Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінде ғалымдардың пікірі бойынша сөз таптарының ішіндегі сөзге байы,
күрделісі
–
етістік. Бұл сөз табының күрделілігін оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, грамматика-
лық категорияларының көптігінен, сөйлемде атқаратын қызметінен, туынды сөз жасау жүйесінен т.б.
қасиеттерінен көруге болады.
Тіл білімінде етістік тұлғасын зерттеушілердің ортақ ойы – етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап
алу. Себебі кейінірек көрсетілетіндей, етістік түбірдің түрленуінде ерекшеліктер бар: лексикалық мағы-
насы бар болса да, сол күйінде сөйлемде қолданылмайды, тікелей жіктелмейді. Ы.Е. Мамановтың: «Түркі
тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сейлем
мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа
сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады», - деген пікірінің өте
дұрыс екенін байқаймыз [1, 20].
Қазақ тілінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық ерекшеліктері мен қызметі
жағынан жұрнақ пен жалғау болып бөлініп жүр. Оларды синтетикалық жолмен жасалған формалардың
түрлері ретінде «сөз тудыратын формалар, сөз түрлендіретін формалар және сөз жалғастыратын
формалар» деп бөлінеді.
Қазақ тілінде бір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жаңа сөздер туындайды. Бұған қазақ грамматикасына
арналған оқулықтарда мынадай анықтамалар беріліп жүр. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында: «Туынды
сөздер деп түрлі жұрнақтар арқылы түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз». Қазақ тіліндегі туынды етіс-
тіктер басқа сөз таптарынан да, етістіктің өзінен де жасала береді. Бірақ оларға жалғанатын қосымша-
лардың бір-бірінен айырмашылық бар. Тіл білімінде сөз тудырушы, форма тудырушы деген терминдер
кездеседі. Олардың айырмашылықтары, біріншіден, сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөзінің лексикалық
мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына береді. Мысалы, -ай/-ей, -ар/-ер жұрнақтары арқылы аз, көп, сары,
қызыл, көк сын есімдерінен сарғаю, азаю, көбею, қызар, көгер деген туынды етістік жасалып тұр.
Ал форма тудырушы жұрнақ бір сөз табынан екінші сөз табын жасай алмайды, ол тек сол сөз табын-
да форма ғана тудырады. Мысалы, -ыңқыра/-іңкіре жұрнағы жалғану арқылы жасалған күшейтпелі етіс-
тіктер (ал
–
алыңқыра, бер
–
беріңкіре, тап
–
табыңқыра, кел
–
келіңкіре т.б.) өзі жасалған бастапқы
тұлғамен корелятивті түрде қатар өмір сүреді. Бұлардың лексикалық мағынасы грамматикалық
мағыналарымен жарысып қолданады [1, 23].
Қазақ тілінде етістіктің құрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма
тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық қызметтерін
–
функцияларын осы тілдің өз тұрғы-
сынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек. Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұр-
нақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл деп көрсетсек, сөздердің тіркесуі арқылы яғни
аналитикалық тәсілмен жаңа мағыналы қимылдық ұғым тудыратын сөздер де жасалатындығын есте
сақтаған жөн. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр
алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті
айқын көрінеді. Мәселен, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен
қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты
сияқты категориялары – етістіктің семантикасы жағынан ең бай формалары, сондай-ақ етістіктің өзге
семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше,
көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар бір жағынан етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелен-
діретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар
екенін ғалымдар тарапынан дәлелденген болатын. Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса,
солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Солай бола тұра лексикалық мағына-
лары қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етістіктердің бәрі де, ең алдымен өздерінің мазмұнын-
дағы барлығына да ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз тобына
телінеді деп жазады ғалым Н.Оралбаева [2,40].
95
Ақпараттық жүйелердің дамуы тілдерде мәтінді автоматты өңдеу қажеттілігін туғызып отыр. Осы
мақсатта етістіктің түрлену формаларын қарастырдық. Қазақ тіліндегі етістіктің құрылымын жақсы түсіну
үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық
қызметтерін-функцияларын осы тілдің тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру
керек. Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл дейміз.
Бағалады
–
1 туынды етістік, жедел өткен шақ 3 жақ жекеше, синтетикалық тәсіл. Жоғарыда атап көрсет-
кендей, «...Етістік түбір тұлғада сөздің лексикалық мағынасын және лексикалық мағынаның жалпыланып,
абстракциялану нәтижесінде қалыптасып, туатын жалпы грамматикалық мағынаны білдіргенімен, сол
күйінде сөйлеу процесінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түсе алмайды, сондық-
тан да етістік сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды» [3,36].
Қазақ тілінде сөз формасы түбір –жұрнақ –жалғау құрылымымен жүреді. Әр қосымшаның
морфологиялық сипаты, олардың жалғану реті қатаң түрде бекітілген. Мысалы, зат есімге алдымен жұр-
нақ, көптік жалғауы ары қарай тәуелдік және септік жалғаулары ең соңынан жіктік жалғау жалғанады. Ал
етістік түбіріне болымсыздық жұрнағы, етістіктің үш шағының жұрнағы жалғанса, одан кейін жіктік
жалғауы жалғанады. Бұл жерде ғалым Н.Оралбаеваның: «Етістік сөзжасамдық жұрнақтарға бай, олар
алуан түрлі. Етістік жұрнақтары түрлі сөз таптарының сөздерінен туында түбір жасайтын болғандықтан,
олар есім сөздерден етістік жасайтын және етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді», -
деген пікірін еске аламыз [4,81].
Жоба жұмысы барысында «логистика-агломирация» саласында кездесу жиілігі жоғары 824 етістіктің
түрлену формаларын қарастырылды. Бір етістік 345 формада түрленді. Мысалы: «иелену» етістігі арнайы
генерация арқылы 345 формада түрленді. Оның ішінде шартты рай, есімшенің -ер, -бек, - ген; көсемше-
нің -іп, -е, -етін; зат есімнің септік, көптік, жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы түрленуі берілген.
Қазақ тілі
аглютинативті тіл десек те, кейбір қосымшалардың қабаттаса жалғануы тілдік қолданыста жоқ.
Сол себепті кейбір сөз формалары қысқартылды. Мысалы, есімшенің –ар, -ер,-р жұрнағы жалғанғаннан
кейін көптік жалғауының жалғануы тілге ауырлық етеді. Есімше жұрнағының орнына көсемшенің –атын,
-
етін, -итін формасын қолданылады.
Жаңа сөз формасы морфологиялық және семантикалық белгілеріне
қарай сөздің бастапқы түбіріне алдымен етістіктің жұрнақтары жалғанады, одан кейін солдан оңға қарай
сөздің соңғы дыбысына сәйкес жалғаулар ретімен жалғанады. Қазақ тілі сингармонизм заңына бағына-
тындықтан сөздергежалғанатын қосымшалар не бірыңғай жіңішке,не бірыңғай жуан дауысты дыбыс-
тардан болады. Сонымен қатар, генерацияланатын сөздердің өзгеру стеммалары құрылды, яғни сөз
соңындағы дыбыстардың сипатына қарай өзгеру парадигмасын жасалынып, сөздер топтарға біріктірілді.
Мысалы: «алтында» туынды етістігі 345 түрде түрленеді. Сол сияқты дауысты дыбысқа аяқталған
Достарыңызбен бөлісу: |