Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет5/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277
Байланысты:
1 2019

ӘӨЖ 378(063) 
ҚБЖ  74.58  
 
 
ISBN 978-601-298-840-6 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
©Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2019 



ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ 
 
Т. Балықбаев  
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық  
университетінің ректоры  
 
 
 
 
Қымбатты Фаузия Шәмсиқызы! 
 
Сізді,  өзіңізді,  ерекше  қадірлейтін  ұжымыңыз  –  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің  атынан  және  өз  атымнан  мерейлі  белесіңізбен,  адал  еңбекпен  жеткен  абыройлы 
асуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. 
Құрметті  Фаузия  Шәмсиқызы!  Білім  беру  саласында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімінен 
басталған өмір белесіңіз қазақтың үлкен  білім шаңырағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық 
университетінің  проректоры  лауазымына  дейін  жалғасып  жатыр.  1996  жылдан  2014  жылға  дейін  осы 
университеттің  қазіргі  қазақ  тілінің  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  меңгерушісі  қызметін 
атқардыңыз.  Бүгінде  университет  жанындағы  «Латын  әліпбиін  үйрету  бойынша  оқу-әдістемелік 
орталықтың» директоры болып, жаңа істің басында жүрсіз. 
 
Еліміз  тәуелсіздік  алған  кезеңде  «Қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі»,  «Орыс  тілі  теориясы  мен 
әдістемесі»  мамандықтары  бойынша  филология  (10.02.02.)  және  педагогика  (13.00.02.)  ғылымдарының 
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі мамандандырылған диссертациялық кеңестің, ал бүгін жаңа 
үлгідегі  PhD-философия  докторы  дәрежесін  беру  жөніндегі  Диссертациялық  кеңестің  төрағасы  болып 
отырсыз. Осы Кеңестер арқылы жүздеген ізденушілердің ғылымға қанат қағуына дәнекер болып келесіз. 
Өзіңіздің ғылыми мектебіңізді қалыптастырдыңыз. 
 
Қадірлі  Фаузия  Шәмсиқызы!  Сіз  –  біздің  оқу  орнының  ғана  емес,  отандық  әдістеме  ғылымының 
көшбасында тұрған танымал тұлғасыз, қазақ тілін қадірлейтін педагог жұртшылықтың ыстық ықыласына 
бөленген, ғибраты мол ғалымсыз, өнегесі өрісті зерттеушісіз. Сіз еңсерген биіктер, бағындырған белестер, 
қол  жеткізген  жетістіктер  кез  келген  жан  қызығардай  тағылымды.  Бүгінде  Сіз  –  қасиетті  қазақ  тілінің 
дамуына,  оның  өсіп-өркендеуіне,  ғылыми  негіздерінің  тереңдеуіне,  ең  бастысы,  өзінің  мемлекеттік 
мәртебесіне  сай  қолданылуына  бар  саналы  ғұмырын  арнаған,  «туған  тілін  тұмарына»  балаған  аяулы 
ғалымдардың  легін  бастап  келесіз.  Осы  ұлы  жолда  ұлтымыздың  ұлық  тұлғаларының  аманатына 
адалдығыңызды  таныттыңыз,  олардың  ізгі  істерін  жалғастыруда  ізденістен  танбайтын 
табандылығыңызды көрсеттіңіз. 
Сіздің тілдік  қатынас теориясының тереңге кеткен тамырын айқындап, оның «адамдық қатынастың 
түп қазығы» екенін жүйелі дәйектеуіңіз әдістеме ғылымында тың да қуатты серпілістер тудырып, қазақ 
тілін оқыту жүйесіндегі соны соқпақтың, тың бағыттың іргетасын қалады. Сіз тілді игерудің халықаралық 
үлгілері мен Европалық тілдік эталондарын және әлемдік кеңістіктегі тілдік білімді  бағалау жүйелерін 
ескере отырып, мемлекеттік тілді игерудің Қазақстандық үлгісін ұсындыңыз. Ел тарихында тұңғыш рет 
қазақ тілін көпсатылы деңгейде игерудің, үйренудің әдістемелік жолын жүзеге асырдыңыз. Сіздің тікелей 
басшылығыңызбен  «ҚАЗТЕСТ»  жүйесі  бойынша  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілін  өз 
бетінше оқып-үйренуге бағытталған 36 кітаптан, 6 электронды оқулықтан тұратын оқу-әдістемелік кешен 
дайындалды.  
Отандық үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлік оқытудың тұңғыш 
Концепциясын,  Білім  стандартын, Типтік  оқу  бағдарламасын  түзген,  1-11-сыныптарға  арналған  «Қазақ 
тілі»  пәнінің  оқулықтары  мен  67  аталымнан  тұратын  оқу-әдістемелік  кешендерін  даярлаған 
шығармашылық  топтың  жетекшісі  болдыңыз.  Қазіргі  кезеңде  білім  жүйесіне  енген  жаңартылған  оқу 
бағдарламасы  бойынша  2-11-сыныптарға  арналған  «Қазақ  тілі»  оқулықтарын  дайындау  тобының 
жетекшісі ретінде өз идеяларыңыздың жаңа аспектіде жүзеге асуына қызмет етіп келесіз. 
Құрметті Фаузия Шәмсиқызы! Осы мерейтойыңыздың қарсаңында ғылыми еңбектеріңіздің 5 томдық 
жинағы  жарық  көрді.  Бұл  Сіздің  сапалы  да  салиқалы  зерттеулеріңіздің  құндылығы  мен  өміршеңдігін 
танытады. Бүгінгі асқаралы өмір белесіңізде қоғам және мемлекет қайраткері Нұрлан Оразалин ағамыз 
екеуіңіздің шаңырағыңызға шаттық, амандық тілейміз. Шығармашылық әлеміңіздің өрісі кеңейе берсін 
дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет