Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   548
Байланысты:
2

письма  (ріtһ  –  ma)  сөзінің  негізі  деп  қарайды, бұдан  соң: bіs, bіč,  bіz –  кес, жаз  ұғымдарын  білдіретін 

түбірлер пайда болған. Мәселен, кес сөзі түркі тілдерінің барлығында да кездеседі. Ал тува тілінде осы 

мағынада кез сөзі қолданылады. Әрине, бұл жерде сөз соңында, тува тілінде, басқа түркі тілдерінде қол-

данылатын с дыбысының орнына ш не з дыбысы қолданылу заңдылығының барлығын көрсетуге болады. 

Чуваш тіліндегі хер сөзі мен көпшілік түркі тілдеріндегі қыз сөзінің арасындағы айырмашылықтар осы 

тілдерге тән заңдылықтар негізінде дәлелденді. Кейбір созылыңқы дауысты дыбыстар сөз құрамындағы 

дауыссыз дыбыстардың түсіп қалу нәтижесінде, мысалы, гагауыз тілінде аач // ағач (дерево), қырғызда 



28 

уул //  оғул (сын), тоо // тойе (верблюд) пайда болса, кейбір түркі тілдерінде,  мәселен, түркіменше аот, 

якутша  аат  (конь),  көне  түркіше  таол,  түркіменше  даолак,  якутша  tа  ол  (селезенка)  бұрыннан-ақ  бар 

құбылыстар  қатарына  жатады.  Осыған  орай  оларды  о  бастағы  созылыңқы  және  кейін  пайда  болған 

созылыңқы дауысты дыбыстар деп екіге бөліп қарау дәстүрі де бар. О.Сүлейменовтің пікірінше, түркілік 

осы  негіздер  индоевропа  тілдеріне  ауысқан  (грек.  >  лат.,  көне  инд.,  көне  иран).  Алдыңғы  Азияда 

Александр Македонский тұсындағы эллинистік мемлекеттердің сот, мемлекет ісі лексиконында екінші, 

үшіншілік мағыналарда «документ (құжат), келісім» түрінде қолданылған. Бұлардың бастапқы формасы 

саз таблицалар, ежелгі шумерлер саз пластинкаларға жазып, оларды күйдірген, кірпіш өндіру, керамика 

да сонау көне деректері көмескі замандарда түркілердің арғы тектерінен шыққан, қазіргі қазақ диалекті-

лерінде  ақкеріш  сөзі  сақталған,  ол  «известь»  мағынасын  білдіреді,  сөздің  екінші  сыңарында  «күйдіру» 

семантикасы  айқын  аңғарылады.  Сонымен,  түркологтар  қытайдан  алды  (bіtі,  қыт.  pіl  –  жазатын  қыл 

қалам)  деп  жүрген  біт,  бітіг  «жазу»  ұғымындағы  сөздердің  түп  негізінде  1)  кесу,  ою,  пішу, 2) жазу 

семантикалары жатыр, көне үнділер оның «кесу, ою» мағынасын, славяндар «жазу» мағынасын алған деп 

есептейді  О.Сүлейменов  [13, 97].  Бұл  негіздер  ауысқан  тілдерінде  жазуға  қатысты  ұғым  атауларын 

жасауға  ұйытқы  болған.  Түркі  халықтарында  «кесу,  ою»  мағынасы  да,  «жазу»  мағынасы  да  негізін 

сақтайды: bіč, bіčіk – жазу, кітап; byčak – пышақ, bіčen – пішен мағыналары көрсетеді. М.Қашқарида – 

пішім, тілім, кесім пішім» мағыналарында, «кесті, пішті» мағынасындағы пышты, пішті сөздеріне «м» 

қосылған дейді. М., бір пышым қағұн (Қашқари, 1, 41; 454). Қазақ сөйленістерінде осы мағынаның екеуі 

де сақталған: Шымкенттің Ленгір ауданында бітпе – «жазу нұсқасы, ескі жазу» дегенді білдіреді. Бұрын 

бізде бітпе материал жоқ еді (Лен.), мұндағы -пе зат есім тудырушы жұрнақ, осы түбірден ою мағынасы 

да жасалған, бітпес – киіздің бетіне шүберектен салынған ою. Бітпес салынған түкті кілемді ал (Қарағ. 

Ұлыт., ҚТДС, І, 147). Бітік – оғызша тұмар деген мағынаны білдіреді. Пышқы – ара. Пышқыны ағаш кесу 

үшін  пайдаланамыз.  (Сем.  Абай;  ҚТДС,  1969,  273),  құрал-жабдық  мәнді  атаулар  жасайтын  –  қы/кі 

жұрнағы арқылы жасалып тұр, мұндағы сөзжасамдық уәж – кескіш, кесу.  

Уәждену негізінен – төл лексикаға тән қасиет біт-(ік), біт-(пе), өс түбірінің есте жоқ ескі замандарда 

түркілердің атамекенінде пайда болып, Еуропаға түгел жайылып, қазақ тілінің сөздік құрамында үлкен 

сөзжасамдық қабілетке ие болуы оның жалпытүркілік лексикадағы белсенділігін байқатады, әлемнің әр 

алуан тіліне таралып, бірнеше атауыштық мәнге ие болу үшін ұзақ мерзім қажет екендігі белгілі, осыған 

сүйеніп аталған сөздерді славяндарға т.б. халықтарға Алтай дәуірі шамасында, Ұлы көшке байланысты 

ауысқан деп тұжырымдауға болады. Келтірілген, мысалдар, деректер түркілердің тарихқа дейінгі өмір-

тіршілігінен хабар береді, олардың адамзат өркениетіне қосқан үлесін анықтайды. Түркі халықтарының 

ататектері  сазға,  тасқа  тіліп  жазу  жазған,  ойып  сурет  салған.  Беделді  деректерге  сүйеніп  жасалған 

О.Сүлейменовтың реконструкциясын ғылыми негізсіз санауға дәлел жоқ.  

Мұндай деректердің мәнін ашып, білуге деген қажеттілік ұлт сана-сезімінің өсуімен, ұлттың өзіндік 

болмысын тануға деген ұмтылысымен ұштасып жатады, сондықтан да бұл деректер этнолингвистикалық 

зерттеу көзінің біріне айналып отыр. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет