Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет412/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   548
Байланысты:
2

пын!» деп, пышақты жетесінен сындырып, «қайрақтай езілгенше!» деп, қайрақты уатып, «тәрелкедей 

уатылғанша» деп, тәрелкені қиратып, «гауһар тастай жарып, сені алам!» деп, гауһар тасты қақ бөліп, 


305 

уәде беріп едім. Сол себептен мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне 

перде жауып келіп, дардың жібін қиып, көкірегіме  көлденең қылыш тастап кеткені:  «Мен үшін кінәсіз 



өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал»,  дегені еді. Өзі 

рұқсат берген соң, шынымды айтып отырмын,  деп, Жаман сөзін аяқтады.[5, 9-16] 

Жаманның «Пышақтай болып  басым  кесілгенше айтпаспын!» деп, уәдеде тұрып, серттен таймауы 

ұлттық мінездің тереңдігін көрсетеді. Бұнда тарихи тағылым бар, сонымен қатар, сол ұлттың мінезінен, 

болмысынан,  өмір  сүру  салтынан  мол  ақпарат  бар.  «Қылыш  үстінде  серт  жүрмейді,  антыңды  қайтып 

ал»деген жолдарданхалық болмысын, яғни сертке беріктік, сөзде тұру секілді асыл қасиеттерді танимыз.  

Қылыш үстінде серт жүрмейтін себебі неде? Осы тектес «Ант қылыштан да өткір»деген сөз бар. 

Демек,  серт  пен  анттың  кесіп  түсер  қылышпен  теңестірілуінен  барып,  қылышын  шығарып  тұрып  ант, 

серт беруге болмайтындығын көрсетсе керек. Екіншіден, өлім қаупі төніп тұрған соғыс, шапқыншылық 

жағдайында серт беріп едім деп, қылышын қыннан шығармай қарап тұра алмайтынын білдірсе керек. 

Мұның тағы бір қыры бар.  Бұл туралы зерттеуші Ақеділ Тойшанұлы былай деген: 

«Қазіргі  біздің  түсінігімізде  зат  өлі  деп  саналғанымен,  ежелгі  анимистік  таным  бойынша  қасиетті 

бұйымдар,   керісінше,  тірі  нысан  болып  саналған.  Сол  себептен  батырлар  бес  қаруымен   кәдімгі 

«досындай» сырласып, беріксертбереді: 

 

 

…Толғамалы ақ сүңгім, 



 

Шанша алмасам маған серт. 

 

Қанға тойсаң саған серт. 



 

Бұлғары садақ, бұқар жай, 

 

Тарта алмасам маған серт. 



 

Бел күшіме шыдамай, 

 

Беліңнен сынсаң саған серт. 



 

Алтын құн да қақ берен, 

 

Ата алмасам маған серт, 



 

От алмасаң саған серт! 

 

Мұнда  батыр  өзінің  және  қару-жарағының  намысын  қайрап,  қытығына  тигені,  бес  қаруының  



беріктігін, өткірлігін  өз күш-қуатына қарама-қарсы қойып, шендестіріп, жекпе-жекке әзірлегені  көрініс 

тапқан. Бұл рәсім кең мағынада ант берудің бір түрі болғанымен, оны мәтіннің өзінде айтылғандай, серт 

деп атасақ,  рәсімнің дәлме-дәл мәні ашылады деп ойлаймыз. Осыған ұқсас халықтың күнделікті тұрмыс-

тіршілігімен  үйлесіп  жатқан  ант  берудің  (дәлірек  айтқанда,  серттің)  қарапайым  түрлерін  де  көруге 

болады. Мәселен, аңшы құрал-сайманына, қол өнер шебері бұйымына серт айтқан. Ғашық жандар, дос-

жарандар, рулас ағайындар  өзара серт айтысып, соны мүлтіксіз орындаған. Бір сөзбен айтқанда, ежелгі 

анттың мұндай қарабайыр шағын түрлері көне  салттағыдай қанмен бекітілмесе  де, адамның ар-ождан 

тазалығына  сенім  артып,  қоғамдық   өмірде   кең  өріс  алып,  басқаша айтқанда,  уәде-аманат  деген 

құндылықтарға айналған [6]. 

Оқырман  кейіпкердің  есімі  арқылы  жақсы  деген  не,  жаман  деген  не  деген  философиялық  сұраққа 

жауап  іздейді.  Сөйтіп,  адамның  жақсы-жамандығы  түрінен  емес,  ой-санасынан,  танымынан,  іс-

әрекетінен,  ақыл-парасатынан  білінеді.Жаман  символдық  роль  атқарған.  Сол  арқылы  қазақтың  ұлттық 

болмысы  ертегіде    өте  сәтті  көрсетілген.  Академик  Зәки  Ахметов:  «Ұлттық  характер  –  шығармадағы 

кейіпкердің  ұлттық  сипатымен  ерекшеленген  мінез-бітімі,  оның  белгілі  бір  халықтың  өкілі  екендігін 

танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі», –  дейді. [7,360] 

Оны  ертегіде  ханның  аузынан  естиміз:  «Жаман  болса  да,  қысылғанда  айла  табатын  ақылды, 

Данышпан  еді.  Әркімнің  пайдасына  жарайтын  еді.  Сендер  күндеп,  ақырында  екеумізді  айырдыңдар. 

Егерде  ол  сендерге ақыл таппаса, сендер өлетін  едіңдер.  «Біреуге  ор қазба, өзің түсерсің» деген мақал 

бар», – дейді. Хан Жаманның ақыл-парасатына көзі жетіп, ел жинап, отыз күн ойын, қырық күн тойын 

қылып, қызды Жаманға алып береді. Жаман тапқырлығымен ханға жағып, екеуі дос болыпты.  

Қорыта айтқанда, Рухани жаңғыру кезеңі ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-рухани құндылықтар-

ды қалпына келтіріп,  халық жадында жаңғыртуды қажет етеді. Осы тұрғыда ертегі халық танымының 

базалық  негізі  бола  алады,  ертегілерден  кейіпкердің  ұлттық  сипатымен  ерекшеленген  мінез-бітімін, 

ұлттық мінезін, дархан көңілін,  қазақтың ұлттық болмысын, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін 

танимыз. Ертегі тілі арқылы этностың құндылық жүйесін зерттеу қазақ халқының дүниетанымдық өзіндік 

ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. 

 



306 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет