1 Тақырып. Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі 1.1 Зертханалық жұмыс Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау (10 сағат)
Сабақтың мақсаты – су құрамының негізгі қасиеттерімен танысу, өз бетімен суды сипаттауды үйрену. Судың негізгі сапасын анықтау: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық.
Тапсырма - су сапасының негізгі көрсеткіштерін анықтау: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық (2 сағат). Су объектілерінің органолептикалық (физикалық) қасиеттерін анықтау (2 сағат). Су объектілерінің химиялық қасиеттерін анықтау (6 сағат).
Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет:
химикаттарды және ерітінділерді сілеймелі қабаттарға,
теріге, киімге тигізбеу;
тағам (ішімдік) ретінде пайдаланбау;
өткір иісті және ұсақ кристалды (шаң түзетін) химикаттармен де алмау;
химикаттардың саңылаусыз оралымына және
этикеткалардың дұрыс оқылуына көңіл аудару керек және шыны ыдысты бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті сақтау қажет.