ethics of speech, linguodidactics, teaching, teaching, pedagogical foundations.
Оқу – адамзат баласының бүкіл ғұмырында жетекші рөл атқаратын үш әрекеттің бірі ғана емес,
тырылуының алғышарты болып саналады. Сол себепті қандай пәнді де оқыту жайын қарастырғанда
оның педагогикалық негіздерін айқын білу, оны нақтылау қажеттігі туындайды. Бейіндік мектепте
оқытылатын «Сөз әдебі» таңдау пәнін оқытуда да сол сатыдағы мектеп оқушысының игерген білімдерінің
саналы меңгертілуі, оқу мотивтерін тудыруға ықпалы оқытудың лингводидактикалық мәслелерін жете
Оқыту үдерісінде оқу әрекетінің жүзеге асуы мен оған түрткі болатын мотивтердің нәтижеге жету
жолы, объективтік дүниенің субъективтіге ауысуы – интериоризация үдерісі сатылап жүреді. Осы
378
жүйенің ішкі бөліктері мен іске асу кезеңдеріне сай әрекет компоненттері өзара алмасып, бірігіп отырады.
Оқу мотивтері туғызған әрекеттер тізбегі белгілі бір мақсатқа бағындырылған бірнеше оқу ісінен
құралады. Яғни, әрекет нақты іс түрінде жүзеге асады. Осы істің жүзеге асуында мотив пен мақсат өзара
сәйкес келуі міндетті. Мақсат орындалуы үшін оған объективті жағдайлармен сай келетін шарттар мен
ойлау операциялары орындалуы керек. Зерттеушілердің айтуы бойынша, «Әрекет мотивтердің
қозғауымен, оқу ісі мақсаттың жетегімен, операция шарттарға бағындырылып жүргізіледі. Сондықтан
оқу әрекетін ұйымдастыруда осы бөліктерінің бір-бірінен туындайтын ішкі байланысы мен өзара қатысы
ескеріліп отырады» [1,86-б.].
Оқу мотивтері объективті түрде әрекетке, оның дамуына талдау жасау арқылы танылады.
Субъективтік жақтан олар жанама құбылыс ретінде – мақсатты орындауға тілек, талпыныс, ұмтылыс
түрінде көрінеді. Осымен байланысты мотивтердің мақсатқа ауысуының басқыштары, сатылары туралы
қазақ білімпазы М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегінде: «Тілектің іске асуының тиістілігін
бекітетін себептер қайраттың мақсатқа жету үшін жанның алға ұмтылуының бірінші басқышы»- деп
көрсетілген [2, 16-б.].
«Білім алушының білімдік әлеуеті жоғары болу үшін ол әр түрлі өмір жағдаяттарында өздігінен
шешім жасап, жол тауып, кез келген мәселеге қатысты ой-пікірін анық та ашық, түсінікті де дәйекті айта
алатын құзыреттілікке ие болуы тиіс. Бұл әрине тілді меңгертуде оқушының әлеуметтік дағдылары мен
коммуникативтік қабілетінің қалыптастырылуына қаншалықты мән берілуіне байланысты. Мұндай
деңгейге ол білімді сапалы игеру нәтижесінде қол жеткізетіні анық». [3, 3-б.]Қазақ тілін оқушылардың
танымдық қызығушылығын оята отырып оқыту мәселесінің педагогикалық негіздерін айқындауда қазақ
баласының тілін дамытуға, ойын өсіруге ерекше көңіл бөлген М.Жұмабаевтың тұжырымдары мен
пікірлерінің орны бөлек. Ол: «Жанның терең түкпірінде жатқан ойларды, жүректің жетпіс қабат астында
жатқан ыстық сырларды ашып, шешіп беретін адам сөзінен қымбат дүниеде не бар? Міне, бізді басқа
адамның жанымен шын табыстыратын нәрсе – осы сөз бен сезім», - дейді [2, 165 б.]. Осылайша ол
адамдардың өзара тіл табысуының да, бірлесір өмір сүруінің де кепілі сөз екендігін түйіндеп жеткізеді. Ол
тілді тек қатынас құралы деп емес, ұлттың өмір сүруінің басты шарты деп те бағалаған. Жас ұрпақтың
талғамын, сұлулық сезімдерін тәрбиелеуді ұсынады. Оның қатарында тек жаратылыстың сұлулығын ғана
емес, сұлу искусствоны сезінсін дейді: «Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін. Сұлу сөздер мен сұлу
өлеңдер жаттасын», - деп бағыт береді [2,208 б.]. Мұнда ол баланың ес біле бастаған шағынан өмір бойы
адамға қажет болатын нәрсені айтып отыр. Бұл, әсіресе, қазіргі таңда оқушылардықазақ сөзінің
әуезділігін, ұйқасымдылығын, үнділігін танытуды көздейтін тіл сабақтарында да кеңінен қолданыс табуы
тиіс әдістің бірі болғаны тиімді. Сондықтан сөз шеберлігі мен әдебіне бастайтын бір жол – оқушының
әртүрлі сипаттағы, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді таңдап, талғап оқуына, оларды түсініп жаттауына орайлы
оқу материалдарын сабақ барысында көбірек пайдалану. Бұл оқушының есте сақтау қабілетін шыңдаумен
бірге әуезді, мазмұнды, сұлу сөйлеуге үлгі ретінде де ықпал етеді. Сондықтан бейіндік мектеп оқушысына
да сөз әдебін, сөз шеберлігін үйрету бағытындағы жұмыстарды бұл әдістер үнемі ескеріліп отырды.
Қазақтың педагогикалық психология ғылымының негізін қалаған Ж.Аймауытов:«Тәртіп пен оқыту
жақындасып айқасу керек. Жақсылықтың не екенін білу аз, жақсы істі ете алатын ерлік керек. Бұл –
оқыту мен тәртіптің істері. Бала әлеуметтік рухында тәрбиеленуі керек. Шәкірт көңілі соққан нәрсеге
емес, істеуге міндетті нәрсеге үйретілуі керек. Ол мектеп ережесін құрметтей біліп, әлеумет, мемлекет
тілегіне өз тілегін бағындырып үйрену керек», – дейді [4, 346 б.]. Ғалым пікірінің заманауи педагогикада
демократиялылық пен ізгілендіруді білім мен тәрбиенің аясындажүзеге асыруды көздеп отырған үздіксіз
білім жүйесінде атқаратын рөлі зор. Оқу үдерісінде оқушыға еркіндік беріп, мақсатқа жеткізу үшін оның
жеке мүддесі мен қоғам мүддесін өзара бірлікте қарау қажеттігі туындайды. Сөз мәдениеті мен әдебін
оқушыға меңгертуді көздейтін бүгінгі оқыту үрдісінде мемлекеттің де, баланың да мүдделері тоғысып
жатқаны айқын. Себебі академик Рәбиға Сыздықтың сөзімен айтқанда, «Мәдениетті тіл ғана мәртебелі».
Әр кезде десыпайы, мәдениетті қарым-қатынас жасауға, сөз шеберлігіне, тиянақты ой айтуға үйрету
оқушы мен мектептің өзі өмір сүріп отырған мемлекеттің тілегі мен көздеген түпкі нәтижесімен
қабысатыны даусыз.
Білім беру жүйесінің әрбір сатысында болса да, ана тілін меңгерту тек грамматиканы меңгертумен
немесе сөйлеу тілін жетілдірумен шектелмейді. Өйткені ана тілі – дүниені танудың кілті. Бұл пән
оқушының білім алу дағдыларын: ойлауға үйрететін танымдық дағдыларды да, оқылым, тыңдалым,
жазылым, айтылым, тілдесім секілді сөйлеу әрекетіне қажетті қатысымдық дағдыларды да, сонымен
қатар оқушының ұлттық болмысын, әлеуметтік рөлін қалыптастыруға қажетті амал-тәсілдерді меңгерту-
дің де бірден-бір негізі болып саналады. Сондықтан да тілді сөз әдебі тұрғысынан меңгерту үдерісі
қиындығымен, көп аспектілігімен және көп факторлығы мен ерекшеленеді. Өйткені сөз әдебі сабақтарын-