зерттеу  тілдік  қатынас  құрушы  тілдік  тұлғаның  болмысын  тануға  өз  септігін 
тигізеді», «...адамзат баласы үшін тілдік қатынастың бүкіләлемдік маңызы ел мен елдің, ұлт пен ұлттың 
саяси байланысына жан-жақты жол ашуынан көрінеді».  
 
Еңбектің жаңа қырларының бірі – автордың жаңа терминдерді қалыптастырудағы рөлінің айқындығы. 
Мұнда автор сөйлеу әрекетінің маңызды ұғымдары тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым, тілдесім 
т.б. тәрізді жаңа терминдер жасап, ғылыми айналымға түсіреді.  
Еңбектің  ең  басты  құндылығы  –  қазақ  тілін  қатысымдық  тұрғыдан  оқытуды  негіздеуші  болуы. 
Зерттеудегі қатысымдық негізде оқытудың ғылыми қағидаттарының белгіленуі, тілді оқытудағы маңызды 
іргелі  ұғымдар  әдіс,  тәсіл,  амал,  құрал  тәрізді  әдістеменің  өзекті  терминдерінің  мазмұндық  моделінің 
айқындалуы, қатысым әдісінің басты ұстанымдарының белгіленуі тәрізді маңызды теориялар – осының 
дәлелі. Ғалым қатысымдық әдісінің ең маңызды қағидаттарын төмендегідей етіп көрсетеді: тіке байланыс, 
адамның  жеке  қабілетін  ескеру,  сөйлеуге  үйретуде  жүргізілетін  жұмыстардың  түрлерін  айқындау, 
сатылап  даму,  динамикалық  өзгеру,  өзектілік.  Бүгінде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  мазмұндық-
логикалық  буынын  құрайтын  маңызды  құралдарды  әзірлеуде  аталған  ұстанымдар  басшылыққа 
алынатыны сөзсіз. Еңбектегі  оқыту  әдістемесінде қазіргі кезеңде жиі  қолданылатын  озық стратегиялар 
болып танылған оқыту формаларының ұжымдық, жұптық түрлері, оның негізгі ерекшеліктері туралы ой-
пікірлері бүгінгі күннің дидактикасының өзекті мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.  
Автордың тілді оқытып-үйретудегі басты ұстанымы – тілдің жүйелік ерекшелігіне баса назар аударуы: 
«Тілді оқыту дегеніміз – оқушылардың басты назарын тілдің жүйелік ерекшелігіне аудару. Мұнда тілдің 


75 
жүйелік  сипатын  көрсететін  фонетика,  грамматика  –  әрқайсысы  жеке-жеке  талдап  оқытылады.  Тілді 
осылай лингвистикалық күрделі құбылыс ретінде оқыту оқушыға ғылыми тұрғыдан жүйелі, терең білім 
бергенімен, оны қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға мүмкіндік жасай алмайды». Бұл тұрғысынан 
қазіргі білім берудің жаңа мазмұндық құрылымын жасауда басты қағида ретінде ұстануға негіз боларлық 
ғалымның  маңызды  ғылыми  ойға  негізделген  құнды  пікірі  орта  мектептің  білім  беру  мазмұнын 
жаңартуда басты назар аударылуы тиіс деп есептейміз.  
Ф.Оразбаева – қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына орасан зор еңбегін сіңірген ғалым. Оның қазақ 
тілін  оқыту  әдістемесі  бойынша  әзірлеген  монографиялары,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік 
құралдарымен қатар, білім стандарттары мен жаңа халықаралық деңгейдегі парадигмалақ ізденістік білім 
бағдарламаларын бүгінде білім беру саласының, қазақ тілі дидактикасының үлкен жетістігі деп бағалауға 
болады.  Атап  өтетін  жайттардың  бірі  –  мемлекеттік  тілді  оқып-үйренушілерге  арналған  36  кітаптан,  6 
электрондық  нұсқадан  тұратын  кешен  –  қазақ  тілін  оқытып-үйретудегі  жаңа  бағытты  құрылған  үлкен 
ізденісі пен маңдай тердің жемісі. Бүгінде тіл үйренушілердің игілігіне айналды.  
«Ұлтты  сүю  –  ұлылық  тағылымы»,  «Өнегелі  өмір  –  өрісті  ғылым»,  «Ұстаздық  ғибратқа  адалдық», 
«Тұғырлы тұлға», «Көп туса қазақ дәл сіздей қызды», «Тіл – рухани құндылық», «Қазақ тілін оқытудың 
жаңа технологиялары: бүгіні мен болашағы», «Қазақ тілін деңгейлеп оқыту инновациясы», «Қазақ тілін 
танымдық  тұрғыдан  оқыту»,  «Мектеп  –  ұлтты  тәрбиелеу  кепілі»,  «Тілдік  руханият,  жазу  және  латын 
әліпбиі» атты және де т.б. ғылыми көпшілікке арналған мақалалары, бұқаралық ақпарат құралдарында 
берілген тағылымға толы сұқбаттары – ғалым ұстаздың тұлғасын, өмірлік ұстанымын айқындай түседі. 
Аталған мақалалар – ұлттық сананы дүр сілкіндіретін, ғылыми айналымда сұранысқа ие құнды дүниелер. 
Олардың қай-қайсысында да жаңаша ой-пікір, терең таным, қазіргі заманғы көзқарастағы ой-байламдар 
секілді ұлылық бар.  
Ғалымның жүзеге асырған ғылыми жобаларының қазақ тілі, оны оқыту әдістемесі, сондай-ақ жоғары 
білікті  маманның  кәсіби-әдістемелік  құзыреттілігін  қалыптастырудағы  өзекті  мәселелерді  шешуде 
маңызы аса зор. Атап айтқанда, олар: «Қазақ тілі салаларының коммуникативтік байланысқа негізделген 
ғылыми  негіздері»,  «Тілтану:  қазақ  және  түрік  тілдерінің  лексикасы»,  «Лингвистер  мен  әдебиетшілер 
туралы  энциклопедия»,  «Үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілі  салаларының  теориялық  және 
әдістемелік  негіздерін  дифференциялау  –  адам  ресурстарын  дамыту  кепілі»,  «Филологтарға  тіл  мен 
әдебиетті  оқытудың  ғылыми-инновациялық  әдістемесі»,  «Қазақ  әліпбиі  мен  латын  харпінің  ғылыми-
лингвистикалық  негіздері»,  «Маман  әзірлеуде  тілдің  үш  тұғырлығын  қалыптастыру  әдісі  мен 
технологиясы»,  “Мәңгілік  Ел»  ғылыми  негіздері  бағытында  «Латын  графикасына  негізделген  ұлттық 
әліпбиді  меңгертудің  әдістемесі”  (филология  мамандығында  оқитын  студенттер  үшін)  тәрізді  іргелі 
зерттеулері  –  тіл  теориясы  мен  әдістемесінің  дамуына  қосар  зор  үлес.  Осының  барлығы  –  ғалымды 
еліміздегі, шын мәніндегі, тіл білімі мен оқыту әдістемесі саласындағы ірі өкілі ретінде тануға негіз. 
 
Ф.Оразбаева  –  шәкірт  тәрбиелеп  өсірген,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінде  көп  жылдар  қызмет  етіп  келе  жатқан,  өз  мектебін  қалыптастырған  ұлағатты  ұстаз. 
Ұстаздық ұстанымы өзі айтқандай:  «Ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген, үздік өркениетті 
игерген, озық технологияны дәстүрлі әдіс-тәсілдермен ұштастыра білетін, танымы жоғары, білікті маман 
тәрбиелеу» дегенмен ұштасып жатыр.  
 
Ол қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша 50-ден астам ғылым докторлары мен 
ғылым  кандидаттарын  даярлады.  Ғалымның  шәкірттері  бүгінгі  таңда  –  елге  еңбегін  сіңіріп  жатқан 
халқымыздың адал ұлдары мен қыздары.  
 
Ф.Оразбаева – қоғам қайраткері, кемел басшы. Ол ұлтжандылық танымы зор, ұлттық рух пен ұлттық 
тілімізді  жетік  меңгерген,  ұлттық  тұлға  деңгейінде  танылған,  тілі  мен  елінің  тағдырын  жоғары  қойған 
қайраткер,  қоғамымыздың  белгілі  тұлғасы.  Оның  Тәңір  сыйлаған  тілдік  терең  әлемі  мен  шешендік 
қасиеті, күрескерлік қызметі үлгі тұтарлық тұлға ретінде өз жемісін беріп келеді.  
 
Бірқатар жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры,  «Қазіргі қазақ тілі және  оқыту  әдістемесі» 
кафедрасының  меңгерушісі  қызметтерімен  қоса,  Филология  және  педагогика  ғылымдары  бойынша 
диссертациялық кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік 
тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссия мүшесі және хатшысы қызметтерін 
үлкен абыроймен атқарды.  
Бүгінде  Ф.Оразбаеваның  жемісті  де  сүбелі  еңбегі  еліміздің  жоғары  бағасын  алып  келеді:  Ол  «Ерен 
еңбегі  үшін»  медалі,  Қазақстан  Республикасының  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Алғыс  хаты»,  «Қазақстан 
Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісі, «Қазақстан Республикасы белгілі ғалымы 
және  педагогы»  атағы,  «Білім  беру  ісі  саласының  құрметті  қайраткері»,  Ресей  Педагогика  ғылымдары 
халықаралық  академиясының  академигі,  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  сіңірген  қайраткері, 


76 
Ш.Уәлиханов  атындағы  І  дәрежелі  сыйлық  иегері,  «ЖОО  үздік  оқытушы»  мемлекеттік  грантының, 
сондай-ақ Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерi т.б. өзіне лайықты атақтарын иеленді. 
Ғалымның өмірі – біз үшін, желкілдеп өскен жас ұрпақ үшін үлкен үлгі-өнеге. Қазақ қыздарына тән 
асыл  қасиеттерді  бойына  жинаған  ұстаздың  ғылым  мен  білім  жолындағы  ұлан-ғайыр  жетістіктерімен 
қатар, оның ардақты ана, асыл әже келбеті, белгілі ақын, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам 
қайраткері Нұрлан ағамыздай асылдың сүйікті жары болу қасиеттері – бүгінгі әрбір қазақ қызының үлгі 
кредосына айналғаны сөзсіз.  
Осынша  қыруар  дүниені  бір  адамның абыроймен  атқаруы  оның  табандылығы  мен  қайсарлығының, 
дарындылығы  мен  даралығының,  көрген-  білгенін  көңілге  түйгенінің  тереңдігінің  көрінісі  деп  жоғары 
бағалауға лайық.  
 
«Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  дейді  данышпан  бабамыз.  Ф.Оразбаеваның  қарапайымдылығы  пен 
парасаттылығы  тоғысқан  толық  тұлғасы  өзінің  керемет  үйлесімділігімен  бізді  тәнті  етеді.  Кездескенде 
үнемі жүзі нұрға бөленген, әркез күлімсірей сөйлеген ықылас-лебізі бізді әркез қуанынышқа бөлейді.  
 
Қазақтың дара туған ұлы қыздарының бірі, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері Алма Қыраубаеваның өз 
еңбегінде келтірген қанатты сөзі: «Өзі болмайын деген адамды болдыра алмайсың. Бүкіл елді бірден биік 
деңгейге тағы жеткізу қиын. Бірақ өз жан дүниеңнің мәуелі ағашын жетілдіруге болады. Оның жемісінен 
жұртқа дәм татқызудан артық бақыт жоқ», – дейді. Осы бір ұлағатты сөз қадірлі апайымызға арналғандай. 
Оның  мұраты  да  –  туған  жұртына  өз  еңбегінің  жемісін  сыйлау.  Міне,  өз  халқының  зор  ықыласына 
бөленіп,  бақытқа  кенелген,  ТАМЫРЫ  ТЕРЕҢ  БӘЙТЕРЕГІМІЗ  профессор  Ф.Оразбаева  үлкен 
жетістіктерімен бүгінде мерейлі жасына жетіп отыр. 
 
Ұлы Абайымыз айтқандай, «...ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» кемел адамға лайық, ата-
бабамыздың  ұлы  мұрасы  тілімізді  зерттеп-зерделеп,  оның  ғажайып  сырларының  құпияларын  ашып, 
халқымызға  танытып  жүрген  құрметті  Фаузия  апайымызды  салтанатты  мерей  тойымен  құттықтай 
отырып, деніне саулық, еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Ұлы ұстаз, сүйікті жар, аяулы ана, асыл 
әже, ұлтымыздың мақтанышы болып, ғылымдағы шоқтығы биік жұлдызымыздай жарқырап жүре беруіне 
тілектеспін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет