Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords:  communicative competence, personality culture, upbringing



Pdf көрінісі
бет461/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   548
Байланысты:
2

Keywords: 

communicative competence, personality culture, upbringing.



 

 

Компентенция – Құзыр мемлекет органының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Мемлекеттік 



өкімет және басқару органдарының негізгі өкілеттілігі Конституцияда белгіленеді [1, 79]. Құзіреттілік – 

оқушылардың, іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі [2, 88].   

Құзыреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталады: 

1) 


Нақты  білімдері  мен  дағдылары  арқылы  кейбір  міндеттерді  шешуге  ат  салыса  алатын  немесе 

мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері. 

2) 

Танымдық  және  тәжірбиелік  іс-әрекеттердің  теориялық  тәсілдерін  меңгеру  дәрежесімен 



анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі  [6, 226 б]. 

Коммуникативтік  құзыреттілік  қарым-қатынас  негізінде  жүзеге  асырылады.  Қарым-  қатынас  бұл 

біріңғай  іс  әрекеттің  қажеттіліктерінен  туындайтын  адамдар  арасындағы  байланыстың  дамуының  жан 

жақты  үрдісі.  Қарым-қатынас  –  адамдардың  бір-бірімен  байланысы,  оның  барысында  психикалық 

байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара көңіл білдіру, өара түсінісу түрінде аңғарылады.  

Соңғы  жылдары  ғылымда  «қатынас»  ұғымымен  қатар  «коммуникация»  деген  ұғым  қолданылады. 

Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас адамдар арасында ақпарат 

алмасу. Адам өзінің іс әрекетінде және күнделікті тұрмысында да басқа адамдармен әр уақытта да қарым 

қатынаста болады. Бұл қарым қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады [9, 124 б].  

Қарым-қатынас  –  өзара  іс  әрекеттер  қажеттіліктерінен  туындайтын  және  ақпараттар  мен  алмасу, 

адамды адам қабылдау, түсінуді қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың 

күрделі  процесі.  [6,  225  б].  Әрбір  адамәлеуметтік  ортада  өмір  сүргендіктен  басқа  адамдармен  ақпарат 

алмасады, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі 



354 

әлеуметтік,  ұжымдық  сипатта  болады.  Сондықтан  қарым-қатынасты  адамның  әлеуметтік  ортаға 

бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас- айнала қоршаған 

дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.  

Жалпы  ойланып  қарасақ  қарым-қатынасты  орнату  өнерін  жақсы  меңгерген  адам  өмірде  де  көп 

жетістіктерге  жете  алады,  жұмысында  да  беделі,  абыройы  жоғары  болып  қоршаған  адамдардың  сый 

құрметіне бөленеді. 

Шығыстың  әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн    сынды  ғұлама  ойшылдары  қарым-қатынас  ұғымының 

біртұтастығына,  адамдар  арасындағы  өзара  әрекетке  аса  зор  мән  берген.  Жүсіп  Баласағұнның  тәлім 

тәрбиелік  ойларға  толы  «Құтдағу  білік  (Құтты  білі)»  атты  дастанында  адамдардың  бір  бірімен  қарым-

қатынас жасау, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: 

«Сөзіңді  ізгі  сөйле, өлсенде өлгісі», «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз»,  «Қадірлісі тіліне ұят сіңгендер, 

жүрек сөзің жүрегімен білгендер» даналық сөздерінің тәрбиелік мәні қандай адамның болмасын жүрегіне 

жағымды, санасына сіңімді екені анық.     

Соңғы  жылдары  қарым-қатынас  мәселесі  көп  ғалымдардың  зерттеу  пәніне  айналды.  Онымен 

философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, психологтар мен педагогтар, т.б тығыз айналысу-

ды. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғасынан зерттеу үстінде. 

Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас өзара іс әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және 

ақпараттар  мен  алмасуды,  өзара  түсінуді,  қабылдауды  қамтитын  адамдар  арасындағы  байланыстарды 

орнатудың және дамытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады [6, 150-151 б.]. Қазақ тілін деңгейлеп 

оқытуда тілдің әлеуметтік ролін арттыра отырып қолдану қажет.  

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытудың  өзектілігі  тілдік  сұраныстың  басым  бағыттарын  айқындаудан, 

мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік  рөлін  арттырудан,  ұлттық,  жалпыадамзаттық  және  мемлекеттік 

құндылықтарды игеруден, білім мен тәрбиенің жаңа парадигмаларын әдістемемен ұштастырудан көрінеді 

[10,60 б.]. Қарым-қатынас сөйлеу арқылы жұзеге асырылады.  

Сөйлеу  –  (речь)  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік  беретін  жан  қуаты                

[8, 347 б.]. 

Сөйлеу – бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. Сөйлеу қарым-қатынастың 

ерекше жекелеген түсрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу  қарым-қатынасында  екі жақ  қатынасады айтушы 

және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге өажетті, сөздерді таңдап алады, оны грамматиканың 

ережелерімен  байланыстырады  және  сөйлеу  органдары  артикуляциясының  арқасында  айтып  береді 

[9,126 б.].  

Коммуникативтік  құзыреттілік  қарым-қатынаста  жүзеге  асырыла  отырып,  тұлға  мәдениетін 

қалыптастырады.    Мәдениет  –  (лат.тілінен  cultura-  өңдеу,  тәрбие,  білім,  даму,  құрметтеу)  материалдық 

және  рухани  құндылықтар  жасаушы  адамдардың  күнделікті  өмірі  мен  қызметінің  түрлері  мен 

формаларында көрініс беретін адам мен қоғам дамуының белгілі бір тарихи сатысы.  

«Мәдениет» түсінігіне адам өмірінің шығармашылық қызметі мен оның биологиялық формасының 

арасындағы  айырмашылық  жатады.  Философияның  түп-тамыры  «өмірге  түсінікті»  білдірсе,  ал 

мәдениеттану бұл «мәдениетке түсінікті білдіреді» [7, 15 б.].   

Мәдениет  –  қоғамның  даму  тарихының  жеткен  сатысын  сипаттайтын  және  адамзаттың  қоғамдық-

тарихи  тәжірбиесі  процесінде  қалыптасатын  материалдық  және  рухани  құндылықтар  жиынтығы                   

[6, 226 б.]. 

Мәдениеттану  –  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  мәдени  үрдістердің  объективтік  заңдылықтары, 

тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары 

мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні [4, 5 б].  

Тұлға – дербес әрекет пен айналысатын субъект ретіндегі нақты жеке адам . Ол оның өзіндік бағыт-

бағдары,  көзқарасы  мен  сенімі,  қызығу,  қажеттерінен  көрініс  береді.  Тұлға  әлеуметтік  тіршілік  ету 

жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі  ерекше өмір жолын  белгілейді және  ол мазмұны жағынан 

әлеуметтік  жағдайларымен  анықталады.  Ал  тегі,  құрылымы  мен  нысаны  жағынан  даралық  сипатта 

болады.  Тұлғаның  мәні  нақты  индивидтің  өзіндік  ерекшелігінде,  оның  әлеуметтік  жүйе  шеңберіндегі 

өзімен өзі болу қабілетінде ашылады [5, 540 б.].  

Тұлға  –  1)  дербес  әрекет  жасайтын  субъект  ретіндегі  нақты  жеке  адам  болмысының  қайталанбас 

ерекше  әдісі.  Адамның  қоғамдық  өмірінің  дара  нысаны.  Тұлғаның  мәні  нақты  индивидтің  өзіндік 

ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен өзін болу қабілетінде ашылады.  

2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным- орның еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның 

өкілі ретіндегі адам.  




355 

3) 

жеке  ерекшеліктері бар  қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын сезінген, қызметтің  белгілі бір 

түрімен  айналысатын  әлеуметтік  қауымдастықтың  белгілі  өкілі  нақты  адам.  Жеке  тұлғаның  ең  басты 

белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы [3, 245 б.].  

Тұлға-  адамдар  арасында  өз  ұстаным  жауапкершілікпен  және  еркін  анықтайтын,  қоғамның  өкілі 

ретіндегі  адам.  Өзін  қоршаған  әлеммен  өзара  әрекет,  қоғамдық  және  адами  қатынастар,  мәдениет 

жүйесімен  қалыптасады.  Адам  әлеуметтану  барысында  тұлға  болады.  Тұлға  педагогикада  белсенді 

пайдаланатын ұғым, психология ұғымы [2, 175 б.].  

Тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды  сапалар жүйесі,  оның әлеуметтік  құндылықтарды меңгеруі 

және  сол  құндылықтарды  ісе  асыра  алу  қабілеттері.  Жеке  тұлға  ретінде  адам  өзінің  санасының  даму 

деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Тұлға қоғамдық мәні бар адам. 

Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек саналы қоғамдық және еңбек іс әрекеттері арқылы ғана 

жеке тұлғаға айналады [6, 225 б.]. 

Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені 

кісі  болып,  ер  жету  үшін  бала  оңы  мен  мен  солын,  өзінің  «менің»  басқа  «мендерден»,  яғни  басқа 

адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, 

ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен 

айналысатын  азды  көпті  өмір  тәжірбиесі,  білімі  мен  дағдысы,  икемі,  дүниетанымы,  сенімі  мен  талғам 

мұраты, бағыт бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсідырғы өалыптасып үлгерген, 

өзінің  іс  әрекетін  тізгіндей  білетін  өз  бойындағы  жаман-жақсы  қылықтары  үшін  жауап  бере  алатын 

адамды да кісі, не тұлға дейміз [8, 53б.]. 

Тұлға белгілі бір іс әрекетпен айналысатын өзіндік санасы қалыптасқан естияр адам [8,347 б.]. 

Сонымен,  коммуникативтік  құзыреттіліктер  негізінде  тұлға  мәдениеті  жалпы  адамзаттық  құнды-

лықтар негізінде адамдардың рухани өмірінің әрекетінде қалыптасады.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет