Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет233/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   548
Байланысты:
2

Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, 

оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен 

оқыту  үдерісінің  заңдылықтарын  дидактика  зерттейді.  Ол  заңдылықтардың  жеке  пәндерді  оқытудағы 

көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.  



Білім  беру  мазмұны –  жан-жақты  үйлесімді  дамыған  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған, педа-

гогикалық  бейімделген  білім,  іскерлік,  дағдылардың,  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі  мен 

эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі. 

Оқыту –  студенттерге  білім  беру,  тәрбиелеу,  дамыту  мақсатына  бағытталған  алдын-ала  жоспар-

ланған  іс-әрекет.  Оқыту  –  қазіргі  заман  талаптарын  ескеріп,  білім,  шеберлік,  дағдыларды  меңгерте 

отырып, студент тұлғасын мақсатты қалыптастыру мен дамыту үдерісі. 

Оқыту үдерісі – бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқыту-

шы мен студент арасындағы мақсатқа бағытталған өзара байланысты іс-әрекет. 

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  педагогика  ғылымының  бір  саласы  болып  табылады.  Ол  өз  алдына 

дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Егер 

нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:  

1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?);  

2) мазмұны (нені оқыту керек?);  

3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);  

4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);  

5)  оқыту  кезінде  студенттердің  білімді  меңгеру  деңгейі,  ақыл-ойының  дамуы  мен  тәрбиеленуі 

арасындағы ұштастық мәселелері.  

Бұл проблемаларды шешу оқу орнындағы тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. 

Қазақ  тілін  оқытудағы  тәрбиелік  мақсаттар:  студенттердің  тілдік  құбылысқа  көзқарасын  қалып-

тастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы 

болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік 

дәреже  беру  мәртебесімен  дәлелденіп,  студенттердің  сенімін  арттыру,  көздерін  жеткізу;  студенттердің 

салт-дәстүрге құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру. 

Қазақ тілі сабағында студенттердің танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты 

арттыру;  студенттердің  байқағыштық,  елес-болжамдық,  ес,  ойлау,  сөйлеу  қабілеттерінің  дамуына  жол 

ашу;  студенттердің    тілдік  проблеманы  өздері  шеше  алатындай  дәрежеде  үйрету;  тіл  фактілеріне, 

құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін 

қалыптастыру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет