Ключевые слова: язык, культура, лингвокультурология, наука, традиции, лингвокультурное
направление, образование.
Аннотация: В статье рассматривается связь языка и культуры, лингвокультурное направление, в
системе современного образования страны. Сегодня очень важно формирование культурной и духовной
самобытности, национальных ценностей учащегося путем изучения казахскому языку в
лингвопознавательном направлении.
Annotation: The article discusses the linguistic and cultural direction, the relationship of language and culture
in the system of modern education of the country. Today it is very important to develop a cultural and spiritual
identity, national values of a student by studying the Kazakh language in a linguistic-cognitive direction.
Keywords: language, culture, linguoculturology, science, traditions, linguocultural direction, education.
219
Қазақстанның қарқынды дамып әлем көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық болуы, Елбасы атап
көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің сапалық деңгейі мен сол білімнің қай тілде берілуіне де
байланысты. Елдің ертеңі – жастар қолында. Олардың дүниетанымы кең, ой-өресі биік, кемел ойлы,
парасатты азамат етіп өсіріп шығару үшін сапалы білім берумен қатар оларға тағылымды тәлім-тәрбие
берілуі керек. Ал өскелең ұрпаққа сапалы білім мен отаншылдық тәрбие беру тіл арқылы жүзеге асатыны
баршаға аян [1].
Кез келген ұлттың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, әдебиеті, өзіндік өркениеті қалыптасқан. Бұларды
жасаудың, сақтаудың, дамытудың бірден-бір жолы ‒ сол ұлттың тілі. Өйткені әрбір этностың тұрмыс-
тіршілігі, мәдениеті, рухани-материалдық болмысы оның тілінде бейнеленеді.
Профессор Ф.Ш. Оразбаева «Қазақ ұлтының ең құнды мұрасы ‒ сөз. Ойдың қанағаттануы,
ұшқырлануы, оқушы санасына әсер етер, жас ұрпақты толғандырар қасиеттерге ие болуы да сөз төркініне
жасырынған нұры мен шуағы, сыры мен қуаты мол ғажайып ерекшеліктерге тікелей байланысты. Сөздің
номинативтік, ауыспалы, коммуникативтік, символдық, түйіндік мағыналары қазақ халқының мақал-
мәтелдері мен жұмбақтарында, жаңылтпаштарында сақталған», ‒ дей келіп, оны оқулықта қолданудың
жолдарына тоқталады [2, 180].
Қазіргі таңда тілдің жүйесін үйретуді тілдің сөздік, грамматикалық құрылымын меңгертумен бірге
лингвомәдени табиғатын танытумен байланыстыру кең қолдау табуда. Бұл бағыт тілдік кеңістік пен
мәдениет (лингвистикалық өлкетану) бірлігін айқындап, тілді терең танымдық деңгейде оқытуға
мүмкіндік береді. Демек, оқушыға қазақ тілін мәдени танымдық бағытта оқытуда грамматикалық
сауаттылыққа мән бере отырып, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін терең меңгертуге
болады.
Тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ, ұғым-тіл-
мәдениет-өркениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөнінде танымдық мағлұмат беретін ұлттық-
мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Әр тіл – өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін,
танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта
сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет.
Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл
арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы,
жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Қазіргі қазақ тілін
оқытуда лингвомәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты
тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары
өріс алып келе жатыр.
Ғалымдардың тұжырымынша, ұлттық менталитет, ұлттық мәдениет және рухани құндылықтардың
тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі лингвомәдени бағыттың обьектісі. Осы тұжырымға сүйенсек,
лингвомәдени бағыттың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық
рухани болмысын, мәдениетін таныту болып табылады. Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның тұжырымына
сүйенсек, «сөзді, оның мағынасын оқыту барысында, сөз арқылы жеткізілер басты ұғымды, онымен
тіркесетін тілдік бірліктерді де нақтылы мысалдармен дәлелдеген тиімді» [2, 224]. Олай болса, кез келген
тілдік құбылыстың табиғатын оның заңдылықтарына сүйенумен қоса, халықтың дүниетанымы, салт-
дәстүрі, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тиіп отыр.
Тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие.
Ежелгi дәуiр адамдарының әр түрлi әлеуметтiк-тарихи кезеңдердегi өкiлдердiң айналадағы алуан түрлi
сыры туралы мифтiк бағам-пайымын‚ наным-сенiмiн көрсететiн тiл деректерi‚ кейбiр көне этномәдени
сөз қолданыстары бүгiнгi заманға халқымыздың бай ауыз әдебиетi‚ ескiлiктерi‚ көркем әдебиет
мәтiндерiндегi ұлттық-мәдени компоненттерi және т.б. шығармашылық көздерi арқылы келiп жеттi.
Өйткені тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы, ал мәдениет – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда, тіл
мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Олай болса,
антропоөзектік бағытқа сай тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа
шығару қасиеттерін лингвомәдениеттану саласы арқылы анықтауымызға мүмкіндік туып отыр.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы туралы алғаш тұжырымды айтқан В.фон Гумбольдт болатын.
В.А.Маслова өзінің зерттеу еңбегінде В.фон Гумбольдттың «тілді зерттеу арқылы адам мен ғалам
арасындағы байланысты айқындауға болады» деген пікірін негізге ала отырып, лингвомәдениеттанудың
динамикалық даму кезеңдерін былайша белгілейді:
1)
тіл мен мәдениеттің арақатынасын, астарластығын бағамдайтын лингвомәдени көзқарастардың,
лингвомәдениеттанымдық ізденістердің бастау алу кезеңі;
2)
лингвомәдениеттанудың жеке сала ретінде қалыптасу кезеңі;
220
3)
іргелі пәнаралық саланың зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен межелері, теориялық
тұжырымдары нақтыланған, лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу кезеңі [3]
В.А.Маслованың лингвомәдениеттану туралы тұжырымдары осы
саланы зерттеушілердің басты ұстанымына айналды. Қазақ тіл білімінде де тіл мен мәдениеттің, тіл
мен халықтың байланысы жан-жақты зерделене бастады. Антропоцентристік парадигма аясында тілді сол
тіл қызмет ететін ортамен, тіл иесі – халықтың сан ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келе жатқан өмірлік тәжірибесімен, рухани болмыс-бітімімен, салт-дәстүр, тарихи-
мәдени байланыстыра қарастырған зерттеу еңбектері жеткілікті. Тіл мен халық, тіл мен мәдениет, тіл мен
таным арасындағы тығыз байланыс, өзара сабақтастық мәселесін жан-жақты зерттеген интеграциялық
үрдістегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этнопсихолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты
жаңа ғылыми бағыттағы еңбектер осының дәлелі.
Ғалымдардың көпшілігі тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасын былайша дәйектейді: «тіл-
мәдениеттің негізі, құрылыс материалы» (В.Н. Топоров), «мәдениет құралы, рухтың қуаты»
(В.фонГумбольдт), «мәдениет феномені, мәдениеттің көрінісі» (В.А.Маслова) [4], «даму факторы,
тіршілік ету көзі» (К.Леви-Стросс) [5], «мәдениетке басшылық» (Э. Сепир) [6].
Ғалымдардың пікірінен, тілге мәдениет арқылы, мәдениетке тіл арқылы анықтама берген кезде
олардың бір-біріне деген тәуелділігін байқауға болады. Яғни тіл мен мәдениет − ажырамас құбылыс. Тіл
мен мәдениет генетикалық, материалдық және функциясы жағынан бірбүтін болып келеді.
Тіл мәдениеті жөнінде ғылыми-әдістемелік тұжырымдар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев,
К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, Р.Сыздықова,
Н.Уәли және т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерінен бастау алады. Тіл табиғатының қыр-сыры аталған
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Мысалы, М.Балақаев «…тілдік тәсілдердің ширау,
жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді,
фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды
ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» деп, дұрыс сөйлеуді стилистикамен сабақтастырады [7]. Ал ғалым
Н.Уәли өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы
сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу
өнеріне шыныққандық», - деп береді [9]. Тілші-ғалым Р.Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді
дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру
(морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), саутты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп
жұмсау (лингво-стилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру» дейді [8]. Тіл мен мәдениет
өзара тығыз байланысты тұтас жүйе екенін аңғардық. Мәдениет – қоғамның көрінісі, оның мәдени
тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы мол. Өйткені бір ұлттың мәдениеті екінші ұлтқа оның
тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез-келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің
өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамырын, сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық
жүріп өткен тарихын, күнделікті өмірде орныққан мәдениетін ойтанымын білуіміз қажет. Ж.А.Манкеева:
«Тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие.
Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт
тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының
көрсеткіші ретінде де танылады» деп атап көрсетті[10].
Алғашында зерттеушілер тіл – мәдениет деп қарастырса, қазір тіл – тілдік тұлға – тарих – мәдениет
айналасында жаңа қырынан зерттеу қолға алынуда. Тіл тұлға бар жерде қызмет атқарса, тарих, мәдениет
те тілдік тұлға айналасында қалыптасады. Дәстүрлі парадигмада тіл мәдениетінің тірек сөзі тілдік норма
болса, дәстүрлі емес парадигмада тілдік тұлға тірек сөзге айналады. Ал тілдік тұлға дегеніміз ‒ мәтіндерді
жасайтын, сол мәтіндерді қабылдау қабілетіне ие, мәдени кодтарды шеше алатын тұлға. Оның бастапқы
деңгейі жас ерекшелігіне танымына, білім деңгейіне байланысты болса, екінші тезаурустық қорына қарай
аялық біліміне байланысты. «Тіл мәдениеті» деген үлкен ғылыми саланың жаңа парадигмасы тұлғаның
мәдени-тілдік құзіреттілігі – ұлттық мәдениетті игеруі, тілдік қатынаста пайдаланылатын ақпаратты өзі
табуы мен қолдануы, тілдің әлеуметтілігіне қатыстыруы, өмірдің барлық саласында пайдалы өнімге
айналдыруы.
Е.М.Верещагин былайша тұжырымдайды: «Лингвокультурология ориентирована на человеческий, а
точнее на культурный фактор в языке и наязыковой фактор в человеке. А это значит, что
лингвокультурология достояние собственно антропологической парадигмы науки о человеке центром
притяжения которой является феномен культуры» [11].
Сонымен, лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны тіл мен мәдениеттің өзара әсері. Мұндайда тіл
мәдени ақпараттарды беруші құрал рөлін атқарса, ал мәдениет халықтың тарихи жады, есі болып
221
саналады. Лингвомәдениеттануға берілген айқындамалардың көптігіне қарамастан, біздіңше ғалым
В.Н.Телияның тіл мен мәдениеттің арақатынасына берген айқындамасы барынша нақтырақ көрінеді. Ол:
«Лингвокультурология новая филологическая дисциплина, которая изучает определенным образом
отобранную и организованную совакупность духовных ценностей и опыта языковой личности данной
национально-культурной общности, исследует прежде всего живые коммуникативные процессы и связь
используемых в них языковых выражений с синхронно-действующим менталитетом народа» деп жазды.
Ал, жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға көшкен қазіргі қауымдастық сипаттары ұлттық бітімді
танытатын өлшеусіз құндылықтардың бірі – төл мәдениет, екіншісі төл тіл екендігін мойындатып отыр.
Бұл қос қатар, бір-біріне ықпалдас, бірінен бірі ажырамайтын құндылықтар қазіргі қоғам талабы алға
шығарған жеке адамды (қоғам мүшелерін) тәрбиелеу, жеке адамның интеллектуалдық ой-өрісін дұрыс
қалыптастыру бағытының негізіне айналып келеді.
Сонымен тіл мен мәдениеттің байланысын лингвомәдениеттану саласы зерттейді.
Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық,
саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы
жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық
болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары
арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.
Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани
құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану
ғылымы пәніне қатысты деректер Ш.Уәлиханов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев,
Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева,
Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі [11].
Ж.А.Манкеева: «Тіл – этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті. Осыған орай,
ұлттық рухты жаңғыртып, ұлттық мәдениетті тану мен танытуда соның бір жолы тіл арқылы рухани-
мәдени мұрамызды ежелден келе жатқан тәжірибе негізінде қорытып, тарихи қызметін саралап, қайта
бағалауға бағытталған кең арналы да терең зерттеулердің қажеттілігі туындап отыр. Нақты айтқанда,
қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын бұйымның, я бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық
талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып, қалыптасатын интегралды туындының тілдегі
бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты атап қана қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық
ерекшелігіне сай туындаған бұйымды дәйектейді. Осымен байланысты тілді мәдениетке қатысты
зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметі мен дамуының этномәдени және этнопсихологиялық
факторлардың негізінде қалыптасып, сипатталатынын, өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің жаңадан
дамып келе жатқан салаларының бірі -лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану – сөздік құрамдағы
заттық және рухани мәдениет атауларының халыққа тән ерекшелігі мен ұлттық өзгешеліктерін,
лингвокультуремалардың қарапайым ауызекі тілде қолданылуын, фразеологизм бойында тұрақталуын
өзге тілдердегі ұқсас баламаларымен салғастыра отырып, синхронды немесе диахронды зерттеу.
Лтнгвомәдениеттану аспектісі рухани және заттық мәдениет атауларын, соған қатысты мәтіндер мен
дискурстарды зерттеумен шектеледі. Бұл мәдениет атаулары өзге де түркі тілдерінде қолданылуы мүмкін.
Сол қолданыстағы ерекшеліктерімен салғастырылады»,- деп түсінік береді[12].
Орыс және украин халықтарының көрнекті филолог А.А.Потебняның пікірінше, тіл аңыздар мен
әндерде, халықтың салт-дәстүрінде жарқырай көрінеді.Тіл тарихы ‒ ұлт тарихының, үздіксіз дамып келе
жатқан ой өрісі мен рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл қазақ халқының тарихы, ұлттық этникалық
ерекшеліктерін, ұлттық бітімін қайта түсініп, тереңірек бағалауға жол ашады, мәдениетті таныту арқылы
тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызмет аяларын кеңейтуге, тілге құрметті арттыруға, тұтастай алғанда,
мемлекеттік дәрежеде атқарылуына үлес қосады.
Тіл мәдениетпен байланысады және мәдениет арқылы түрленеді. Тіл мәтіндер арқылы мәдениетті
жасаудың, дамытудың және сақтаудың құралы және ол мәдениеттің бір бөлігі. Себебі тіл арқылы рухани
мәдениеттің күнделікті өмірде қолданысқа ие болатын түрлері жасалады[13].
Сонымен лингвомәдениеттану лингвистика мен мәдениеттану мәселелерінің тоғысуы негізінде
қалыптасып, сол тіл арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, олардың қолданылу жүйесін
зерттейтін, өзіндік мақсат-мүддесімен, әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің саласы.
Қазақ халқының тарихи, мәдени, рухани, қоғамдық-саяси жүйесі туралы ерекшеліктерді терең
меңгеруге негізделген лингвомәденитанымдық бағыт пайда болды.
Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, халықаралық байланыстар ретінде қазақ тілін танымдық
бағытта оқытудың түрлі тәсілдерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан да қазақ тілін
лингвомәденитанымдық бағытта оқыту арқылы оқушының мәдени, рухани тұлғасын қалыптастырып,
ұлттық құндылықтарды игерте білудің маңызы зор.
222
Достарыңызбен бөлісу: |