Тақырып 2: Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет1/3
Дата05.10.2022
өлшемі179 Kb.
#41473
  1   2   3
Байланысты:
тақырып 2


Тақырып 2: Әлеуметтану теорияларына кіріспе

1. Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер.


2. Әлеуметтану ғылымының пайда болып, қалыптасуының классикалық кезеңі (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
3. ХХ ғасырдағы жаңа әлеуметтік теориялар. Атақты ғалымдар.
4. Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.


Әлеуметтанудың пайда болуы
Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Дәстүр мен наным-сенімдерді рационализм мен ғылым ал­мас­тыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мұндай текетірестің айқын көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.
Қантөгіс болмаса да индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылы­ғы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолдары мен әлеуметтік сенімдер біржола жойылып бара жатты. Осы тұста бұрынғы миллиондаған шаруа мен жұмысшы қарқынды дамып келе жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.
Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние­ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сондай-ақ бұл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналды, ал жұрт бұдан көп үміт күтті. Электр, телеграф және рентген ойлап табылғаннан кейін ғалымдар қылмысты, кедейлікті немесе соғысты қалай жоюға болатынын білмейді деп кім айта алады? Жұртшылық жылдам өзгеріп жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зерттеулердің құралдары көмектеседі деп үміттенді.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер
XIX ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның – Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет