Тақырып / Тема Өсімдік эволюциясындағы сабақтың құрылысының өзгерісі. Өсімдіктің негізгі топтары



бет2/5
Дата20.05.2022
өлшемі109,6 Kb.
#35174
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).


Сабақтың ішкі құрылысы





2-сурет. Сабақтың ішкі құрылысы.
1. Сыртқы қабық.
2. Тоз.
3. Камбий.
4. Сүрек.
5. Өзек.

а) Бір жылдық ағаш;


ә) Екі жылдық ағаш;
б) Үш жылдық ағаш.

Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек (2-сурет).


1. Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң – түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады. Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.





2. Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын сылып тастаса камбий жасушаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады). Қабықшасы жыртылған жасуша ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді. Сылынған жерді саусақпен сипаса, шырышты дымқыл байқалады. Камбий ағаштардың бір жылдық өркенінде (2-суретте, а) қабықтан кейінгі сары түсті қабат) пайда болады. Камбий жасушалары ұшы сүйірленген ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді. Камбийден жылдық қабаттар (шеңберлер) түзіледі. Шеңбер саны арқылы ағаштардың жасын ажыратуға болады.
3. Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі.
4. Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі.
Cабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.
Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер,) қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше «биос»-өмір, «морфе»-форма) деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өздік сыртқы бейнесін (габитус) айтады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, А.Б.Келлер, И.С.Серебряковтың есімімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлер(1993) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа,тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін керек». В.Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген,оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтады.
И.Джефридің,кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскопиялық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршлік формаларының құрамы климаттық жағдайларының көрсеткіші де бола алады.
К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады, олар: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. Фанерофиттер (грекше «фанерос») - бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабығымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар - ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофиттер деп бөледі (грекше «мега» - үлкен, ірі, »мезос» - орташа, »микрос» - кішкентай, нанос - ергежейлі).
К.Раункиер фанрофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер - ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ереше тіршілік формасы.
2. Хамефиттер - бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шығады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай, «крипто»-жабамын) - көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды.
4. Криптофиттер (грекше «гео»-жер) - жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің бүршіктері топырақта бір сантиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамыр сабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегатативтік өркені суға батып тұрады, сонддықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер(грекше «терос»-жаз) - біржылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегатациялық кезеңдерде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет