Тақырып №5 Өркен және өркендер жүйелері. Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысының дамуы Сұрақнама: 1.Қосжарнақты өсімдіктердің алғашқы анатомиялық құрылысында сабақтың
және орталық цилиндірінің негізгі аймақтарын атаңыз. Қос жарнақты өсімдіктердің шеңберлік камбий түзілгенге дейінгі сабағының анатомиялық құрылысын алғашқы деп атайды. Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы оның көлденең кесіндісінде 3 топографиялық аймақтан: жабындық ткань, алғашқы қабық және орталық цилиндрден тұрады. І.Жабындық ткань эпидерма (өң) клеткалары бір-бірімен тығыз бір қатарлы болып орналасады. 2. Алғашқы қабық сырты эпидермамен, іш жағынан өзінің шекаралық қабаты эндодермамен шектеледі. Орталық цилиндрмен жанасқан қабатты эндодерма немесе крахмалды қынап деп атайды, клеткаларында қорлық крахмал сақталады. Крахмал қынабының клеткаларының пішіні төрт бұрышты, бүйір қабырғалары жұқа. Сабақта тамырмен салыстырғанда эндодерма нашар жетілген. 3. Орталық цилиндр: перицикл, өткізгіш тканьдер, өзек жэне өзек сәулелерінен тұрады. Перицикл, орталық цилиндрдің сыртқы қабаты.
2. Сабақтың шоқты және шоқсыз құрылысының бір-бірінен қандай
айырмашылығы бар? Шоқтық құрылыс. Егерде өсімдіктің жекелей дамуының (онтогенез) бастапқы кезеңдерінде прокамбий бөлектенген сілемдер түрінде қальштасса, онда сабақтың алғашқы қүрылымы - шоқты. Бұдан әрі, камбий прокамбийден жөне өзектік сәуле паренхималарынан қалыптасады. Талшықты өткізгіш шоқта прокамбийден пайда болған камбий - шоқтық деп аталады. Даму барысында бұл камбийден соңғы ксилема жөне соңғы флоэма түзіледі. Ал енді өткізгіш шоқтардың арасындағы пайда болған камбий - шоқаралық деп аталады. Шоқаралық камбийден паренхима қалыптасады да, ол өз кезегінде екінші өзектік сәулелерін түзеді. Демек, сабақтың анатомиялық соңғы құрылысыңда оның өткізгіш ұлпалар жүйесінде шоқтық құрылым сақталады. Дара жарнақтыларға қарағанда, қосжарнақтылар сабағында талшықты өткізгіш шоқтар белгілі бір ретпен, шеңбер түзе орналасады.
Біртұтас шоқсыз құрылыс. Прокамбий өзінің даму кезеңінің басында біртұтас, шеңберлі қалыптасады. Бұдан әрі прокамбийдің жіктелуі барысыңда, сыртына біртұтас, шеңберлі алғашқы флоэма ішкі жағына - алғашқы ксилема дамиды. Даму барысында прокамбий камбийді туындайды да, одан жоғарыдағы ретпен, шеңберлі соңғы флоэма жөне соңғы ксилема қалыптасады. Демек, сабақтың анатомиялық құрылысының түрінде оның алғашқы және соңғы құрылысында өткізгіш ұлпа құрамдары біртұтас шеңберлі болады. Сабақ құрылысының мұңдай түрі таулық фломисте (Phlomis oreophila) және басқада шөптесін өсімдіктерде (зығырда-Linum жөне с.с.) жөне қосжарнақты ағаш өсімдікгер мен ашықтұқымдастарда жиі кездестіруге болады.