Көрсеткіштері: экзогенді улану (сапасыз тамақтар, у, арақ т.б.); эндогенді улану (уремия, бауыр жетіспеушілігі т.б.).
Қарсы көрсеткіштері: өңештің органикалық тарылуы; өңештен, асқазаннан қан кету;
ауыр жалпы жағдайлар (миокард инфарктісі; ми қан айналымының бұзылыстары және т.б.); 60-тан асқан адамдар; жүктіліктің екінші жартысы; асқазан ойық жарасы.
Стандарт
Талаптың мазмұны, шарттары
Іске асыру бойынша талаптар, орындау алгоритмі
1
Персоналдың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын медициналық талаптар
Процедураға дейін және кейін қолды
гигиеналық өңдеу
Процедура кезінде қолғаптарды пайдалану
2
Материалдық ресурстар
Медициналық құралдар, аспаптар, бұйымдар
Ұзындығы 1-1,5 м жуан асқазан зонды;
Ұзындығы 70 см резеңке түтік пен жалғастыруға қажетті шыны түтік ;
Жане шприці
Ауыз ашушы
Фонендоскоп
Тонометр
Дәрілік заттар
Сұйық вазелин майы немесе глицерин
Антисептик
Дезинфекциялық ертінді
Өзге де шығындалатын материал
Сыйымдылығы 1 л Воронка
Сүлгі
Пациентке және медициналық қызметкерге арналған клеенкалы алжапқыш
Стерильді қолғап
Бөлме температурасындағы (18°С-22°С) 10-12 л су
Тегене
Шөміш
Дезинфекцияға арналған Контейнер
Стерильді дәке салфеткалар
Су термометрі
Сабын
Сағат
3
Іс – әрекеттер алгоритімі
1. Науқасқа іс-шараның маңызын түсіндір;
2. Қолды жуып, құрғат;
3. Егер науқаста жасанды тістері болса, онда оны алып тастау керектігін ескерт;
4. Өзіңе және науқасқа алжапқыш кигіз;
5. Жуан асқазан зонды мен резеңке түтікті шыны түтіктің көмегімен жалғастыр ;
6. Науқасты орындықтың арқасына сүйеп, басын кішкене алға қарай еңкейтіп, кеудесінен сүлгімен жауып, отырғыз;
7. Зондттың ұзындығын кеңірсектен кіндікке дейін өлшеп алып, белгіле;
8. Зондттың соқыр ұшын оң қолда қаламсап сияқты ұстап тұрып, суға малып алып, науқастың тілінің түбіне қойып, науқастан мұрын арқылы дем алып жұтыңыз деп, жұтылған сайын зондтты белгіге дейін итеріп енгіз;
9. Зондтқа воронканы кигізіп, науқас тізесінен сәл төмендеу көлбеу қалыпта ұстап, су құй;
10. Воронканы жәйлап жоғарыға қарай көтер. Су воронканың мойына дейін келгенде, воронканы түсіріп, ішіне шайынды судың толғанын күт;
11. Воронкаға толған сұйықтықты тегенеге төк.
Шығарған сұйықтықтың мөлшері енгізілген судан кем болмауын қадағалау керек!
12. Воронканы қайта-қайта көтеріп түсіре отырып және шайынды су таза болғанша бірнеше рет қайтала (кейде 10-12 л дейін);
13. Воронканы зондттан ажыратып, зондтты сүлгі арқылы жәйлап шығар;
14. Науқасты бөлмесіне жіберіп, жағдайын қадағала.