УДК 379.8
ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Жұмағалиева Г.Е.
Орал қ.
Қай кезді алып қарасаң да қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады.
Жастар деген кім? Оларға қандай миссия жүктеледі. Бүгінгі заманның жастар қандай
болмақ? Мемлекет-жастарға барлық мәселеде қолдау білдіріп,мүмкіндіктер жасауда.
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-
жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа
Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті
қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020
жылға арналған тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр.
Демек, бүгінгі күн де, ертең де, болашақта жастардың қолында. «Қазақстанның
болашағы – жастардың қолында» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев барлық жастарға үлкен
сенім артып отыр [1]. Бұл сенімді ақтау үшін жастадың дені сау, шыныққан, білімді,
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне өз күшін аямайтын
жастарды тәрбиелеу бүгінгі заман талабы болып табылады.Бұл ұлттық, халықтық,
мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдістерінен хабардар, көзі
ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе.Ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың
мәселесі [2].
Қазіргі таңда жастардың жеке таңдау мүмкіндігі шектелмеген. Бұқаралық ақпарат
құралдары дамуының арқасында жастардың жетістігі тек өз ортасымен ғана шектелмейді.
Бұл жастардың әлеуметтік орта туралы жан-жақты хабардар болуын қамтамасыз етіп,
интеллектуалдық дамуына жағдай жасайды.
Бос уақыт - әрбір адамның ұмтылатын мақсатының айғағы. Бос уақыттың мәні –
парасаттылыққа, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның өз мінез-
құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Бос уақыт - өз
басың үшін көкейтесті игілік. Бос уақыт адам өміріне күнделік күйбең тіршіліктен бір
уақыт арылып, мидың жұмыс жасау қабілеттілігі мен ада организмнің жаңаруына оңды
әсерін тигізеді [4.]
Адам өзінің бос уақытын қажетінше тиімді қылып өткізу, ертеңің үшін алға қойған
мақсат мұраттарыңды қадағалауға, кеше істеген істеріңнің дұрыс немесе қате кеткен
жерлеріне зейін қоюға мүмкіндік береді. Бос уақытты тиімді өткізетін адам, алдына
қойған мақсат-мұратына ең алдымен өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Білімді, білікті,
қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын адам, өзінің бос уақытын арнайы мәдени
орындарда, театр, кино, саябақтарда өткізеді. Бұндай орындардың адам өміріне тигізетін
пайдасы өте жоғары болмақ. Соның ішінде шығармашылықпен айналысатын адамдар
үшін, әрине қазіргі нарық заманында адамның бос уақыты бола бермейтіні белгілі. Әйтсе
де, қандай да болмасын адам өзі үшін, өзінің өмірінің мәнді өтуі үшін бос уақыт тудыруға
тырысуы шарт. Бос уақытты тиімді пайдаланудың өзі ойлау қабілетінің болуы мен қатар
білімділігіне де тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: