Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет401/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   548
Байланысты:
2

Әзім... 



Ие, Бәтіш? 



Соңыра  тартылған  теңіздің  орнына  салынған  үйлерде...  ана  астанадағыдай  ыстық  су,  ванна, 

сауна... 



Әрине,  Астанадағыдан  әлдеқайда  жақсы  болады.  Өйткені,  керек  жабдықтың  бәрін  шетелден 



сатып аламыз гой. 



Тама-ша! Тек, оған алтын, валюта.. 



Табылады, табамыз. Жаңа айттым гой, соңыра теңіз тартылғасын Арал ойпатынан тың игеріп, 

мақта егеміз» [5,19]. Мәдени жасандылық  берекесі кете бастаған теңіз бойы сахарасында тіпті аянышты 

кейіпте танылады. Қала, ауыл белсенділерінің ортасын танытатын қонақ, дастархан басындағы рәміздер 

мен  қабылдаулар  халықтық  дәстүрлі  танымға  барынша  жат:  «Аузы  басы  қимылдап,  сөйлеп  жатқаны 

таңғалдырды. Бұл не дейді екен деп тыңдап еді: «ыдысыңа ас салайын ба?», дей ме.. «прибор әперейін» 

дей ме?.. Соны сұрамай өзі біліп істесе, құдды қолы сынып,  немесе аузы қисайып кететіндей» [6,179].  

Роман-дилогиядағы  ата  кәсіп  иелері  саналатын  қарапайым  халық  өкілдері  Сары  Иван,  Көткеншек 

Көшен, Сары Шая, Қожбан сынды кейіпкерлер образдарынан өліара кезеңнің хаостық сипаты байқалады. 

Жалпы, «Соңғы парыз» деп аталып кеткен роман-дилогиядан моралдық-адамгершілік тұғыры биік, кесек 

тұлғалы  образ  табу  қиын.  Автордың  Арал  өңірін  сөз  еткен  алдыңғы  трилогиясы  –  «Қан  мен  Тердегі» 

кесек  бітімді  Кәлен,  от  ауызды  Рай,  үнемі  өсу  үстінде  көрінетін  Еламан  сынды  болмысы  бүтін 

кейіпкерлерді «Соңғы парыздан» кездестіремін деу әбестік болар еді. Олай болатыны роман дилогияның 

айтар ойы да, арқалаған жүгі де басқа. Осы себепті де жазушы Ә. Кекілбаев: «Сондай да бір күн болған», 

«Сондай  да  бір  түн  болған  дейтін  екі  кітаптан  тұратын  дилогия  жанрлық-стильдік  бітімі  жағынан  да, 

концепциялық  өзекті  ойы  жағынан  да  ұлттық  прозамыздағы  бүгін  таңдағы  оқшау  құбылыс.  Ол  біздің 

жаңа  әдебиетіміздің  жаңа  арнасын  салып  беретін  алғашқы  мұзжарғыштай.  Біздің  прозамыз  бен 

драматургиямызда жаңа бір ағым басталатындай. Оған «зая ғұмыр әдебиеті» деп ат қойсақ жарасатын-

дай», - деп пікір білдіреді [7, 204].  Дилогиядағы көп кейіпкердің даралық сипатына қарағанда, тарихи-

әлеуметтік фон түзуші ортақ белгілері басым. Мәселен, Сары Шая мен Көткеншек Көшен бейнелерінен 

бейбіт замандағы ақсақалдық пен даналық байқалмайды. Көшеннің аузымен баяндалантын әлқисса (сказ) 

түріндегі  оқиғадағы  Сары  Шаяның  әрекеттері  адамгершілік  нормаларына  жат.  Сары  Шая  мен  Көшен 

арасындағы  оқиғалар  мен  диалогтардан  да  қарттық  даналық  іздерін  көре  алмаймыз.  Бұл  тізбектегі 

кейіпкерлер шоғыры ата дәстүрден мақұрым қалған және де жаңа жапсырынды өркениетті игере қойма-

ған  өліара  кезеңнің  зая  ғұмыр  өкілдеріне  жасаған  авторлық  меңзеу-белгі.  Осы  меңзеу  арқылы  автор 

экологиялық  апат  аймағындағы  адам  мінезінің  де  эрозияға  ұшырайтынын  емеурінмен  танытқандай.   

Қозы  Қарын,  Жуан  Жақайым  сынды  кейіпкерлер  лагеріндегі  латентті  белгі  –  тоғышарлық  пен  дүние-



295 

қоңыздық. Осы екі топтың көшбасында –  екі кейіпкер. Бірі – Жәдігер, бірі – Әзім. Әзім өзі тақілеттес 

кейіпкерлерден  айлакер,  әккі  мінезімен  ерекшеленеді.  Автор  Әзімнің  осы  ерекшелігін  авторлық 

ремаркаларда,  кейіпкер  көзімен  беріп  отырады.  Романда  колхоз  сахнасында  «құдайсыздар  ұйымына» 

мүше, үстінде ақ көйлек, қызыл галстугы бар бала Әзімнен Мәскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінен 

ақша сұрап айла жасайтын Әзімді, атақ-даңқ базарында ары мен Аралын сататын Әзімді көреміз. Әзім 

туралы авторлық позиция Жәдігер арқылы көрініс тапқандықтан барынша салқын. Сондықтан да «әдемі 

ақ сары баланың көп арасын киіп жарып, ән салатын жерде тартынбай ән салатын, домбыра тартатын 

жерде тартынбай домбыра тартатын» Әзімнен «Қан мен Тердегі» Тәңірбергенге тән тәтті тіл, кексе мінез 

тартымдылығы көрінбейді. Авторлық позицияның салқындығы сонша, екінші кітаптың екінші бөлімінде 

берілетін  Әзімнің  мінәжәті  іспетті  баяндауларда  да  оқырман  алдында  ақталып  шыға  алмайды.  Тіпті 

Бәкизаттың  әйелдік  әрекеттеріне  кешіріммен  қарайтын  автор  Әзімнің  шығармадағы  позициясына 

жылылық  танытпайды.  Өзін  өзгеден  айласымен  артық  деп  санайтын  Әзімге  авторлық  үкім  қатал. 

Көркемдік  шешім  Әзімге  туған  жерінің  топырағын  да  қимайды,  Ресеймен  шекаралас  аймақтағы  бір 

қаладан бір-ақ шығарады. Шығармадағы модернистік белгілер – қоғамды жатсыну, жаны жалаңаштану 

басты қаһарман Жәдігердің кейіпкерлік келбетінен айқын байқалады. Шығармада Әзім өзі тәрізді атақ-

даңқ  қуған,  дүниеқоңыз  тоғышар  топтың  (Қозы  Қарын,  Жуан  Жақайым,  Бәкизат,  Бәкизаттың  анасы) 

көсемі,  яғни  осы  мазмұндағы  қоғамның  бір  мүшесі  ретіндегі  позицияны  иеленсе,  Жәдігер  өркениет 

саналатын қала қауымынан ғана емес, теңізден тіршілік сауған өзі тақілеттес балықшылардан да бойын 

аулақ  ұстайды,  жан  әлемін  жасырып  бағады.  Теңіз  жағасындағы  қамыс  қос  басындағы  балықшылар 

арасында да өзін жалқы сезінеді. Ішінде Бәкизаты, басқасы бар, Балықшы Көшені мен Сары Иваны, Сары 

Шаясы бар кереғар қоғамның қайсысынан да өзін іздейді. Кейіпкердің өткен өміріндегі жан жалғыздығын 

қоғамнан  жасыру  мен  заманның  дүрмегіне  ілесу  әрекеті  сең  үстіндегі  шиеленісті  уақытағы  баяндау 

биігінен  қарағанда  бірде  сарказмға  саятын  күлкі  тудырса,  бірде  көзсіз  ерлікке    бастайды.    Сарказмға 

саятын  күлкілі  әрекет  соңы  символдық  меңзеумен  түйінделеді.  Курорттан  оралған  келіншегін  қарсы 

алуында Жәдігер Бәкизатқа горшоктағы гүл сыйлайтын оқиғалық ситуация «...Аралдың қолы ұсынықты 

бір  баласы  ақ  гипстен  үйтіп-бүйтіп  ұсқынын  келтірген  тақыр  бас  көсемнің  бюстінің  дәл  түбіне»  қоя 

салуымен түйінделеді. Осы бір сынық сөйлемнің өзінде кейіпкердің сол қоғамға деген бағасы эмоцианал-

ды лексикамен ақтарыла суреттелген. Жәдігердің қоғамды, сол кезде қалыптасқан жағдайды жатсынуы 

шығармада үздіксіз желі болып тартылып отырады. Тіпті кейіпкердің балықшылар қосынан келген бетте 

моншаға бет алуы да сол қоғамнан қашқандай әсер қалдырады. Кейіпкердің жан құлазуының психология-

лық мотивировкасы шығарманың өн бойына тақырып болып тартылған табиғат мәселесімен өзектеледі. 

Балықшы ауылдағы «опан-топаны шығып қираған үй» - үдере көшкен ауылдың орны, елі көшкен жұрт-

тағы күніренген халық, жатырынан індетке шалдығып туылған кемтар балалар, табаны тұз болып тартыл-

ған теңіз кейіпкердің жан әлеміндегі әлемтапырақ жағдайға нанымды мотифировкалық фон түзеді. Жан 

әлемінің жалғыздығы болып тартылған линия шығарманың шиеленісіне ұласып, кейіпкерді ашық теңіз-

дегі  сең  үстіне  шығарады.  Сең  үстіндегі  алып  арпалыс  табиғаттың  алып  күшінің  алдындағы  адамның 

әлсіздігі  танытады.  Автор  Жәдігердің  жан  арпалысын  бейнелеуде  модернистік  (сана  ағымы,  елес,  т.б.) 

әдеби амалдарды еркін пайдаланады. Шығарманың кульминациялық шешімінде Жәдігердің кеудесіндегі 

кішкентай құстың шырылап ұшуы халықтың дүниетанымдағы адам жанының кеудеден ұшуымен шебер 

шендестірілген.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет