Абстрактылық уәжділік негізінде де тілімізде көптеген ауру атаулары жасалған. Мысал келтіретін
болсақ, желқұз, қияли ауру, қызба, қозба, ұйқысыздық, маскүнемдік, мылқаулық, қатпа, құтыру,
қағынды, бәдік.
Сіреспе (столбняк) – жараланған жерге улы микроб түсуінен қозатын аса қауіпті жұқпалы ауру.
Оқыра – созылмалы ауру, саңырауқұлақ микроорганизмі енуінен болады.
Бәдік – малға, адамға жұғатын ауру, індет, айналма. «Бәдік» деген адамға, малға қосалқы ауру,
індеттің «тәңір иесінің» аты болуға тиіс (С. Сейф.).
Қағынды – өкпені қабындыратын ауру. Болаттың науқасы тәуіптер айтқандай қағынды емес,
қаһарлы поллимилит екен (З.Ш.).
Достарыңызбен бөлісу: |