Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ АСПЕКТІДЕ ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет69/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277
Байланысты:
1 2019

 
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ АСПЕКТІДЕ ЗЕРТТЕУ  
 
Шалабай  Б. 
 
филология ғылымдарының докторы, 
                                                               
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 
мемлекеттік университетінің профессоры 
 
 
Тіл  ғылымында  соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  тілдегі  "адам  факторы"  өзектене  түскені 
белгілі, осыған байланысты "тілдік тұлға" мәселесі қазіргі таңда ерекше зерттеу нысанына айналып 
отыр.  
 
Антропоөзектік  парадигмада  "тілдік  тұлға"  түсінігі  мен  оның анықтамасының  пайда  болып, 
оның  зерттеу  қағидасы  мен  теориясы  орыс  тіл  білімінде  жасалғанымен,  "тіл  және  адам"  мәселесі, 
тілдің қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы ұлтпен байланыстылықта зерттеу идеясы тіл білімінде 
барлық  кезеңдерде  де  болды.  Еуропа  тіл  білімінде  бұл  теорияның  пайда  болуының  тарихи 
алғышарттары  тілдің  әлеуметтік  табиғаты,  тіл  мен  сөйлеудің,  жеке  адам  мен  ұжым  тілінің  ара 
қатынасы (В.Гумбольт, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр т.б.) туралы мәселелердің қозғалуымен 
сипатталады.  В.А.Маслова:  "Тілдік  тұлғаға  алғаш  бетбұрыс  жасалуы  неміс  ғалымы  Й.Вайсбергтің 
есімімен байланысты, ал орыс тіл білімінде алғашқы қадамды тілдік тұлғаны зерттеудің екі жолын, 
яғни автор тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы арқылы шығу жолдарын көрсетіп, В.В.Виноградов жасады" 
[1; 118], – 
дейді.  
 
В.В.Виноградов  "тілдік  тұлға"  мәселесін  қазіргі  кездегідей      сан-алуан  аспектіде 
(психолингвистикалық,  когнитивтік,  лингводидактикалық  т.б.)  емес,  тек  бір  ғана  мәселені  шешу 
үшін: "көркем әдебиет тілі" сияқты өте күрделі, сан қырлы құбылыстың сырын ашу үшін, оның дара 
тілдік  құрылымын  зерттеу  үшін  пайдаланды.  Ол  көркем  шығармашылықтағы  "көркем  –  тілдік 
сананың", яғни сөйлеуші не жазушы тұлғаның бейнесінің жасалу тәсілдері туралы мәселе көтерді. 
 
 
Ғалым  пайымдауынша,  көркем  шығарманы  тілдік  ұйымдастырудың  жалпы  жүйесінде  және 
өзінің  көркем-дара  әлемін  бейнелеу  тәсілдерінде  ғана  жазушының  сырттай  алғанда  көрінбейтін 
"бейнесі" сомдалады [2]. 
 
Ол шығармадағы "тілдік тұлға", "көркем бейне", "автор бейнесі" және олардың ара қатынасы, 
өзара әсері туралы мәселе қояды. 
 
Бұл жерде ескеретін жай: көркем шығармадағы автордың "тілдік тұлғасы" мен "автор бейнесі" 
бір нәрсе емес, екеуі екі басқа дүние: тілдік тұлға – лингвистикалық категория болса, автор бейнесі – 
стилистикалық категория. 
 
Тілдік тұлғаны қарастыратын аспектілердің ішінде біз оны қатысымдық аспектіде, нақтырақ 
айтсақ, қазіргі қоғамымыздағы  "қатысымдық тұлға" мәселесі тұрғысынан алып сөз етпекпіз. Өйткені 


66 
ол  қазіргі  қоғамымыздағы  өткір  мәселелердің  қатарында  тұр  десек  те  болады.  Тілдік  тұлғаны  тек 
теориялық тұрғыдан емес, практикалық тұрғыдан да қарастырудың қажеттілігі сезіледі.  
 
В.И. Карасик қатысымдық тұлғаны "тілдік-мәдени және қатысымдық құндылықтарды, білім 
мен ұстанымдарды ұстанушының жалпы бейнесі" [3] деп анықтайды.  
 
Қазіргі әлемдік жаһандану үдерісі қарқын алған тұста, жеке тұлғалар арасындағы, ұлттар мен 
ұлыстар арасындағы, демек, әртүрлі мәдениеттер арасындағы қарым-қатынас күшейген кезде, тілдік 
тұлғалар  арасындағы  қарым-қатынас  мәселесі  алдыңғы  орынға  шығады.  "Тіл  табысуды"  қазіргі 
қоғамдағы күрделі категориялардың бірі деп қарауға болады. 
 
ХХ ғасырға дейін қазақ қоғамы негізінен бір тілді қоғам болып келсе, ХХ ғасырда – кеңестік 
кезеңде қос тілді қоғамға айналды, ал ХХІ ғасырда үштілді немесе көп тілді қоғамға бет бұрдық. 
 
Тілші  қауым,  әсіресе,  әлеуметтік  лингвистика  өкілдері  үшін  зерттеуге  тұрарлық  қызықты  
құбылыстар қалыптасып отыр: бізде таза қазақ тілді орта, таза орыс тілді орта және аралас тілді орта 
да бар. 
 
Осы құбылысты зерттеп, болашақ ұрпағымыздың қойыртпақ
 
тілді тұлғаға айналмауы үшін не 
істеу керек? Оларды өзінің тарихи ұлттық-мәдени тамырынан ажыратып алмай, бірақ қазіргі барлық 
озық  технологияның  жетістіктеріне  сусынын  қандырып,  жан-жақты  дамыған  көп  тілді  тұлғаны 
қалыптастыру үшін қандай жолмен жүрген дұрыс болады? Бұл жөнінде ғалымдар тарапынан болсын, 
жалпы жұртшылық тарапынан болсын айтылып, жазылып жүрген пікірлер, ұсыныстар аз емес. 
 
Солардың ішінде, ең негізгісі бастауыш сыныптарда білімді ана тілінде алу, ана тілінде оқыту 
мәселесі  дер  едік.  Бұл  жөнінде  алғашқы алаш  білімпаздарынан  бастап  осы  күнгі  оқыту,  білім  беру 
жүйесінде  жұмыс  істеп  жүрген,  сол  салада  зерттеу  жасап  жүрген  мамандарымызға  дейін  барлығы 
ортақ  бір  пікірде.  Ол  –  көп  тіл  білу  ана  тілі  есебінен,  ана  тілін  құрбандыққа  шалу  есебінен 
жүргізілмеуі тиіс. Керісінше, басқа тілдерді меңгеру тек ана тілі негізінде жүргізілуі тиіс. Бала алғаш 
тілі шыққан кезден бастап ана тілін толық меңгергенге дейін өзге тілді араластыруға болмайды. "... 
Сондай кемшілік болмас үшін, – дейді А.Байтұрсынұлы, – бар жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, 
өз  тілінде  жазу-сызу  үйретіп,  өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытып,  балалар  әбден 
дағдыланғаннан кейін, басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақтауын тілесек, өзгелерше 
әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс" [4].  
 
Қазақстан  Педагогикалық  ғылымдар  академиясының  президенті  Асқарбек  Құсайынов 
еліміздегі  біраз  жылдан  бері  үш  тіл  қатар  оқытылып  келе  жатқан  мектептерде  әлеуметтік  зерттеу 
жүргізудің  нәтижелерін  былай  қорытындылайды:  "...  ұстаздардың  83,9  пайызы  оқушыларға  үш  тіл 
оқытқанда,  олардың  үш  тіл  меңгеру  деңгейі  төмендейтінін"  ашық  жазды.  Балалар  тілдерді 
шатастырып  сөйлегенде,  өздері  де  оған  мән  бермей,  үш  тілді  қосып  сөйлеу  фактілері  кездесетінін 
айтыпты.  
 
Мұғалімдер  көптеген  қазақ  балалары  қазақ  тілін  нашар  білетінін,  бәрі  дерлік  орыс  тілінде 
жақсы сөйлейтінін айта келе, 1 сыныпта тек қазақ тілін ғана оқыту керек деп жазыпты. Орыс тілін 2 
немесе  3  сыныптан  бастап  оқытып,  ал  ағылшын  тілін  6  сыныптан  бастап  қазақ  тілі  негізінде 
интенсивті  түрде,  яғни  аптасына  3-4  сағат  көлемінде  үйрету  керек  деген  ойларын  жеткізіпті. 
Ағылшын тілі  осылай оқытылатын болса, 2-3 жылда барлық бала оны жақсы үйреніп шығатынына 
сенім білдіреді [5].  
 
Ғалым Шанхай (Қытай), Сингапур, Гонконг (Қытай), Финляндия, Оңтүстік Корея, Жапония, 
Канада  сияқты  озық  елдерде  ғылыми  негізде  дайындалған  білім  беру  саясаты  іске  асырылатынын 
айтады.  Олардың  басты  мақсаттары:  ана  тілін  сақтай  отырып,  ұлттық  ерекшелігі  мен  дәстүрлі 
мәдениетінен ажырамаған, рухани бай адам тәрбиелеу. 
 
Қазіргі  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балаларды  оқытып  тәрбиелеуде  ұлттық 
ерекшеліктерге сай оқыту механизмін жасау күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы орайда, біздің 
ата-бабаларымыздың  жадының  мықты  болу  себебі  әжелеріміздің  немерелеріне  ертегі  оқып, 
аталарымыздың  жырды  жатқа  айтуынан  екенін  еске  сала  кетсе  орынды.  Бесіктен  бесік  жырын 
құлағына  сіңірген  сәбиге  өсе  келе  санамақ  айтқызды,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  жыр  жаттаттырды, 
олардың өмірі күнделікті өмірмен сабақтасып қатар дамыды.  
 
Баланы  ерте  жасынан  қостілділікке,  көптілділікке  үйрету  оның  толыққанды  жеке  тұлға 
ретінде қалыптасуына қаншалықты зиян екені ғалымдар тарапынан, зиялы қауым өкілдері тарапынан 
айтылудай-ақ  айтылып  келеді.  Әлеуметтік  тұрғыдан  тілдерді  көптен  зерттеп  жүрген  ғалым 
Э.Д.Сүлейменованың пікірін келтірейік: "В науке пока не получено достоверных данных, которые бы 
свидетельствовали  благоприятном  или  отрицательном  влиянии  раннего  двуязычия  на 
интеллектуальное  и  эмоциональное  развитие  ребенка.  Однако  сам  факт  зависимости 
интеллектуальной  и  эмоциональной  сферы  от  родного  языка  не  вызывает  сомнений.  Все  большее 


67 
число лингвистов и педагогов склоняется к мысли, что ребенок должен сначала овладеть семантикой 
родного языка, осуществлять познание мира, учиться ориентироваться в его сложном многообразии с 
помощью  родного  языка.  Исключительна  роль  родного  языка  в  духовном  развитии  ребенка. 
Формирование  языковой  личности  как  истинно  национального  феномена  возможно  при  полном 
погружении  в  родной  язык,  именно  с  его  помощью  осуществляется  сложное  взаимодействия 
национально-культурных традиций, этнопсихологических особенностей склада народа, приводящих 
к  формированию  национального  характера.  Без  погружения  в  стихию  родного  языка,  без  знания 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет