Тақырып 13. Саяси сана мен саяси идеология Дәріс 13  Қарастырылатын мәселелер


Саяси сананың атқаратын қызметтері



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі23,45 Kb.
#88072
1   2   3
Байланысты:
Саяси сана

Саяси сананың атқаратын қызметтері. Саяси сананың коғам өмірінде атқаратын рөлі оның кызметтеріне байланысты сан килы болып келеді. Адамдардың, саяси топтардың өз мүдделерін түсінуі, басқалардың мүмкіндіктерімен салыстыра қарастыруы, мемлекеттік билік институттарымен қарым-қатынастарын сана-сезім елегінен өткізуі, саяси іс-әрекеттерге белсене қатысуға жұмылдырылуы осы саяси санаға тәуелді. Саяси сананың қызметтерін былай деп жіктеуге болады:
танымдық (когнитивтік): саясат саласының әр түрлі қыр-сырларын танып-білуге деген мұқтаждық;
идеологиялық: мемлекетті, ұлтты, саяси партияны билікте қол жеткен шептерді берік ұстап, сақтап калуға топтастыру қажеттілігі;
коммуникативтік: саясат субъектілерін билік институттарымен өзара байланыстыруды камтамасыз етуге деген кызметі;
болжамдық: саясат субъектілерінің саяси үдерістердің барысын бағдарлауға, соған орай саяси мақсаттар қоя білуге деген қабілеттілігі;
тәрбиелік: белгілі мақсат-мұраттарға сай саяси мінез- құлықты қалыптастыруға ықпал етуге деген мүмкіндігі.
2. Саяси идеология-идеология ядросы болып табылады. «Идеология» (гректің ideа және logos идея, білім; оқу, идеялар туралы ілім) –көзқарастар мен идеялар жүйесі. «Идеология» терминін қоғамдық ғылымдарға Антуан Дестют де Траси енгізді.Ол өзінің «Идеология элементтері» атты еңбегінде анықтама берген. Траси және оның замандастары П.Кабанис және К.Вильней ерекше «идеология ғылымын» жасап шығарды,яғни идеялар туралы ілім.
Идеологияның практикалық маңызын ерекше атай отырып, Траси идеология- саяси және идеологиялық өмірдің, саяси іс-әрекеттің, мемлекеттің фундаменті болуы тиіс дейді.Траси Бэкон, Локк, Гельвеций, Кандильяктің еңбектерін алғаш рет жүйелеп,идеология туріалы алғаш рет толықтай ілім жасаған адам.
Саяси идеология - бұл абстрактылы –теориялық түсініктер, идеялар, теориялар және абстрактылы –практикалық бағдарламалар, шешімдер, лозунгтер жүйесі.
Саяси идеологияға тағы да бір анықтама бұл саясаттану ғылымында кең тараған саяси идеологияны “белгілі доктрина қоғамдық пікірлерді өз идеяңмен ұштастыра білу”.
Саяси идеология өте ерте заманнан дамып келе жатқан процесс. Адамзаттың жүріп өткен тарихы ежелгі полистің идеялары мен идеалдарынан (азамат идеясы, демократия және республика идеясы) бастап, ортағасырлық догмалар мен ересейлермен (хистиандық-Европаның мемлекеттік идеологиясы ретінде, діни көзқарастар қақтығысы) жалғасып, жаңа заманның және қазіргі заманның саяси концепцияларына дейін (гуманизм, либерализм, консерватизм, марксизм).
3. Ғылыми әдебиеттерде бірнеше басты философиялық-социологиялық бағыттарды бөліп қарастырады.Олар саяси идеологияның концепциясының қалыптасуына ықпал еткен басты факторлар:марксизм-ленинизм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин), неміс социология білімдері (М.Шелер, К.Мангейм), әлеуметтік позитивизм (К.Коппер, Г.Альберт, Т.Гейгер, Э.Топич т.б.), Франкфурт мектебі (Т.Адорно, М.Хоркхаймер, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т.б.), оңшыл ревизионизм (Э.Фишер, Л.Колаковский, Р.Гароди).
Саяси идеологияны анықтаудағы тұжырымдардың көптігін екі сипатта бөліп қарастыруға болады:
батыс ғалымдарының бағыты бойынша саяси идеоологияны жасанды сана ретінде қарастыру.
 ғылыми тұжырым басымдылығы,идеология прогрессивтілігі кеңес ғалымдары мен оқытушыларына тән сипат.
Саяси идеология пәнінің мазмұны оның түсініктері мен категорияларында көрініс табады.Олардың басқа идеологиялық формалардан айырмашылығы –ойлаудың спецификалық формасы болып табылады.
Танымның келесі формасы саяси идеялар. Саяси идеяда идеалдық обьектінің саяси шындыққа айналуы бейнеленеді.
Саяси идеялар, концепциялар мен теориялар тек практикалық іс-әрекеттер негізінде ғана жүзеге асып қоймайды, рухани әрекеттің тағы д бір формасы- саяси бағдарламалар арқылы жүзеге асады,бұлар теориялық қосымша сипатқа ие. Саяси бағдарламалар –бұл партияның, әлеуметтік топтың және басқа да ұйымдардың ұсынылатын жоспары.
Саяси идеологияның құрамдас ажырамас бөлігіне саяси лозунгілер кіреді.Олар қысқаша формада негізгі идеялар мен талаптарды бейнелейді.Лозунгтің басты сипаттамасы –бұл императивтік. Ол қоғамның аяси дамуының нақты қажеттілігінен туындайды.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден келіп шығатын қорытынды саяси идеология құылымы абстрактілі – практикалық сиптатқа ие.Бұл құрылымның дамуы абстракциядан практикаға немесе керісінше жүреді.
Тек функциялары арқылы ғана саяси идеологияның қоғамда алатын құндылықтарының мазмұны ашылады. Саяси идеологияға екі функция комплексі сипатты:танымдық функциялар комплексі және әлеуметтік функциялар. Алғашқысына танымдық, бағалаушылық, нормативтік функциялар кіреді.
Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік функциялар комплексіүлкен роль атқарады: қорғаныстық, болжамдық, тәрбиелік, пропагандалық, легитимдік функциялар.
Саяси идеологияның басты бағыты-қоғамның әлеуметтік мүдделерін қорғау.
Жоғарыда аталған функциялар саяси идеологияның соңғы деңгейі актуалды немесе белсенді деңгейіне алып келеді.Мұнда нақты саяси идеологияның іс жүзіне асырылуы, принциптер, мақсаттар негізінде жүзеге асырылды.
Саяси идеология тұлғаның әлеуметтенуіне жеке идентификациясына әсер етуші басты фактор.
Тарихи эволюция, менталитет ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік стратификациясы, идеалдар көпшілігі саяси идеологияның түрлі вариацияларының туындауына алып келеді. Оларды төмендегідей сипаттары бойынша классификациялауға болады: деңгейлік (вертикалды және горизонталды анализ), түрлі жүйе жасаушы сипаттамалар.
Саяси идеологиялар өз қызметі барысында бір-бірімен, сонымен қатар мемлекетпен және өзге де саяси институттармен,жалпы қоғаммен белгілі бір қарым-қатынасқа түседі. Осындй қарым-қатынастар арқылы олар социологиялық жүйені түзеді. Бұл ұғымға мемлекеттегі саяси идеологиялар жиынтығы мен олардың қарым-қатынас принциптері кіреді.
Қандай да бір елдің идеологиялық жүйесінің сипаттамсы мен ерекшеліктері көптеген факторларға -әлеуметтік-саяси күштердің орналасуына,қоғамның саяси сауаттылық дәрежесіне, саяси сана мен мәдениет деңгейіне, тарихи дәстүрлерге, ұлттық құрам мен діни жағдайға және т.б.байланысты. Идеологиялық жүйенің қалыптасуына әрекет етуші заңнама елеулі ықпал етеді.
Осыған орай идеологиялық жүйенің әр түрлі типтері қалыптасады: плюралистік және монистикалық (моноидеологиялық).
Плюралистік идеологиялық жүйе идеялық саладан саяси плюрализмнің көрінісі болып табылады,елде бірнеше саяси идеологияның болуымен сонымен қатар саяси көзқарастарды еркін түрде білдіру мүмкіндігімен сипатталады. Бұл идеологиялық жүйе түрлі әлеуметтік топтардың толығырақ өкілеттілігін қамтамасыз етеді,саяси поцестің бәсекелігі мен бұқаралығына ықпалдасады,қоғамның демократиялық дамуының оңтайлы нысаны мен шарты ретінде болады,қандай да бір идеология тарапынн болатын тотальды басынушылықтан тұлғалық қозғалуына кепілдік береді.
Монистикалық идеологиялық жүйе бір саяси саяси идеология тарапынан билікке монотиппен сипатталады.Үстем саяси идеология өзінен өзге қоғамдық ой-санаға билік етушілерді болдырмайды.Бұл жүйе тоталитарлық мемлекеттерге тән,мұнда идеологиялық және мемлекеттік құрылымдар бірігіп кетеді,ал билік етуші идеология мемлекетте үстемдігін жүргізіп қоғамды езгіге ұшыратады. Билік функцияларының бір саяси идеологиямен мононполизациялануы субьективизмге,догматизмге, саясат пен қоғам өміріндегі дағдарыстарға, қоғам мен билік арасындағы бұзылуына, тұлғаның шеттетілуіне әкеледі.
4. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылатындығын тағы бір рет атап көрсетті. Елбасының пікірінше мақсатқа жету үшін қазақстандықтардың санасы ісінен озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісі бүгінгі заманның болмысына сай келмейді. Өзгеру үшін заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек. Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.
Жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Халық тарихы мен ұлттық салт-дәстүрі алдағы өркендеудің берік діңі болуы тиіс. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын Елбасы атап өтті:
Бәсекелік қабілет;
Прагматизм;
Ұлттық бірегейлікті сақтау;
Білімнің салтанат құруы;

  1. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

Елбасы қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыру және заман сынағына лайықты төтеп беру үшін алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жоба ұсынды:
Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру;
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу
 «Туған жер» бағдарламасын қолға алу;
Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру;
 «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру;
 «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет