Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет441/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   548
Байланысты:
2

 

Annotation:  The article deals with the content and methodological foundations of Patriotic education of 

students. 



Keywords: Patriotic education, methods of education, educational process, educational function. 

 

Студентерді патриоттық рухта тәрбиелеудің әдістемелік негізі мен мазмұнына қатысты мәселелерді 



қарастыру  –  бүгінгі  таңдағы  басты  мәселенің  бірі.  Қазіргі  студент  жастардың    белсенді  азаматтық 

ұстанымын қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар қажет. Патриотизмді, толеранттылықты және ұлттық  

келісімді  қабылдау    адамгершіліктің  төмендеуі,  «ұрпақты  жоғалту»  сияқты  ұғымдарға  қарсы  тұрады.  

Әлеуметтік  парықсыздық қылмыс пен нашақорлықтың өсуіне қарсы бағытталады. Сондықтан  Қазақстан 

Республикасының азаматын тәрбиелеу негізін қазақстандық патриотизм және ұлттық келісім құрайды. 

Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Педагогика ғылымында соңғы жылдары 

студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі кеңінен көтерілуде. Патриоттық тәрбие арқылы білім мен 

бағаны    тәрбиеленушінің  жеке  сеніміне  түпкілікті  айналдыру  процесінде  жүріп,  патриоттық  мінез-

құлыққа  ұмтылыс,  мемлекеттің  әскери  қуатын  дамытуға,  қарулы  күштерде  қызмет  етуге,  өз  Отанын 

қорғауға даяр болуын қалыптастырады.  Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – жеке тұлғаны өзін-өзі 

анықтауға  қабілетті  болуға,  азаматтылық  пен  патриотизм,  адамгершілік  пен  жауапкершілік  сезімдерін 

иеленген азамат ретінде қалыптастыру [1;86]. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің 

басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айқын белгіленген. 

Жастарды  патриоттық  рухта    тәрбиелеу  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  руханилықты 

қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие  процесі түрінде жүзеге 

асырылуы тиіс. 

Педагогикалық ұғым ретінде патриоттық тәрбиелеудің мазмұнына үш елеулі белгі кіреді:  біріншісі – 

мақсатқа  бағытталғандық,  әлеуметтік-мәдени  бағдар  ретінде    Қазақстанның  жетістіктері  мысалында 

студенттерді  патриоттық  тәрбиелеудің  бар  болуы;  екіншісі  –  процесс  барысының    адамзаттың  тарихи 

дамуының жетістіктері ретінде әлеуметтік-мәдени құндылықтарға сәйкестігі; үшіншісі – студенттермен 

жүргізілетін патриоттық жұмыс функцияларының мазмұны айқындалады.  

Студенттермен  жүргізілетін  патриоттық  жұмыс  тәрбиелік  функциясы    олардың    мықты  және 

қолайлы  қоғамдық-азаматтық  қызметке  қосылуына  қарай  айқындалады.  Атап  айтқанда,  осында  

студенттердің  бойында  патриотизм  сияқты  жоғары  сезімдер,  сондай-ақ  адамның  туып-өскен  жеріне 

жақындығы,  ана  тіліне  деген  құрметті  көзқарасы  қалыптасады.  Отанның  мүдделері  жайындағы 

қамқорлық,  азаматтық  сезімдерді  білдіру  және  Отанға  адалдықты  сақтау  сияқты  қасиеттерді  бойына 

сіңіреді.  Сондай-ақ  студенттердің  бойына  әлеуметтік  және  мәдени  жетістіктері  үшін    мақтаныш,  оның 

бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғау,  Қазақстан  Республикасының    өткен  тарихына  және  одан  мұраға 

қалған дәстүрлерге құрметті көзқарас қалыптастыру. Өзінің еңбегін, күші мен қабілеттерін атамекеннің 

гүлденуіне арнауға ұмтылу сияқты жоғары сезімдерді игереді. 




333 

Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмысты дамытушы  функция білім беру және тәрбие беру 

жұмысынан  шығады.  Патриоттық  таным    және  патриоттық  ойлау,  әрбір  қоғамдық  маңызды  фактіні, 

оқиғаны   жаңа құрылған ой ұстанымынан ұғына білу қабілетін қалыптастырады.  

Қазіргі  таңда  қоғамдық  және  адамдардың  жеке  өмірінің  бүкіл  атмосферасы  саяси  ақпаратпен, 

қарама-қайшы  нұсқаулармен,  бағалармен,  құнды  бағдарлармен    қаныққан.  Студенттерді  патриоттық 

тәрбиелеудің  әдістерін  анықтау  үшін  негіз  ретінде  ғалым-педагогтар  тәрбиелік  өзара  әрекеттесу  тәсіл-

дерін  таңдауда  тәрбиешінің  ұстанымына  бағдарланады.  Тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасында 

анықталатын  бірқатар  өзара  әрекеттесуді  атап  көрсетуге  болады:  студенттің  өз-өзіне,  өзінің  отбасына 

қатынастарының  сипатына  ықпал  ету  тәсілдері;  оны  құрдастарымен,  жұмыстағы  қызметкерлерімен 

қатынасу  жүйесіне  қосу;  көзқарасты  түзету  тәсілдері,  құнды  мақсаттарды  және  тәртіп  стилін  өзгерту 

[2;91].  Яғни  тәрбиелеу  әдістерінің  бір  мағыналы  анықтамасы  болмайды.  Сонымен  бірге,  студенттің 

қоғамға немесе өзіне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына  қатынастарын өзгертуге олардың 

ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге 

өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады. 

Тәрбиелеу  әдісі  оны  құраушы  элементтерге  (бөліктерге,  тетіктерге)  бөлінеді,  олар  әдістемелік 

тәсілдер  деп  аталады.  Әдіске  қатысты  тәсілдер  жеке,  бағынышты  сипатта  болады.  Олардың  өзіндік 

педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол 

және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр тәрбиеші сол және бір әдіс әр 

түрлі  тәсілдерден  құралуы  мүмкін.  Тәрбиелеу  әдістері  және  әдістемелік  тәсілдер  өз  арасында  тығыз 

байланысқан,  олар  өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір 

жағдайларда әдіс – педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайын-

далған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастыру-

дың  негізгі    әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Сонымен  бірге    ол  патриоттық  тәрбиелеу  моделін  іске 

асырудың  әр  түрлі  кезеңдерінде  пайдаланылатын,  негізгі  әдістемелік  тәсілдердің  бірі  болуы  мүмкін.  

Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмай-

ды. Сонымен бірге тәсілдер тәрбиеші жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогика-

лық қызметінің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері – бұл  тәрбиешә мен тәрбие-

ленушінің  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  міндеттерін  шешу  бойынша    бірлескен 

мақсатқа  бағытталған  қызметінің  тәсілдері.  Осы  уақытқа  қарай  тәрбиелеу  әдістерінің  мәні  мен  жұмыс 

істеу заңдылықтарын  ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақ және ерекшені, 

елеуліні  және  кездейсоқты,  теориялық  және  практикалықты  айқындауға  көмектеседі.  Сонымен  бірге 

олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгі-

лердің  тағайындалуын  түсінуге  көмектеседі.  Жоғарыда  айтылғаннан  тәрбиелеудің  жалпы  әдістерінің 

жүйесін ұсынамыз: жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін; жеке тұлғаның қызметін ұйымдас-

тыру және қоғамдық тәртібінің   тәжірибесін қалыптастыру әдістері; жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін 

ынталандыру және мотивациялау әдістері; тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау 

әдістері. 

Тәрбиелеу  процесінің  нақты  жағдайларында  әдістер  күрделі  және  қарама-қайшы  бірлікте  болады. 

Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде  

қолданылуы  мүмкін.  Бірақ  басқа  әдістермен  сәйкесінше  бекітпей,  олармен    өзара  әрекеттестірмей  ол 

өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа  қозғалуын баяулатады. Жеке 

тұлғаның  санасын  қалыптастыру  әдістері.  Әңгімелесу  –  бұл  сипаттамалық  немесе  әңгімелеу  түрінде 

жүзеге асырылады. Басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы қарастырылады. Жеке 

тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс Қазақстанның көрнекті адамдарының 

өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, 

қоғамдық  өмір  оқиғаларын  және  т.б.  сипаттағанда  кеңінен  қолданылады  [3;9].  Әңгімелесуге  тәрбиелеу 

қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; 

нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық. 

Егер  қандай  да  бір  ережелердің  (заңдардың,  принциптердің,  тәртіп  нормаларының  және  т.с.с.) 

дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді 

қамтамасыз ету мүмкін болмаса,  түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылы-

ғын  анықтайтын,  қисынды  байланысқан  ой  тұжырымдарын  пайдалануға  негізделген,  баяндаудың 

дәлелдемелік  нысаны  тән.  Көптеген  жағдайларда  түсіндіру  студенттердің  бақылауымен,  тәрбиелеу 

процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтар қоюымен үйлеседі, және әңгімеге ұласуы 

мүмкін. Сұхбат – бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының  және студенттің  белсенді өзара әрекет-

тесуінің  сұрақ-жауап  әдісі.  Сұхбатта  негізгісі  –  бұл  студенттерді  субъектімен  көзделген  тәрбиелеу 



334 

процесінің мақсатына біртіндеп  әкелетін  сұрақтардың мұқият  ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайын-

далып, ол тәртіп бойынша негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс.  Дәріс, әдіс 

ретінде көбінесе әңгімеге жақын болуы мүмкін. Сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымды-

лығымен,  қисынды  құрылымдардың,  бейнелердің,  дәлелдемелер  мен  жалпылама  қорытындылардың 

күрделілігімен  ерекшеленеді. Патриоттық  тәрбие  тақырыбы бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырып-

тың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, студенттердің 

бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқында-

лады.  

Жеке  тұлға  түсіндіру  мен  сендіру  құралдары  ретінде  сөз  бен  ойдың  әсер  етуі  нәтижесінде  ғана 

дамымайды.  Басқа  адамдардың  тәртібі  мен  қызметінің  жақсы  үлгілері  мен  мысалдарының  үлкен 

тәрбиелік мәні бар. Үлгі әдісі студенттерде  биік  ойлар тудыру,  «өмірді кімге қарап жасау керек»  деген 

игілікті  мақсат-перспективаны    анықтау  үшін  пайдаланылады.  Үлгіге  сүйену  саналы  сипатты  болады, 

студенттер  өздері  таңдаған  тұлғаның  жеке  қасиеттерін,  ішкі  қасиеттерін,  кейде  сыртқы  мәнерлерін 

пайдаланады. Ежелгі Рим философы Сенека: «Жақсылыққа адамгершілік  қағидалары арқылы жету қиын,  

мысалмен  жету  оңай»  -  деп  пайымдаған.  Қоғамдық  пікір.  Бұл  -  студенттер  ұжымы  қызметінің  әдісі. 

Қоғамдық пікір  ұжымның дамуымен және  қалыптасуымен бірге құрылады және  ұжымның студенттің 

жеке тұлғасына әсер ету әдісі болып табылып, ұжымда жұмыс істейді. Әдетте берілген әдіс, студенттер-

дің  әдеттерін,  әрекеттерін,  пікірлерін  анықтап,  олардың  тіршілік  әрекетінде  елеулі  роль  атқарады.  Ол 

бағалау, шектеу және ынталандыру қызметтерін  орындайды.  Бірақ қоғамдық пікір кездейсоқ құрылмай-

ды. Осы күрделі және нәзік процеске студенттер де, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар да  қатыса-

ды. Сендіру. Сендіру әдісінің ролі патриоттық тәрбиелеу процесінің  студенттердің саналылығын дамыту-

мен, олардың тәртіп ережелерін және қоршаған болмысты түрлендірудегі өзінің орнын түсінумен табиғи 

байланысты  болуымен  анықталады  [3;11].    Патриоттық  тәрбиелеу  әдісі,  процесі  және  осы  процестің 

нәтижесі ретінде, жеке тұлғаның тұрақты өмірлік ұстанымы ретінде сендіру әдісін ерекшелеу қажет.   

Жеке  тұлғаның  қоғамдық  патриоттық  мінез-құлқының  қызметін  ұйымдастыру  және  тәжірибесін 

қалыптастыру әдістері. Үйрету әдісін қолдану кейбір педагогикалық шарттардың сақталуын талап етеді. 

Ненің меңгерілуі тиіс екендігі туралы анық түсініксіз үйрету мүмкін емес. Студенттерге іс-қимылдардың 

сол  немесе  басқа  бейнесін  белгілей  отырып,  оны  аса  қысқа  және  айқын  ережеде  білдіру  қажет.  Әрбір 

берілген  уақыт  бөлігіне  олардан    патриоттық  тәртіп  түрі  қалыптасатын,  минимум  жеке  іс-қимылдар 

ерекшеленуі тиіс. Тәрбиелеу процесін тәжірибелі ұйымдастырушылар  патриоттық тәртіптің  тәрбиелене-

тін түрінің үлгісін  көрсетуге,  оған оң көзқарасты құруға үлкен мән береді. Әдетті  қалыптастыру үшін  

уақыт талап етіледі. Алдымен жасалатын іс-қимылдың дәлдігіне және сонан кейін ғана жылдамдығына 

қол жеткізу керек. Үйрету әдісі іс-қимылдың орындалуын бақылауды болжайды, ол  студенттерге мейір-

банды,  мүдделі    қатынасты,    пайда  болатын  қиындықтарды  айқындау  мен  талдауды,  әрі  қарай  жұмыс  

істеу  тәсілдерін  талқылауды  талап  етеді.  Студенттердің  өзін-өзі  бақылауын  ұйымдастыру  одан  да 

маңызды  болып  табылады.  Үйрету  әдісі  жаттықтыру  әдісімен  тығыз  байланысты.  Жаттығудың  

механикалық дағдыландырумен және тәртіптік психология: ынта-реакция-бекіту  рухында  жаттықтыру-

мен ортақ ештеңесі жоқ.  Әдетте тәрбиелеудегі жаттықтыру әдісі деп студенттердің дұрыс тәртібінің, 

міндеттерді шешудегі дербестілік тәжірибесін жинақтауына, олардың жеке қасиеттерін, сезімі мен еркін 

дамытуға,  жақсы  әдеттерді  қалыптастыруға,  білім,  сендіру  және  тәртіп,  сөз  бен  іс  арасындағы  бірлікті 

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күнделікті өмірді, оқыту процесін, қызметті ұйымдастыру жүйесін 

түсінеді [3;13].     

Педагогикалық  талап.  Педагогикалық  талап  патриоттық  тұлғаның  дамуын  басып  озбай,  сонымен 

қатар студенттің өз-өзіне қоятын талаптарына ауысуы тиіс. Талап оның алдында сол немесе басқа қызмет, 

мысалы, азаматтық парызын орындауға әзірлігі процесінде жүзеге асыруға тиесілі нақты міндет ретінде 

болуы  мүмкін.  Кеңес  беру.  Бұл  әдіс  колледжда  айтарлықтай  танымал  және  қолдануда  қарапайым. 

Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, оны студенттерге кеңес беру арқылы 

беруге талпынады. Бұдан басқа, кеңес беруді пайдаланып, оқытушы (немесе студенттер) жол-жөнекей, 

ығыр  қылмайтындай,  өзінің  студенттердің  қылықтарына,  іс-қимылдарына,  пікірлері-не  өз  көзқарасын 

жеңіл  түрде  білдіреді  және  осылайша  оларды  өзгертуге  талпынады.  Бұл  кеңестердің  ішкі  мағынасын 

ұғыну және  дараландыру үшін, олардың адресатпен қабылдануы өте маңызды. 

Жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері. Кез келген қызметтің 

тиімді өтуі, жеке тұлғаның  бар күшін салып белсенді әрекет ету мен алға қойған мақсатқа табандылық-

пен жетуіне байланысты болып келеді.  Егер адам бойында шарасыз қиындықтарды, қолайсыздықтар мен 

басқа жағдайларды жеңетін  қасиеттер, күшті, айқын, терең  дәлелдер бар болса,кез  келген  әдіс сапалы 

нәтижелер  береді.  Қызметті  мотивациялаумен  оны  ынталандыру  тығыз  байланысты.  Ынталандыру  – 



335 

ойға, сезімге және іс-қимылға ояту, түрткі, күш беру. Студент тұлғасына патриоттық тәрбиелеу факторы-

ның әсерін нығайту және күшейту мақсатында ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолданады. Олардың 

арасында жарыс, көтермелеу, жазалау және т.б. аса кең таралған болып табылады.  Тәрбиелеу процесінде 



жарыс  адамға  салауатты  бақталастыққа,  басымдылыққа,  озықтыққа,  өзін  танытуға    ұмтылу,  жоғары 

дәрежеде  тән  болуына  септгігін  тигізеді.  Әлеуметтік-психологиялық  фактісі  есепке  алынып,  тәрбиелеу 

процесінің субъектісімен құрылады. Студенттерді еңбекте және қоғамдық қызметте ең үздік нәтижелерге 

жету үшін күреске қатыстыру артта қалушыларды озықтар қатарына шығарады, белсенділік, ынталылық, 

жаңашылдық,  жауапкершілік  және  ұжымшылдық  сияқты  патриоттық  қасиеттердің  дамуын  ынталан-

дырады.  Көтермелеу    бұл  студентті  дұрыс,  ынталы,  шығармашылық  қызметке  сырттай  белсенді 

ынталандыру, ояту әдісі. Ол студенттер табыстарының қоғамдық танылуы, марапаттау, олардың рухани 

және материалдық қажеттіліктерін кезекпен қанағаттандыру көмегімен жүзеге асырылады. Мәжбүрлеу – 

бұл студенттерге кінәсін мойындауды және өз тәртібін түзетуді қаламауына қарамастан, өз міндеттерін 

орындауға  түрткі  болатын  шараларды  қолдану.  Ол  сендіруге  және  патриоттық  тәрбиелеудің  басқа 

әдістеріне сүйенген жағдайда ғана педагогикалық дұрыс қолданылады. Мәжбүрлеуді ақылмен пайдалану 

керек,  оған  қызықпау  және  оны  асыра  пайдаланбау  керек.  Ынталандыру  әдістері.  Олар  мақұлдаудан, 

кінәлаудан,  бақылаудан,  өзін-өзі  бақылаудан  тұратын  әдістер  тобын  білдіреді.  Барлық  төрт  әдіс  те 

студенттердің  қызметін,  әрекеттерін,  тәртібін  ынталандыру  мақсатында  немесе  керісінше,  егер  олар 

жағымсыз  сипатта  болса,  оларды  тоқтата  тұру  (рестимуляция)  мақсатында  пайдаланылуы  мүмкін. 

Әдістер  қосымша болып  табылады және тәрбиелеуді ұйымдастырушылар  тарапынан әдепті  қатынасты 

талап етеді. Мақұлдау әдісі қызметтің, тәртіптің, студенттердің білдіретін патриоттық қасиеттері немесе 

қатынастарының дұрыс бағалануы туралы куәландырады, ол ұйымдастырушылармен немесе студенттер 

ұжымымен  беріледі.  Әдіс  студенттерде  дұрыс  эмоциялардың  (сенімділіктің,  қанағаттанудың,  мақтану-

дың) пайда болуына мүмкіндік туғызады,  олардың  таңдаған ұстанымының дұрыстығын  растайды. Ол 

мақтау, алғыс, грамотамен немесе құнды сыйлықпен марапаттау, газеттегі мақалалар, құрмет тақтасын-

дағы фотосуреттер және т.б. түрінде қолданылуы мүмкін. Кінәлау әдісі қызметті, тәртіпті, студенттердің 

білдіретін қасиеттері мен қатынастарын теріс бағалауды білдіреді,  ол тәрбиелеуді ұйымдастырушылар-

мен  беріледі.  Берілген  әдісті  қолдану  студенттерде  жағымсыз  күйзелістер  (ұялу,  күйзелу,  өкіну,  сенім-

сіздік және т.б.) тудырады. Бірақ егер студенттер оқиғалар мен өз әрекеттерін сын тұрғысынан талдаса, 

тәртіп пен моральдың заңды нормаларына сәйкес келмейтін сол немесе басқа қасиеттерді жеңу жолдарын 

белгілесе, демек, әдіс сәтті қолданылған және мақсатқа қол жеткізілген [3;15]. Басқа реакция да болуы 

мүмкін:  студенттер  лайықсыз  әрекеттеріне  өкінбейді,  өзіне  талғампаз  болмайды,  өзінің  тәртібін  қайта 

қарастырмайды – бұл жағдайда кінәлау әдісі сәтсіз пайдаланылған деген тұжырым жасау керек. Бәлкім, 

әдістің барабар емес түрі таңдалған, студенттердің іс-қимылдарының себептері ескерілмеген, не болмаса 

олардың адамгершілігі қорланған, не болмаса жастардың болжанбайтын реакциясының басқа себептері 

болған  шығар.  Тәрбиелеу  процесін  ұйымдастырушылар  өздерінің  іс-қимылдарын  мұқият  талдауы, 

сәтсіздік себептерін және әдісті қолданудың басқа параметрлерін анықтауы қажет. Кінәлау әдісі ескерту, 

түсіндіру,  қайта  сендіру,  талқылау,  сөгіс  жариялау,  жоғары  оқу  орнынан  шығару    түрлерінде    іске 

асырылуы мүмкін. 

 

Патриоттық  тәрбиелеудегі  бақылау,  өзін-өзін  бақылау  және  өзін-өзі  бағалау  әдістері.  Патриоттық 



тәрбиелеу  процесін  басқару  оның  нәтижелілігін  сипаттайтын  кері  байланыссыз  мүмкін  емес.  Бұл 

функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмекте-

седі. Бақылау әдісі студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсыр-

малар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақы-

лау,  жиналыста  есеп  беру,  еске  салу,  қызметін  бағалап  жазбаша  бұйрық  беру,  тестілеу  түрінде  берілуі 

мүмкін. Негізгі  бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық 

қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша 

және  т.б.);  қоғамдық  пайдалы  қызмет  нәтижелерін  талдау;  тәрбиеленушілердің  патриоттық  тәртібін 

зерделеу үшін жағдайлар жасау. Өзін-өзі бақылау әдісін студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталан-

дыру  немесе  тексеру  үшін    өз-өзіне    қолданады.  Оны  білдіру  түрлері:  ойлау,  өз-өзін  бақылау,  өз-өзіне 

бұйрық беру, рефлексия, тестілеу.  

Патриоттық  рухта  тәрбиелеу  барысында  алдымен  патриоттық  сана  қалыптастыру,  патриоттық 

сезімін ояту, патриоттық іс-әрекетке бейімдеу жұмыстары атқарылады. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің 

танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір студенттен патриоттық сана, патриоттық сезім 

қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ [4]. Бүгінгі күнде патриотизмнің көрінісі – қазақтын 

ана  тілінде  сөйлеуі,  балаларына  ұлттық  тәрбие  беруі,  ұлттық  мінез,  жүріс-тұрыс  қалыптастыру,  ізет, 

құрмет, қайырым, мейірім, тағы да бай сезімдермен байыту. 



336 

Сонымен  студенттерді  патриотизмге  тәрбиелеуге  кешендік  тұрғыдан  келу  керек.  Яғни,  студент 

жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу жүйелі, мақсатты  түрде жүзеге асырылу барысында ғана нәтиже 

береді.  Сөйтіп,  студентерді  патриоттық  рухта  тәрбиелеудің  әдістемелік  негізі  мен  мазмұнына  біршама 

тоқталдық деген ойдамыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет