Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Қазақ тілін оқытудың ғылымилық  ұстанымы



Pdf көрінісі
бет235/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   548
Байланысты:
2

Қазақ тілін оқытудың ғылымилық  ұстанымы. Қазақ тілінің негізгі салаларын оқытуда ғылыми 

дәйектерге, дәлелдеулерге, ұғымдарға, екінші сөзбен айтқанда, ғылыми принципке негізделеді. Сонымен 

қатар  меңгерілетін  тақырыптарды  өзіндік  белгілерінің,  анықтамалар  мен  ережелерінің,  берілетін 

практикалық  дағдылардың  дәл,  анық  болуы  студенттердің  тілдік  материалды  жан-жақты  түсінуіне 

септігін тигізеді. Сөйтіп, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы берілетін білімнің (тақырыптың) ғылыми 



162 

жағына, оның зерттелуі, тарихи даму ерекшелігі, ғылыми дәйектер, анықтамалар, терминдерді студент-

терге түсінікті айту арқылы жүргізеді.  

Көрнекілік  әдіс.  Тілдің  грамматикалық  құрылысын,  оның  жекелеген  категорияларын  студенттерге 

жан-жақты  түсіндіруде  тақырыптық,  талапқа  сай  жасалған  көрнекі  құралдарды  пайдаланудың  үлкен 

маңызы  бар.  Қазақ  тіліндегі  берілген  тақырып  бойынша  жаңа  сабақты  түсіндіру,  өткен  материалды 

қайталау не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлілігін және 

мазмұнын арттырып, студенттерге білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді.  Көрнекілік-

тің  түрлері  көп.  Ол  сабақтың  мазмұнына  қарай,  мұғалім  басшылығымен  жүзеге  асырылып  отырады. 

Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, кестелер, картина, табиғат суреттері, 

техникалық құралдар, т.б. 

Қазақ тіліне арналған кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер. 

Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін. 

Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі. Соңғы кезде біздің елімізде сабақта жаңа технологиямен 

жұмыс  істеу  -  мысалы,  компьютермен, интерактивті тақтамен  жұмыс  істеу  де  қолға алынуда.  Қазақ  тілі 

сабағы бойынша сабақта техникалық құралдарды пайдалану жолдарын Б.Құлмағамбетова зерттеп, құнды 

пікір айтты: «...техникалық кұралдарды пайдаланып өткізген сабақта студенттер жалықпай тыңдап, жаңа 

оқу материалын қабылдау процесінде олардың әр түрлі сезім мүшелері /көру, есту, т.б./ қатысатындығын, 

соның  нәтижесінде  олардың  қызығушылығы  артып,  түсіндірілген  материалдардың  бәрін  қабылдауға 

мүмкіндік туғызады» (Б.Құлмағамбетова «Қазақ тілі» сабағында техникалық құралдарды пайдалану, 1975). 

Студенттерге  қазақ  тілінен  білім  беру  барысында  олардың  саналы  түсіну  қабілеті  дамытылып 

отырылады. Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді студенттер жаттанды түрде емес, саналы түрде 

меңгеруі керек. Саналы түрде меңгеру үшін мынадай жұмыс түрлері іске асырылады:  

1) 


тілде берілетін мәліметтерді жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отыру. 

Түсіндіру кезінде объектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет;  

2) 

түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттер тапсырманы еркін орындау керек;  



3) 

күнделікті өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс;  

4) 

орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білуі керек;  



5) 

күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгеруі керек.  

ЖОО-да қазақ тілінен алынған теориялық  білімді  күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны 

практикамен байланыстыру дағдысы болып табылады. Студенттерге қазақ тілінен теориялық білім мен 

практикалық  дағдылар  беріледі.  Осы  алған  білімдерін  кеңейте  отырып,  оны  күнделік  өмір  қажетіне 

жаратады.   

Дидактика  тарихында оқытудың  үш  түрі  қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы  (дәстүрлі), 

проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). 

1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталуы тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең 

болғанына  байланысты.  Дәстүрлі  оқыту  жаңадан  пайда  болған  түсіндіру  жолдары  мен  көрнекілік-

терді өзіне кіріктіріп отырады.   

2.  Бағдарламалы  (компьютерлік)  оқытудың негізгі  мақсаты  -  оқыту  процесін  басқаруды  жетілдіру, 

тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған 

оқулықтар, оқыту құжаттары қолданылады.  

3. 


Проблемалық оқыту. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау 

екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) 

ашу. Осыған  орай,  проблемалық  оқытудың  өзі  де  шығармашыл  процесс.  Соңғы кезде  кең  тараған  оқу 

түрінің  мәні:  мұғалім  жаңа  білімді  дайын  түрде баяндамай,  студенттердің  алдына  проблемалық  сұрақ-

тарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет