Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет10/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   277
Байланысты:
1 2019

    Бұл бет үшін навигация:
  • ХАБАР
Ф.Ш. Оразбаеваның «
Өнегелі өмір, өрісті ғалым» атты мақаласына қысқаша тоқталсам 
деймін.  
Жоғарыда сөз болған мәселелер Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімінің негізін салушылардың 
бірі  ғана  болып  қоймай,  өз  дәуірінде  қазақ  зиялы  қауымының  қалыптасуына  ерекше  ықпал  еткен  ірі 
ғалым, табанды қайраткер, үлкен жүректі, ұлтжанды азамат болғанын көрсетеді.  
Енді, ғалым-педагог Фаузия Оразбаеваның кейбір ой-пікірлеріне қысқаша тоқталайын:  


11 
Ойшыл ғалымның философиялық көзқарасы мен пікірін дәлелдейтін тағы бір тұс: ол – зерттеушінің 
тіл  білімін  өзіндік  қағидасы  мен  жүйелі  ережесі  қалыптасқан  «тілтану  ғылымы»  деп  атай  келіп,  оның 
зерттеу нысаны мен салалары арасындағы тікелей байланысты дәл тауып, тани алуы мен тілді жүйелердің 
жүйесі деп қарастыратын ойы. Сондықтан да ғалым фонетиканы – дыбыс жүйесі, морфологияны – сөз 
тұрпаты жүйесі, синтаксисті – сөйлем жүйесі туралы ілім дей келіп, осылардың зерттеу нысаны – дыбыс, 
сөз, сөйлемді де қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде «дара адам денесінде ғана болатын физиологиялық» 
[5,  8-
б] құбылыс емес, бүкіл адамзатқа тән әрі қоғамдық, әрі табиғи, әрі бір-бірімен тығыз байланысты 
жүйелі құбылыс деп таныды. 
Тіл  –  адамзатқа  тән  ерекше  қүбылыстардың  бірі  бола  келіп,  қыры  мен  сыры  мол  қарым-қатынас 
құралы. Ғалым-ұстаздың; «...пікір алысу – қоғам үшін ең тұрақты, ең қажетті нәрсе ... тіл қатынас құралы 
болумен бірге қоғам күресінің де және қоғам дамуының да құралы болады», – деген тұжырымы тілдік 
қатынасқа  байланысты  бүгінгі  күннің  алда  тұрған  міндеттерін  де  айқын  аңғартқандай.  Тілдік  қатынас 
(языковая  коммуникация)  мәселесі  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың  мәні  мен  мазмұнын 
айқындаса,  оның  негізі  ұлт  пен  ұлттың,  адам  мен  адамның  бірімен-бірінің  пікірлесуінің  кілті 
сөйлеушінің  айтар  ойын  дұрыс  жеткізуі  екені  белгілі.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  Қ.Жұбанов  тілдің 
қатынас құралы ретіндегі қызметі мен табиғатын өте қарапайым тілмен тұжырымдап береді.  
Жалпы  тілдік  қатынастың  негізгі  мазмұны  мен  мәні  болып  табылатын  –  ХАБАР.  Барлық  қарым-
қатынас  белгілі  бір  ақпарат,  дерек,  хабар  арқылы  іс  жүзіне  асады.  Қалай  болған  күнде  де  тілдік 
қатынастың  адамның  ойына,  сезіміне  қатысты  хабар  арқылы  іске  асатын  күрделі  процесс  екенін 
Қ.Жұбанов нақтылы тұжырыммен бекітіп, тілдік қатынас үшін хабардың негізгі шешуші фактор екенін 
дәл таныған. Сонымен бірге ғалым тілдік қатынастың негізін оймен байланыстыра келіп, пікірлесудің бір 
адамның  екінші  адамға  ойын  жеткізуге  байланысты  жүзеге  асатынын  дәйектейді.  Бұл  ретте  тілшінің 
басты көңіл аударатын мәселесі – ой. 
Тілдік  қатынасты іске асыратын қатысымдық  бірліктер (коммуникативные  единицы) – сөз, тұрақты 
тіркестер, сөйлем, мәтін болып табылса, Қ.Жұбанов бұлардың бәріне ұйытқы болатын сөзге ерекше назар 
аударады.  
Демек,  сөз  тіл  байлығымыздың  ең  басты  тұлғасы  бола  келіп,  сол  тілдік  қазынамызды  дәлелдейтін 
материал болып табылатынын айтады.  
Адамның  ойын  жеткізуге  қызмет  етегін,  тілдік  қарым-қатынасқа  қажетті  ең  маңызды  тұлға,  ол  – 
сөйлем. Қ.Жұбанов сөздің ерекшеліктерімен қоса сөйлемді де арнайы қарастырады. Бұл ретте автордың 
«сөйлемнің сазы» деп бөліп алып, қазақ тіліндегі сөйлемдердің айтылу мәнеріне ерекше мән беруі тілді 
меңгеруде сөйлем сазының қаншалықты маңызды рөл атқаратынын дәлелдесе керек. Ғалымның тіл мен 
сөйлесімге  қатысты  осындай  жан-жақты  ой-пікірлері  оның  білімдарлығын  тереңірек  таныта  түседі. 
Тілдегі тұтастық пен ортақ негіздерді саралауға бағыт береді. Қ.Жұбановтың өз сөзімен айтсақ: «Жүйелі 
білім  беру  үшін  мұғалімнің  өзінде  жүйеге  салынған  білім  болу  керек»  [5,  9-б.].  Ал  мұғалімнің  өзінің 
жүйелі білімі – ұлы түлғалардың қалдырған ғылыми мұрасын жан-жақты, жүйелі түрде зерделеп, танып, 
меңгеруге байланысты деп ойлаймыз. 
Сонымен, тілшінің ғылыми көзқарастары да, білімді ұрпақ тәрбиелеуді көздеген қоғамның әр саласын 
қамтыған  еңбектері  де  артында  қалған  ірі  мұра  болып  табылады.  Ұстаз-ғалым  мұрасын  жан-жақты 
мұқият  қарау  оның  зерттеулерінің  қажет  тұстарын  қайта  жаңғыртып,  уақыт  талабына  сай  сұрыптап 
пайдалануға  мүмкіндік  берсе,  автор  ұсынған  лингвистикалық  терминдерді  зерделеу  кейбір  тілдік 
материалдардың  қалыптасу,  өзгеру,  даму  заңдылықтарын  танып-білуге  көмектеседі.  Сондықтан, 
Қ.Жұбанов еңбектерін жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жүмыстарының нысанасына айналдырудың маңызы 
зор, – дейді Фаузия Оразбаева.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет