Диалогты оқытуда сондай-ақ «Пікірталас», «Бинго», «Ар-ождан аллеясы», «Дөңгелек үстел»
интербелсенді әдістерді қолдану, жеке, жұппен, үштік одақпен, топпен жасау коммуникативтік қарым-
қатынасқа түсуге әкеледі, білім алу үрдісін белсендіреді. Ғалым Ф. Оразбаева да «сабақта тілдік қатынас
Әдіскер ғалымның «Тіл әлемі» (2009) кітабында аталған әдістемелік жолдарды ұйымдастыру мен
өткізудің толық сипаттамасы келтірілген. Айтылған мәселелердің оқу сабақтарын жүргізетін «Қазақ
232
әдебиеті» пәнінің мұғалімі үшін диалогты оқытуды жүзеге асыруда пайдасы көп, практикалық маңызы
жоғары екені анық.
Қорыта айтқанда, «Қазақ әдебиеті» пәнін жаңаша оқытудың басты бағыттарының бірі диалогты
оқытуды ұйымдастыру қатысымдық қатынас жағдайында ғана тиімді нәтиже береді. Бұл ретте пән
мұғалімінің, жалпы педагог қауымның тілдік қатынастың методологиялық негіздерін тануы, ғылыми
айналымға түскен теориясы мен тәжірибесін білуі диалогты оқытудың табиғатын толық түсінуге,
интербелсенді іс-әрекет ретінде игеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: