Тақырып -3 Отбасы құқығы бойынша неке ұғымы



бет1/4
Дата16.03.2023
өлшемі24,13 Kb.
#74856
  1   2   3   4
Байланысты:
Lek 3


Тақырып -3


Отбасы құқығы бойынша неке ұғымы

  1. Отбасы құқығындағы неке ұғымы.

  2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасын төмендетудің негіздері мен тәртібі. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру.

  3. Некеге тұруға кедергі болатын мән-жайлар.

  4. Некенің жарамсыздығы, некені жарамсыз деп танудың негіздері мен тәртібі.

  5. Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар. Некені жарамсыз деп танудың құқықтық салдары



Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттеиді:
Некеге тұру; Некені оқтату
Некені жарамсыз деп тану
Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал актілеріи жазатын мемлекеттік органдар арқылы тіркеледі.


Некеге (ерлі- зайыптылыққа) тұру шарттар
Маңызды шарттар: - некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімдерінің болуы;
-неке жасына жетуі;
-некеге тұруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы;


Неке жасы
Еркектер мен әйелдер үшін - 18 жас
Дәлелді себептер болған жағдайда- 16 жас


Дәлелді себептер
-баланың дүниеге келуі;
-жүкті болуы;
-некеге тұрушылардың біреуінің ұзақ мерзімге іс-сапарға кетуі;
-тағы басқа жағдайлар


Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға кедергі болатын жағдайлар
Неке қиылуына жол берілмейтін адамдар:

  • бір жынысты адамдардың

-біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдар;
-жақын туыстар
-асырап алушылар мен асырап алынғандар
-біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақылесі кемдігінің салдарынан сот әрекет қабілетсіз деп таныған адамдар.


Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды медициналық зерттеп-қарау
Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалык мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация беруді және зерттеп-карауды денсаулык сақтау ұйымдары және тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет