Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзындығы 60-100 м дейін барады (макроцистис туысы). Сондықтанда оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тоқтайды, үлкен пароходтардың жүрісін тежейді және суға қонатын самолеттердің қонуына едәуір кедергі жасайды.

Классификациясы
Қоңыр балдырлар бөлімі үш кластан тұрады:
изогенераттылар (Іsоgеnеrаtае) класы,
гетерогенераттылар (Неtеrоgеnеrаtае) класы
цикласпоралылар (Сусlоsроrеае) класы.
Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрылымы гүлді өсімдіктерге ұқсас. Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан ұзындығы 3-4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі түрлерінің жалпақ таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.