Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет429/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   548
Байланысты:
2

Keywords:

 

State language, national identity, spiritual revival, civilization, pedagogy, vocabulary, language 



skills, improving consciousness.  

 

Нұр құйған шәкірттің санасына, 



Әр үйдің үміт артар баласына 

Көрінер шуақты күн, мейірімді жүз, 

Білімді ұстаздық данасында 

 

– 



дегендей  біз  жас  ұрпақтың  білімді,  ана  тілімізде  еркін  сөйлей  алатындай,жан-жақты  жетілген  тұлға 

болып  қалыптасуына  ең  алғашқы  баспалдақ  отбасы  және  Отан  әсер  етеді..«Білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы  мемлекеттік  тәуелсіздікті  қалыптастыру  мен  нығайтудың,  еліміздің  прогресшіл 

дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен 

міндеттерін,  құрылымы  мен  мазмұнын  айқындайтын  ғылыми-теориялық,  әдістемелік  құжат  болып 

табылады» деп көрсетілген. 

Адам тәрбиесінің жаңа методологиясы екі сатыдан тұрады. 

Біріншісі, биологиялық индивид делініп, одан жүрек тәрбиесі жүйе қалыптасады. 

Екіншісі «сананы жетілдіру», одан ақыл тәрбиесі қалыптасады. 

Адам тәрбиесінің осы екі жүйесінен оның жеті түрлі негізгі тек физиологиялық кезеңдерге сүйеніп 

жасалады.  Осы  ілім  ұсынған  жаңа  технология  арқылы  Абай  ғұлама  армандаған  «толық  адам  нұрлы, 

ақылды» келешек ұрпаққа енші болады. 

Мемлекеттік  тілді  өзге  ұлт  өкілдеріне  оқытуда  білім  беру  реформасы  табысының  басты  өлшемі  – 

білім мен біліктілік, әлемнің кез-келген елінің қажетіне жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі 

қажет екенін бәріміз білеміз. 

ХІХ  ғасырда  дүниежүзілік  өркениеттілікке  қол  жеткізу  жолында  білім  берумен  қатар  тәрбие  ісін 

гуманистік дәрежеге көтеру мақсаты – әрбір ұстаздың міндеті. 

Оқулықты басып шығарған педагог ғалымдар болашақта мынаны ескерсе деп ойлаймын. «Қазақ тілі» 

оқулығының /авторлары Асыл Ұ, Жұмажанова Т, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2006ж. -256 бет/ өзге ұлт 

өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуде мазмұн сапасында біршама қиындықтар туғызады. Оқулық «таза 

қазақ  тілінде  білім  беретін  мектепке»  арналған  оқулықтың  көшірмесі  сияқты.  Соншама  бай  ұлттық 

тарихымызды жүйелеп оқытсақ, білім сапасын заман ағымына сай жүргізуге, жаңа білім стандартына сай, 

оқушы меңгеруіне жеңіл болар еді [1]. 

Қазақстан Президентінің үш тұғырлы тіл жөніндегі тапсырмасын басшылыққа алып жаңа технология 

әдістемесін  насихаттаушы  да,  оқушымен  үлкен  жауапкершілікпен,  шеберлікпен,  шығармашылықпен 

еңбек  ететін  де  –  ұстаз  қауымы.  Ұлтына,  нәсіліне  дініне  қарамастан,  қай  республикада  тұрмасын,  сол 

елдің мемлекеттік тілін үйренуге әрбір азамат міндеті. 

Білімсіз  елдің  ертеңі  қараң  екендігі  ертеден  белгілі  болғандықтан  Елбасы  білім  беру  мәселесін 

назардан тыс қалдырмайды. 

Жалпыхалықтық  мәселе  –  мемлекеттік  тіл  екендігіне  назар  аударған  Елбасы:  «Халықаралық 

тәжірибеге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың бағдарламалары мен әдістемелерін енгізу қажет. Қазақ 

тіліндегі оқулықтарды басып шығарып, және осы бойынша тендерді жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. 

Қазақ тіліндегі кітап саудасын жақсарту үшін бәсекелестік болуы тиіс емес пе? Ал біздің оқулықтарды 

қарап отырсаңыз, керісінше, қазақ тілінен безуге жол беретіндей» 

«Қазақтар  бір-бірімен  қазақша  сөйлессін  деп  мәселе  көтердік.  Әкесі  мен  баласы  үйде  қазақша 

сөйлеспесе, мектеп пен жоғары оқу орнында қазақша оқытпаса, ол баладан «қазақша тіл біл!» деп қалай 

сұраймыз. Оның жазығы не? Сондықтан да мемлекеттік тіл мәселесі – жалпыхалықтық іс» дейді Президент. 

Тілтаным мен дүниетаным тұтас тілдік, философиялық ұғымдар. 

Ұлт тілі мен ұлт ойы да өзара біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты. Ал тіл мен ойлау – сол ұлттық 

өкілдеріне  тән  ойлау  жүйесін  бере  алады.  Қазақ  тілін  оқытуда  топтық,  блоктық,  деңгейлік  жүйелерді 

үйлестіріп қолданамын. Жылдар бойы тәжірибе көрсеткендей іс нәтижесінде оқушының білім сапасы молая 

түседі, тәрбиелік санасы толысады, пәнге қызығушылығы артады, жан-жақты ізденуге мүмкіндік туады. 

Топтау әдістерінде оқушыны білім деңгейлеріне қарай бөлуге, үздіктер, жақсы меңгергендер, орташа 

және үлгерімі төмендер. 




322 

Бұл әдістің тиімділігі сол, оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынастары артады. Белсенділік 

қабілеті  артып,  бір-бірлеріне  бар  көмегін  көрсетуге  бейім  тұрады  [2].  Оқушының  өз  бетінше  ізденісі 

туындайды, оқулықпен жүйелі жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. 

Білімін  бағалай  білуге  мүмкіндік  туады.  Блоктық  жүйеде  әр  оқушыға  жеке  бірнеше  тапсырмалар 

дайындалады, оқушыда ерік-жігерін өз еркіне бағындыратындай мүмкіндік туады. Білім өз өміріне қажет 

екеніне көзі жетеді. 

Жеке тапсырмалар сұралады. Бұл сабақты өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, сайыс сабағы, тақырып-

ты қорытындылау сабағы, педагогикалық шеберхана сабағы, тестік жүйе, т.б. сабақтар түрінде өткіземін. 

Блоктық  жүйенің  тиімділігі  сол,  оқушы  бөлімді  толық  меңгеруіне  мүмкіндік  туып,  тек  баға  үшін 

емес, білімді толық меңгеруге көзі жетеді де, оқуға, түсініп оқуға ұмтылады. 

Қазақстанның  болашағы  –  білімді  ұрпағында  болғандықтан,  егемендік  алған  жаңа  даму  кезеңінде, 

оның  дүние  жүзілік  аренаға  шығып,  басқа  елдермен  саяси-экономикалық,  мәдени  қатынастардың 

қалыптасуы үшін, мемлекеттік тілдің рөлін көтеруді қажет етеді. 

«Ана  тілім  менің!  Сен  маған  ризасың  ба,білмеймін,  бірақ  менің  тілегім  сенсің.Сені  мен  мақтан 

етемін»Расул  Ғамзатов  Менің  ана  тілім  –  шексіз  бай,  шұрайлы,  тегеуріні  мықты  тіл.  Өйткені  өмірдің 

алмастай  қырын,  абзал  сырын  түсіне  білуіме  басты  себепкер  -  сол  ана  тілім!  Мынау  жарық  дүниеге 

келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  

Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-

бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай 

қорғауға,  оның  тазалығын  сақтауға  тиіс.  Амал  не,  туған  тілімізді  шұбарлап,  басқа  тілдің  сөздерімен 

араластырып  сөйлейтіндерді  жиі  көремін  [3].Тіпті,  туған  тілінен  безетін  сорақыларды  да,  менсінбеу-

шілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің 

«Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»  деген сөзі  ойыма  еріксіз  оралады. Ана тілі - ар өлшемі. 

Олай  болса,  тілді  шұбарлау  –  арды  шұбарлау,  көңіл  тұнығын  майлау.  Ең  жақсы  адам  –  ана  тілін 

құрметтеген  адам.  Бұл  сенің  басқа  тілді  меңгеруіңе  бөгет  болмайды,  қайта  сені  адамгершілікке,  шын 

патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас 

адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын 

М.Мақатаев  «Отан»  атты  өлеңінде:Мен  оның  түнін  сүйем,  күнін  сүйем  Ағынды  өзен,  асқар  тау,  гүлін 

сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем   Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін 

сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.  Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы 

бір  анадан  туғандай  тату-тәтті  өмір  сүріп  жатыр.  Қазақстанда  ұлттар  арасында  татулық   пен  бірлік, 

ынтымақтастық  пен  достық  орнағаны 

– 

бәріміз  үшін  мақтаныш.  Бұл  -  біздің  Елбасымыз  Нұрсұлтан 



Назарбаевтың  сарабдал  саясатының,  дана  ойларының  жемісі.  Елімізді  жарқын  болашаққа  жетелейтін, 

халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ  елі, мәңгілік  ел болып қала бермекпіз. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді 

ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! [4].  

Ана  тіліміз  Мәңгілік  елімізбен  бірге  Мәңгілік  тіл  болды.  Бұл  мәселені  даудың  тақырыбы  емес, 

ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз 

өзімізді  өзіміз  қамшылауымыз  керек  және  осыған  өзіміз  атсалысуымыз  қажет»  деген  жолдауындағы 

сөздерін  барша  қазақстандық  құптайды.  Мен  әлемдегі  ең  бай,  ең  сұлу  тілдердің  бірі  –  қазақ  тілінің 

құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз 

– 

бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Қазір Елбасы-



мыз үш тілді білуді міндеттеп отыр. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Менің ойымша, егер адам өзге 

тілді  білетін  болса,  ол  рухани  бай адам  деп  ойлаймын.  Өйткені  сол  тіл  арқылы  басқа  халықтың  мәде-

ниетін,  дәстүрін  үйренеді,  басқа  тілді  үйрену  арқылы  танымы   кеңейеді.  Сондықтан  мен  өз  замандас-

тарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле 

отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын және бәріне: Мейлі, сен көп тілді біл «қой» 

демес ем! Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен. Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын Туған ана тіліңде 

сөйлемесең,  –  дегім  келеді.  «Бізге  тілдің  қалай  дамып  жатқандығы,  қандай  әдістемеліктердің,  қандай 

оқытушылардың  бар  екендігі  туралы  ақпарат  жетпей  тұрғандай  болып  көрінеді.  Тіл  үйренудің  іш 

пыстырмайтынын,  керісінше  оның  тартымды  екенін,  қызықты  екенін  көрсету  керекпіз.Қазіргі  заманы-

мызда қойылған басты талаптардың бірі 

– 

өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін 



еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете 

алатын,  өз  ойы  мен  пікірін  айта  білетін  мәдениетті  жеке  тұлға  қалыптастырып,  тәрбиелеу.  Оқушының 

жеке  тұлға  болып  дамуы  мен  алған  білімін  іске  асыруда  сөйлеу  тілін,  әрекетін,  тіл  мәдениетін,  әдебін 

қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.Қазақ тілінің мемлекет-




323 

тік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы 

мең-геруге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты міндет-

тер мен нәтиже межелері белгіленеді. Оқытудың, білім берудің тініне, өзегіне сөйлеу мәдениеті деңгейін 

көтере  отырып,  оқушының  жеке  тұлғалық  мәдениетін  қалыптастыру  негіз  етіп  алынады.  Тілді  білген 

адамның рухы биік, дәстүрге, әдет-ғұрыпқа адал болатынын үйлестіре, баршаға талап қойып, сезіндіре 

білу керек. Сонда ғана өз ниетімен тілге қызмет етіп, азаматтық міндетін орындайды. Талап болғанда ғана 

жауапкершілік артып, іс арнасын тауып, жүйеге түсіп, жүзеге асады [5]. 

Тәуелсіздіктің негізгі  тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған  сыйы да  

– 

тіл. 



Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл 

тіршілік тұрғандай.  Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – 

баршамыздың  қолымызда.Тілді  оқып-үйренуді  барынша  жоғары  деңгейге  көтеру  қажет.  Елбасы                 

Н.Ә.  Назарбаевтың  тіл  туралы  талап  міндеттерінде  «Қазақ   қазақпен  қазақша  сөйлессін»  деген.  Бұл  әр 

қазақстандықтың  қастерлі  парызы.   Қазақ  тілінің  өз  мәртебесіне   сай  толыққанды  қоғамдық  қызмет 

атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін, жан-тәнімізбен түсіне отырып,  бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге 

асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына  аударарымыз анық.  Өйткені қазақ 

тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес  бөлшегі ретінде  тек қазақ топырағында  ғана мемлекеттік мәртебені 

талап ете алады. Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл – халықтың жан дүниесі, рухани 

негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол – ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты 

топтастырушы,  біріктіруші  фактор.  Сондықтан  мемлекеттік  тілді  білу  –  өмір  талабы,  заман  сұранысы, 

қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір  

қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.  

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емеспе еді. Ана тіліміз арқылы 

ғана  біз  халқымызды,  Отанымызды  танып  білеміз.  Әр  адамның  азаматтық  қасиеті  –  өз  халқын,  өзінің 

атамекенін  қалай  сүюімен,  өз  ана  тілін  қалай  білуімен  өлшенбек.  Әркімнің  тілге  деген  құрметін  өз 

анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқы-

ның өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін.Алайда осыны 

ескермей  орыс  тілінде  шүлдірлеп,  қазақ  тіліндегі  әнді  тыңдауды  қор  санап  жүрген  қазақ  жастары 

қаншама. Кейбір мекемелерге барсаң орыс тілінде сауатты жазылған сөз қазақ тілінде мүлдем ұйқассыз 

аударылып,  есіктерінде  ілініп  тұрады.  Мұны  көргендердің  бірі  езу  тартып  күліп,  енді  бірі  оған  мән 

бермейді  де.  Біздің  қоғамның басты  кемшілігі  осы  болар, бәлкім. Бұған жауап ретінде ақын Оразақын 

Асқардың мына бір өлең жолдарын алар едім: 

«Ана тілінде ата-баба сыры бар, 

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар. 

Өсе келе құстың тілін білсең де, 

Ана тілсіз оның қандай құны бар». 

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – 

 

дейді  Қадыр  ақын.  Қазіргі  қоғам  басқа  тілді  үйренуге  еш  шек  қоймайды.  Дегенмен,  қазақ  тілін 



мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен дейді. 

     


Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін 

асырайық! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет