Жолдаудың тақырыбы айтып тұрғандай, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің алдағы уа-
қыттағы негізі халық пен мемлекеттік аппарат арасындағы диалогтің орнауы болмақ. Осы орайда,
Жолдауда Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру бәрімізге
Жолдаудағы азаматтық қоғамға қолдау көрсету, мемлекеттік міндеттерді шешуде азаматтық
қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану, қоғамды толғандырған мәселелерді азаматтық диалог
400
аясында шешу туралы бастама халыққа қарай жасалған жаңаша бетбұрысты білдіреді. Сонымен қатар
Президент Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар
аудару, адам құқықтарын қорғау мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болуы керек
екендігі атап көрсетілген. Бұл бастамалардың азаматтық қоғам тарапынан қолдау табатындығына еш
күмән жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: