81
Көріп отрығанымыздай, Ю.В.Фоменконың ойынша, тек «сөз» ғана ең басты тілдік тұлға
болып табылады.
Ал қазақ тіл ғылымында К.Аханов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, Ә.Болғанбаев, С.Исаев сияқты
ғалымдар фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік тұлғаға жатқызады.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева осы тілдік тұлғаларды тілдің құрылымдық бөлшектері деп таниды.
Себебі, ғалымның ойынша, осы аталған тұлғалардың біреуі өз орында тұрмаса немесе мүлде болмай
қалса, тіл өз мақсатына жете алмайды. Сондықтан адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр тұлғаның
өзіндік мәні бар. Мәселе осы тұлғалардың қайсысы қай дәрежеде қолданылуына байланысты. Рас, сөз
–
барлық тілдік тұлғалардың кіндігі тәрізді, оған тілге және тілдік қатынасқа қажет қасиеттердің
көпшілігі тән [1, 60].
Әрі ғалым осы ойын А.И.Смирницкийдің: «...слово выступает как необходимая единица языка
и в области лексики, словарного состава и в области грамматики, грамматического строя, и поэтому
слово должно быть признано вообще основной языковой единицей, все прочие единицы языка.
Например, морфема, фразеологические единицы, какие-либо грамматические построения так или
иначе обусловлены наличием слов и, следовательно, предполагают существование такой единицы,
так слово», – деген ойымен дәлелдейді [4, 11 ].
Тілдік қатынаста «сөз» жеткізілер ойдың мазмұны, ұйытқысы ретінде маңызды рөл атқарады,
бірақ сөз жеке тұрып тіл бола алмайды және басқа сөздермен дұрыс байланыспай адам ойын жеткізе
алмайды. Әсіресе, қазақ тілінде және басқа жалғамалы тілдерде байланысу тәсілдері, байланысу
түрлері арқылы сөз басқа сөздермен, сөз тіркесімен сөйлемнің құрамында біршама аяқталған ойды
немесе белгілі бір тиянақты ойды білдіреді.
Бірақ фонемаға, дыбысқа қарағанда сөз мағынаны, ұғымды атау арқылы тілдің ең негізгі
бөлшегі, ең негізгі материалы болып табылады. Сондықтан да сөз – тек лексикологияның ғана емес,
тіл білімінің сөйлеу процесіне байланысты барлық салаларының объектісі. Ғалым Ә. Болғанбаев атап
көрсеткендей тіл ғылымы сала – салаға бөлінгенімен, оның зерттеу объектісі – біреу, ол – сөз.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева проблема деп таныған объектінің бірі – қатысымдық тұлға мәселесі.
Ол жөнінде профессор: «Лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса,
соңғы жылдары зерттеу нысаны бола бастаған «қатысымдық тұлға» жөніндегі мәселе одан да
күрделі. Әсіресе, қазақ тіл білімінде бұл – ғылыми-теориялық тұрғыдан аз зерттелген мәселе», –
дейді.
Осы орайда ғалым «тілдік тұлға» мен «қатысымдық тұлға» туралы мәселе тілдің тұлғалары
мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет деп есептейді.
Сонымен қатар, «қатысымдық тұлға» тілдік тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей
емес. Қатысымдық тұлға туралы зерттеу тілдің тұтас қарым-қатынастық рөлімен тікелей байланысты
ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақты жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу, сөзді
қабылдау, оның мағынасын түсіну, әртүрлі экспрессивтік-эмоциональдық күйді таныту т.б. – сол
сияқты мәселелермен тығыз бірлікте қарастырылады дегенді айтады.
Көріп отырғанымыздай, коммуникативтік тұлғаның қызметі жалпы сөйлеу процесімен
тікелей байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеудің шарты сөзге, тіркеске және сөйлемге байланысты. Сөз
белгілі бір мағынаны білдіру арқылы басқа сөзбен байланысқа түседі де тіркестің құрамына енеді.
Тіркестер грамматикалық байланысқа түсе келіп, сөйлем құралады. Содан адам ойын екінші біреуге
жеткізеді. Сөйтіп, өзара түсінісуге жол ашылады.
Сондықтан, «тілдік тұлға» мен «қатысымдық тұлғаның» бір-бірінен айырмашылығы
атқаратын қызметі мен қолданылу аясына байланысты болады. Осыған орай ғалым Ф.Ш. Оразбаева
«тілдік тұлға», «қатысымдық тұлға» терминдеріне төмендегідей анықтама береді.
Достарыңызбен бөлісу: