Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ф.Ш.Оразбаеваның  сөйлеу  актісі  теориясына  қосқан  үлесі



Pdf көрінісі
бет103/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   277
Байланысты:
1 2019

Ф.Ш.Оразбаеваның  сөйлеу  актісі  теориясына  қосқан  үлесі.  Ғалым  тілдік  қатынасты  іс  жүзіне 
асырушылар  моделін  (Баяншы  –  Бірліктер  –  Қабылдаушы)  жасап,  сөйлеу  актісі  теориясының  басты 
қызметін айқындап берді. Олардың қатысымдық, байланыстырушылық, экспрессивтік қызметке ие екенін 
дәлелдеді. Баяншы (баяндаушы адам) мен қабылдаушылардың тілдік қатынастың барлық түрлері арқылы 
бір-бірімен  қарым-қатынастық  қызмет  атқаратынын  қатысымдық  қызмет  деп  таныса, 
байланыстырушылық қызмет тілдік бірліктер арқылы жүзеге асатынын көрсетті. Экспрессивтік қызметке 
қарым-қатынасқа  түсушілердің  бір-біріне  берілген  хабарды  қабылдап  қана  қоймай,  оның  айырықша 
мәнін, күшейту реңкін толық түсінуі екенін, баяншының хабарды жай ғана айтып қоймай, қандай ойға 
ерекше көңіл бөлу керектігін, өзінің көңіл-күйін, сезімін, көзқарасын жеткізуін жатқызады [1, 89-90 бб.].  
Қатысымдық  қызметтің  басты  ерекшелігін  «адамдардың  ауызша,  жазбаша  және  ым-ишара  арқылы 
өзара  қарым-қатынасқа  түсуі»  деп  түсіндіреді.  Сөздің,  фразеологиялық  тіркестің,  сөйлемнің,  мәтіннің 
тілдік  қатынас  құралы  ретінде  жұмсалуын  байланыстырушылық  қызмет  деп  таниды.  Баяншы  мен 
қабылдаушылардың бір-бірімен пікір алмасуы, бірінің айтқан ойын екіншісінің жалғастыруы, бірін-бірі 
түсінуі,  хабардың  жетуі,  яғни  олардың  арасында  байланыстың  орнауы  тілдік  бірліктер  арқылы  жүзеге 
асатынын  дәлелдейді.  Экспрессивтік  қызмет  хабардың,  ақпараттың  адам  эмоциясына  әсер  етуі 
тұрғысында анықталады. 
Ғалымның  теориялық  тұжырымдарын  практикалық  тұрғыда  талдау  арқылы  қатысым  теориясы  мен 
сөйлеу  актісінің  байланысын  көрсетуге  болады.  Мысалы:  Оңашада  тыңдаған  мына  ән  жан-жүйемді 
тебірентіп,  іші-бауырымды  елжіретіп  барады  [1,  127  б.]  деген  сөйлемде  сөйлеу  актісінің  қызметін 
көрсететін мынадай белгілер бар: сөйлемдегі адам факторын айқындайтын персоналдық категория (менің 
жан-жүйем, менің іші-бауырым, І жақ) баяншының жай-күйі туралы ақпаратты қабылдаушыға жеткізуге, 
олардың  арасындағы  қатысымдық  қызметтің  жүзеге  асуына  арқау  болады.  Оған  сөйлемді 
актуализациялау әдісі арқылы көз жеткіземіз.  

Менің жан-жүйемнің тебіреніп, іші-бауырымның елжіреуіне не себеп болды?  

Оңашада тыңдаған мына ән себеп болды.  
Сөйлем  актуализацияға  түскенде  баяншы  мен  қабылдаушының  арасындағы  қатысымдық  қызмет 
анықталды.  
Синтагматикалық  әдіс  арқылы  сөйлем  құрамындағы  тілдік  бірліктердің  байланыстырушылық 
қызметін көреміз. Сөйлем үш синтагмадан тұрады. 1-ші синтагма: ән жан-жүйемді тебірентіп барады; 
2-
ші  синтагма:  ән  іші-бауырымды  елжіретіп  барады;  3-синтагма:  оңашада  тыңдаған  мына  ән.  Бұлар 
айтылатын ойдың түсінікті болуына, хабардың дұрыс жетуіне қызмет атқарады.  


99 
Прагматикалық  әдіс  арқылы  қарым-қатынас  кезіндегі  экспрессивтік-эмоционалдық  қызметті 
анықтауға болады. Ол баяншының қабылдаушы сезіміне әсер ету үшін түрлі көріктеу амалдарын қолдану 
шеберлігінен  көрініс  табады.  Берілген  сөйлемде  сөйлеуші  тілдік  қайталама  (реприза)  (оның  ішінде 
морфемалардың  қайталануы  жан-жүйемді  тебірентіп,  іші-бауырымды  елжіретіп)  тәсілін  қолдану 
арқылы сөйлеу тіліне экпрессивті-эмоционалдық реңк беріп, қабылдаушыға әсер қалдырады.  
Ф.Ш.Оразбаева  Дж.Остиннің  сөйлеу  актісіне  қатысты  тұжырымдарын  [2]  басшылыққа  ала  отырып, 
мәтіннің қатысым теориясында алатын орнын көрсетеді.  
Мәтіннің байланыстырушылық қызметін локутивті акт тұрғысынан анықтайды. Мәтін құрамындағы 
қатысымдық  бірліктерді  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  пайдалану,  тілдік  қатынасқа  қажетті  сөздерді 
ұтымды  іріктей  білу,  коммуникативтік  компоненттердің  семантикалық-синтагмалық  параметрлерін 
нормаға сай дұрыс қолдану, интонациялық-логикалық тұтастықты айтылым нормаларына сәйкес сақтау 
арқылы баяншы мен қабылдаушының арасында байланыс орнайтынын көрсетеді.  
Мәтін мазмұнының түсінікті, жағдаяттық уәждердің өзекті, тілдік қатынасқа түсушілердің тұлғалық, 
әлеуметтік сипатының айқын болуын иллокутивті акт заңдылықтарына жатқызады. Мұны баяншы мен 
қабылдаушының арасындағы қатысымдық қызметтің жүзеге асу көрсеткіші ретінде түсінуге болады.  
Перлокутивті  акт  аясында  мәтін  құрамындағы  компоненттердің  қабылдаушы  сезіміне,  жай-күйіне, 
танымына,  көзқарасына  әсер  етуі  анықталған.  Мұны  экспрессивтік  қызметтің  мәнін  анықтайтын 
тұжырым  деп  тануға  болады  [1,144  б.].  Ғалым  сөйлеу  актісінің  әрбір  түріне  жасалған  теориялық 
тұжырымдарды практикалық тұрғыда бекітіп, мәтін бойынша арнайы талдаулар береді. Бұл сөйлеу актісі 
теориясына  қатысты  методологияның  тілдік  қатынас  ілімінде  қалыптасу  жолын  көрсетеді.  Ғалымның 
тілдік қатынас бойынша анықтаған теориялық тұжырымдары мен практикалық талдауларынан шешендік, 
сенушілік,  эмоционалдылық,  модальділік  сияқты  категориялардың  сөйлеу  актісінде  көрініс  табатынын 
байқауға болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет