Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет68/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
 
ФАУЗИЯ ОРАЗБАЕВАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МӘТІНДІ ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІК 
РЕТІНДЕ ТАНУ ЖАЙЫНДА 
 
Базарбаева З.М.   
А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институтутының  
бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор 
                                                                   
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі 
 
Көрнекті  ғалым,  ұлағатты  ұстаз  – ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  Халықаралық  Педагогикалық 
білім  беру  Академиясының  академигі,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  педагогика 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  бірінші  дәрежелі  сыйлықтың 
лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 
шығармалар жинағының бесінші томы «Деңгейлік қазақ тілі» деп аталады. 
Бұл  томда  «Мәтінді  қатысымдық  бірлік  ретінде  тану»  деген  тарау  бар.  Бұнда  мәтінге  мынадай 
түсініктеме  берілген:  «Мәтін  –  ойлау,  хабарлау,  баяндау,  қабылдау,  пайымдау  құбылыстарымен 
байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын жүйелі қатысымдық 
бірлік.  Мәтін  жазба  түріндегі  сөз  актісінің  коммуникативті-прагматикалық  көрсеткіші  ретінде 
қабылданады»  делінген.  Бұл  терең  және  кең  анықтама  мәтіннің  суперсегментті  ерекшеліктеріне  де 


63 
қатысы бар. Сөйлеу тілінде бір ойды жеткізу үшін тілдік құралдармен бірге басқа да амал-тәсілдер 
орын алады. Бұлар кез келген тіл жүйесінің сегменттік деңгейінің үстінен келіп, сонымен қатарлас 
іске асатын және автономды түрде қарастырылатын суперсегменттік деңгей.  
Соңғы  кезде  тіл  білімінде  сөйлем  шеңберінен  тысқары  жатқан  сөз  дердің  күрделі  тізбектері, 
оларға синтаксистік және лексикалық талдау жасаумен қатар, олар фонетикалық тұрғыдан да  жан-
жақты  қарастырылып,  лингвистикалық  зерттеу  нысаны  ретінде    жиірек  көзге  түсе  бастады.  Осы 
орайда жеке дара алынған сөйлемнен басқа біртұтас көлемді мәтіндерді зерттеуге қарай ауысу үрдісі 
интонология саласында да кеңінен орын ала бастағаны байқалады. Тілтанымдағы қарқынды дамып 
келе  жатқан  бұл  бағыт  интонация  құбылысының  функционалды  мүмкіншіліктерін  тереңінен 
зерделеп,  оның  болмысын  мазмұн  межесінде  айқындап-анықтауға  жол  ашылды.  Сондай-ақ 
интонацияның  да  мағыналық  жағын  қарастыратын,  оның  атқаратын  қызмет  потенциалын 
айқындайтын  интонациялық  зерттеулерде  мәтінді  бүтін  объект  ретінде  қамти  қарауға  болатыны 
анық. Себебі жеке сөйленімді талдаудан мәтінді талдауға көшу просодикалық тәсілдердің қызметтік 
дәрежесін зерттеу мүмкіншіліктерін кеңейтеді.  
Ф.Оразбаеваның  айтуынша,  «мәтін  құрамында  сөйлеушінің  діттеген  мақсатына  сай  жүйелі  ойға 
құрылған бірін-бірі толықтырып отыратын сөйлемдер болады. Оларды мағыналық және құрылымдық 
жақтан тығыз байланысқа түскен, мәтін құрамындағы коммуникативтік компоненттер деп танимыз. 
Олар  –  коммуникацияның  белсенді  қатысушылары  –  адресант  пен  адресаттың  арасындағы 
коммуникация  үдерісін  жан-жақты  жүзеге  асырушылар».  Рас,  қазіргі  тіл  білімінің  гуманитарлық, 
адам  факторына  бағытталғанда,  мәтінді  адамдар  қарым-қатынасындағы  коммуникативтік  құралы, 
адресант пен адресаттың сөйлеу қызметінің нәтижесі ретінде қарастыруы құнды болмақ. Осы орайда, 
сөйлеушінің  алдына  қойған  коммуникативтік  ниеті,  сөйлемнің  мазмұны,  сөз  түзуші  пен  тұтынушы 
туралы мәліметтер просодикалық құралдар арқылы көрінеді.  
Сөйлеу  процесінде  тілдік  бірліктер  интонация  компоненттері  көмегімен  бір-бірімен  әрі 
мағыналық, әрі синтаксистік байланысқа түсіп, сөйлеушінің ой-пікірін жеткізеді. Сөйлеу процесінің 
жемісі  ретінде  мәтін  ниет  білдіруші  мен  қабылдаушының  қарым-қатынасын  көрсетіп,  белгілі  бір 
оқырман  қауымға  бағытталады.  Мәтін  құрамындағы  коммуникативтік  компоненттер  өзара  бір-
бірімен  байланысып  бір  ойды  білдіреді.  Мәтіннің  мүшелену  нәтижесінде  оның  сегментті  және 
суперсегментті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. 
Мәтінді  сегментке  мүшелеуде  оның  қандай  бірліктерге  бөлінетінін,  олардың  өзара  қалай 
байланысатынын,  мәтін  құрамында  орналасу  ретін,  просодикалық  тәсілдердің  қайсысы  айырықша 
қызмет атқаратынын байқауға болады. Интонация қызметін айқындау жолында мәтін интонациясын 
зерттеу нәтижелі болуы ықтимал.  
«Мәтін  жазба  түріндегі  сөз  актісінің  коммуникативті-прагматикалық  көрсеткіші  ретінде 
қабылданады.  Мәтін  –  арнайы  өңделіп,  тілдік  норма  заңдылықтарын  сақтап,  белгілі  бір  мақсатқа 
бағыттылған  тілдік  әрекеттің  жемісі»  дейді  Оразбаева.  Ғалымның  бұл  пікірі  мәтін  интонациясына 
қатысты.  Просодикалық  тәсілдер  мәтіннің  (дискурстың)  прагматикалық  аспектісін  күшейтіп, 
семиологиялық  тұстан  релевантты  болып,  мағына  ажыратушы  қызмет  атқаратыны  байқалады. 
Сөйлеу  тілінде  көрініс  табатын  интонация  мен  прагматика  бір  бірімен  тығыз  байланыста  болып, 
адамның  ойын,  ниетін  сыртқа  шығарады.  Интонация  прагмалингвистиканың  нақ  өзегінде  тұрып, 
оның  негізгі  көрсеткіші  болып  табылады.  Мәтіннің  суперсегменттік  деңгейінде  зерттелуі  оның 
прагматикалық  қырларын  ашып  беруге  және  спонтанды  (дайындықсыз)  сөйлеу  үлгісіндегі 
дискурстың психолингвистикалық, социолингвистикалық қырларын зерттеуге жол ашады.   
Автордың «мәтінің құрамындағы коммуникативті компоненттер сөйлеу жағдаятында бар шынайы 
дүниенің  объектілері  туралы  ақпаратты  жеткізіп,  сөйлесім  мазмұнын  шындық  болмысқа,  уақытқа, 
оқиғаға,  жалпы  әлеуметтік-саяси,  тарихи-мәдени,  ғылыми  жағдаяттарға  т.б.  қатысты  баяндайды, 
хабарлайды»  деген  сөзі  де  тілдің  просодикалық  деңгейінде  көрініс  табады.  Мәтін  мағынасын 
көрсететін просодикалық тәсілдердің келесі қызметтерін белгілеуге болады: интонация мәтінді бүтін 
объект  ретінде  біріктіреді,  оны  белгілі  стиль  мен  жанрдағы  мәтіндермен  салыстыруға  мүмкіндік 
береді, сонымен қатар басқа мәтіндерден ерекшелендіреді, оны мағыналық бөлшектерге бөліп, мәтін 
бөлігін  маңыздылығына  және  информациялық  сапасына  қарай  қарастырады;  интонация  ғана 
сөйленімді синтагмаларға бөліп, оның ішіндегі сөздерді мағынасына қарай әрбір сөйлем мүшелерінің 
айналасына топтастырады.  
Сөйлеу  тiлiнде  функциональды  мазмұнға ие  болатын  ең  маңызды  шағын  өлшем  синтагма  екені 
белгілі.  Ең  шағын  синтаксистiк  мазмұнды  сөз,  сөз  тipкесi  және  сөйленім  синтагма  түрінде 
интонациялық  фоpмаға  ие  болады.  Синтагмалаp  -  үлкендi-кiшiлi  паузалаpмен  бөлiнетiн  тiлдiң 
интонациялық  мазмұндық  үзiндiлеpi  pетiнде  жай  сөйленімде,  жайылма  сөйленімде,  құpмалас 


64 
сөйленімде, сондай-ақ  бip тақыpыпты күpделi синтаксистiк тұтастықтарда да бip сөздi де, сөйленім 
немесе сөз тіркестерін де  қамтып интонациялық жүйеге бағындырып  ұстап тұpатын тәсiл деп айтуға 
болады. Сол бipнеше синтагмадан тұpатын мәтін интонациясын құбылтып,  түpлiше мән беpiп оқыса, 
ондағы  сөздеp  интонация  аpқылы  түрліше  топталуының  арқасында  шекаpасы  өзгеpiп,  басқаша 
стилистикалық  мағынаға  да  ие  болып  кетуi  мүмкiн.  Ең  шағын  семантикалық-интонациялық  үзiк 
болып саналатын  синтагмалардың қатып қалған қалпы жоқ. Олаpдың түpлеpi, мазмұны, көлемi әp 
түpлi  болады.  Әдетте  бip  синтагма  бip  ырғақты  топпен  үйлесiп  тұрса,  кейде  бipнеше  ырғақты 
топтаpдан  тұpады.  Ырғақты  топтаpға  кipген  сөздеp  бip  интонациялық  құрылым  түзеді  де,  ондағы 
ырғақты екпiн осы топтағы бір сөзге түсiп тұpақты оpынға ие болады. Ырғақты екпiннен басқа (бip 
сөз тобы мен  екiншi сөз тобының жiгiн ажыpататын) мәтін ішінде  ой екпiнінің мәні зор. Ой екпіні 
сөйлемдегi  бip  сөздiң  мәнiне  айpықша  көңiл  аудаpып,  оны  күшейтiп  тұpады.  Ой  екпiні  сөйлемнiң  
мазмұнымен және сөйленімдi актуалды мүшелеpге (тема-pема) бөлінуiмен тығыз байланысты. Қазақ 
тiлiндегi  сөйленімнiң  актуалды  мүшеленуінің  ең  басты  көpсеткiштеpiнiң  бipi  оның  интонациялық 
сызығы, интонациялық  сипаты  болса,  екiншi  көpсеткiшi  оның  сөздеpiнiң  кідіріспен  екi  синтагмаға, 
яғни тема мен pемаға бөлінуі. Сөйленімнің актуалды мүшеленуімен байланысты аса көңіл аударатын 
жағдай, оның жаңа, яғни актуалды информациясы ремасындағы ой екпіні түсетін сөзінде болып, ал 
ол  сөздің  әрқашан  баяндауышқа  қарай  жылжып  барып,  тікелей  соның  алдына  орналасуы. 
Сөйленімдегі кідіріс арқылы бір бөлек топтасатын сөздердің қай синтагмаға жататындығын, яғни ол 
сөйленімді  аяқтайтын  соңғы  синтагма  ма,  әлде  олай  емес  пе  –  осының  бәрін  мәтіндегі  интонация 
арқылы  білуге  болады.  Сөз  актісінің  тоқтауын,  ой  тынысын  уақытқа  қатысты  интонациялық 
параметрлермен бірге әуеннің кенет өзгеруі (сынуы) де көрсете алады.  
«Мәтінде  қарапайым  ортадағы  күнделікті  сөйлеу  тілінен  бастап,  пайымдау,  зерделеу  сатысынан 
өткен, философиялық ой, түйінделген пікір және сөйлеу тілі заңдылықтары қамтылады. Мәтін сөйлеу 
актісіне қатысты барлық тілдік бірліктер мен элементтерді өзіне жинақтаған – қатысымдық бірлік» 
деп  ғалым  мәтін  ұғымын  нақтылай  түсіндіреді.  Мәтін  сегменттерге  мүшеленгенде  интонацияның 
компоненттері бір-бірімен күрделі  қатынасқа түсіп, алынған бірліктердің мазмұны мен тұрпатымен 
қатар,  олардың  ара-қатысын  да  сипаттап  бере  алады.  Сонымен  тiлдiң  басқа  элементтеpiмен 
салыстыpғанда  интонацияның  өзiне  ғана  тән  қасиеттері  мен  еpекшелiктерi  баp.  Сөйлеу  тіліндегі 
сөйлемдердің  мағынасына  байланысты  интонацияның  адамдардың  қарым-қатынасындағы  алатын 
орны да ерекше екені белгілі.  
Мәтін  аумағында  интонациялық  құралдың  қызметін  талдау,  оның  интонациялық  және 
семантикалық  сипаттамаларының  ара  қатынасын  белгілеу,  мәтіннің  семантикалық  дәрежесін 
көрсетуде  интонацияның  ролі  ерекше,  себебі  ол  интонациялық  өлшемдер  мен  басқа  тіл  өлшемдері 
арасында  өзара  әсер  түрінің  тереңдігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ  интонациялық 
бірліктер  басқа  да  тіл  бірліктерінің  байланысын,  бір-біріне  қатысын  жеткілікті  түрде  көрсетіп  бере 
алады.  Сөйлеу  барысында  лексика-грамматикалық  тәсілдермен  бірге,  ал  кейде  жаңғыз  өзі-ақ  сөз 
мазмұнын,  тіл  бірліктерінің  мағыналық  ара-қатынасын  жеткізе  алады.  Мәтін  деңгейінде 
просодикалық тәсілдерді талдау барысында жаңа нәтижелерге жетуге болады. 
Ғалымның  келесі  тұжырымдамалары  мәтін  интонация  қызметін  толық  көрсетеді:  «Айтылым 
нормасы  сөйлеу  актісін  жүзеге  асыра  отырып,  коммуникативтік  мақсатқа  жетуге  жол  ашады. 
Айтылым  нормасын  локутивті  акт  аясында  саралайтын  болсақ,  оның  негізгі  қызметі  – 
қабылдаушының  санасы  мен  әрекетіне  ықпал  ету  және  сезіміне  әсер  ету.  Дәлірек  айтатын  болсақ, 
локутивті  акт  ерекшелігі  –  мәтін  құрамындағы  компоненттердің  коммуникативтік  жағдаятқа  сай 
дұрыс  іріктелуі,  дұрыс  байланысуы,  қатысымдық  бірліктердің  интонациялық  тұрғыдан  логикалық-
мағыналық  тұтастыққа  ие  болуы.  Сонда  ғана  мәтін  құрамындағы  тілдік  бірліктер  сөйлеу  актісінің 
мазмұндық межесін, діттемін нақты анықтай алады. Нәтижесінде мәтін құрамындағы тілдік бірліктер 
мен элементтер коммуникативтік компоненттке айналады» дейді ғалым. Мәтін интонациясының тағы 
бір қызметі – фраза арасында байланыс құралы болып, тыңдаушыға әсер береді. Бұнда адамдардың 
түрлі  ой-сезімін,  оның  құбылуын,  өзгеруін  білдіреді.  Сөйлеу  тіліндегі  интонацияның  жазба 
мәтіндерде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп 
оқу  да тек  қана оның интонациясына байланысты болады. Егерде мәтіннің интонациясын өзгертіп, 
яғни қатар тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты  кідірісін жылжытса, оның 
стилистикалық реңкі ғана емес сөздерінің грамматикалық мағынасы мен жалпы мазмұны да өзгеріп 
кетеді. Сондықтан итонацияны біз көп функциялы, көп қыpлы, күpделi құбылыс дейміз. 
«Мәтінді  дауыстап  айту  барысында  интонация  қаншалықты  дұрыс  қойылса,  мәтінді  жазба  тіл 
арқылы қабылдағанда да дәл   сол айтылым нормасы басшылықа алынады. Айырмашылығы – мәтін 
мазмұнын  айтылымда  басқа  біреудің  айтуымен  (дауыстаумен)  қабылдаймыз,  жазылымда  әр  адам 


65 
өзінің  ішкі  дауысымен  қабылдайды.  Сондықтан  айтылым  нормасы  жазба  тілге  де,  ауызша  сөйлеу 
тіліне  де  ортақ  болады»  дей  отырып,  ғалым  интонацияның  және  просодикалық  құралдарының 
функциясына  назар  аударады.  Сөйлеу  процесінде  тілдік  бірліктер  интонация  компоненттері 
көмегімен  бір-бірімен  әрі  мағыналық,  әрі  синтаксистік  байланысқа  түсіп,  сөйлеушінің  ой-пікірін 
жеткізеді.  Сөйлеу  процесінің  жемісі  ретінде  мәтін  ниет  білдіруші  мен  қабылдаушының  қарым-
қатынасын көрсетіп, белгілі бір оқырман қауымға бағытталады. 
Интонациялық құралдардың функционалдық потенциялы лингвистикалық талдау жұмыстарының 
оқшау  түрде  алынған  айтылымнан  біртұтас  байланысты  мәтінге  көшуі  барысында  кеңейе  түседі. 
Просодикалық  құралдар  қызметінің  мәтін  лингвистикасы  аясында  қарастырылуы  мәтіннің  немесе 
жеке бір айтылымның интонациялық құрылымының оларды құрайтын элементтердің интонациялық 
көріністеріне  тигізетін  әсері  мен  мәтіннің  семантикалық  және  прагматикалық  ұйымдасуындағы 
просодикалық  тәсілдердің  ажыратушы  қызметін  анықтауда,  интонация  ерекшеліктерінің 
фразааралық  байланыстардың  іске  асуындағы  қызметі  мен  сөз  үзіктерінің  ақпарат  жеткізудегі 
маңыздылық  дәрежесін  жіктеп  сипаттауда,  сондай-ақ  адамға  эстетикалық  тұрғыдан  әсер  ету 
функцияларын саралап көрсетуде септігін тигізеді.  
Сонымен,  Ф.Оразбаеваның  мәтінге  арналған  еңбектері  қазіргі  ғылымның  әр  алуан  салалары  – 
интонология,  коммуникация  теориясы,  сөйлеу  әрекеті,  психолингвистика,  прагмалингвистика 
бағыттарының дамуына жол ашады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет