5.3 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады.
Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.
Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;
педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;
өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;
теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондай-ақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;
педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.
Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.
Ғылыми жетекшінің міндеттері:
Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;
Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);
Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).
Жұмыс барысын ұдайы бақылып отырады;
Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.
Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.
Курстық жұмысты дайындау 4 кезеңнен тұрады
Кезеңдері
|
Жұмыс мазмұны
|
Жұмыс түрі, әдістері
|
Күнтізбелік уақыты
|
Дайындық кезеңі
|
1. Зерттеу әдіснамасы, процедурасы, әдістемесімен танысу. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар
|
Дәріс
|
3-семестр
(1-2 апта)
|
2. Ой жұмысын тиімді ұйымдастыра білу.
|
ҒПЗ әдебиеттерін оқу. Жетекші нұсқауы
|
|
3. Тақырыпты таңдау. Жұмыс бағытын және көлемін анықтау
|
Ғылыми жұмысқа нұсқау (жеке)
|
|
4. Курстық жұмысты дайындау жоспар-кестесін құру
|
Нұсқау-бақылау
|
|
2-кезең Курстық жұмыстың мазмұнын бағдарлы жоспарлау
|
1. мақсат, міндет, обьекті, пәнін анықтау
|
Курстық жұмыс тақырыбының мазмұнымен танысу
|
Қараша (3-4 апта)
|
2. ҒПЗ әдістерін таңдау
|
ҒЖ нұсқаулар (проблемалық топ)
|
|
3. Әдебиеттер тізімін дайындау
|
Кітаптармен жұмыс
|
|
4. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу-бағдарламасын анықтау (бақылау, әңгіме, сұхбат алу, құжаттарды тексеру, оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, анкета)
|
ҒЖ нұсқаулар (топпен)
ҒЖ нұсқаулар (жеке)
|
Желтоқсан (1-2 апта)
|
3-кезең тақырып бойынша деректерді жинау, жүйеге келтіру
|
1. Сұрақ бойынша теория және тарихымен танысу
|
Әдебиеттерді оқу, теориялық талдау, үзінді, сілтеме, конспект, баспасөз материалдарын жүйелі оқу
|
3-семестр
|
2. Озық тәжірибемен танысу. педагогикалық тәжірибе барысында жұмыс жүргізу.
|
Оқушы, мұғаліммен әңгімелесу, түрлі әдістерді қолдану
|
|
3. Материалдарды жүйеге келтіру
|
Картотека дайындау, материалды жүйелеу, (әдебиеттер бойынша, жоспар бойынша)
|
|
4. Материалды топтау
|
|
|
4-кезең
|
1. Курстық жұмыстың композицияларын дайындау
|
Курстық жұмыстың жоспар жобасын дайындау және ғылыми жұмысты талқылау
|
|
2. жазбаша баяндау. Қорытынды. Курстық жұмыстың 1-варианты
|
Жоспар бойынша материалды баяндау, талдау, қорытындысын өзара рецензиялау
|
|
3. Өңдеу, жасақтау
|
Ғылыми жұмысты рецензиялауы
|
|
4. Қорғауға баяндама дайындау
|
Ғылыми жұмыс нұсқауы
|
|
5. Курстық жұмысты қорғау
|
Курстық жұмыс бойынша баяндама жасау
|
|
Дипломдық жұмыс – жоғары оқу орны студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі ретіндегі дербес жазбаша жұмысы. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесінің моделі төмендегідей:
Кезеңдері
|
Жұмыс мазмұны
|
Жұмыс түрі, әдістері
|
Орындау уақыты
|
1-кезең. Дайындық
|
1. Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі бойынша білімін жаңғыртып, жетілдіру.
2. Дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар.
3. Тақырыпты таңдау.
4. Жұмыс жоспары кестесін дайындау.
|
1.Зерттеу әдіснамасы, әдістемесі туралы нұсқау беру.
2. Түсіндіру-әңгіме.
3. Ой еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру туралы әдебиеттер ұсыну.
4. Ғылыми жетекшіден жеке нұсқау алу.
|
3 (2) курстың екінші оқу жылында дипломдық жұмыстың тақырыбын алдын ала анықтау. Диплом тақырыбын бекіту (кафедра, ғылыми кеңес)
|
2-кезең. Диплом жұмысының мазмұнын жоспарлау. Зерттеу әдістемесін дайындау.
|
1.Мәселені зерттеу пәнін, мақсатын, міндеттерін, ғылыми болжамын анықтау. Диплом құрылымымен жұмыс
2. Әдістемені негіздеу. Зерттеу әдістемесін дайындау немесе таңдау.
3. Диплом жұмысына теориялық және тәжірибелік материал көзін анықтау
А) библиография дайындау;
ә) тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жүргізу орнын белгілеу.
4. Озық тәжірибені зерттеу бағдарламасын дайындау
5. Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының бағдарламасын әзірлеу.
|
1. Әдіснама және зерттеу әдістемесі негізінде диплом жобасын дайындау.
2. Диплом жобасын ғылыми жетекшімен қарау.
3. Кітапханада жұмыс істеу. Дерек көздерінің картотекасын дайындау.
4. Ғылыми жетекшінің жеке нұсқауы.
5. Зерттеу бағдарламасын дайындау. Ғылыми жетекшінің нұсқауы.
|
Айын көрсету керек.
|
3-кезең.
Өзіндік зерттеу жұмыстары
|
1. Диплом жұмысына байланысты мәселенің тарихын және теориясын зерттеу.
|
1. Әдебиеттермен жұмыс (сілтеме, үзінді, конспекті, аннотация)
Диплом жұмысының жоспарына сәйкес жинақталған материалды жүйеге келтіру.
Әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау жасау (әдіснамалық негізін анықтау);
Мәселе бойынша тарихи тұрғыдан елеулі көзқарастарды топтау, зерттеу пәні бойынша өз қатынасымды білдіру;
Әдеби көздерге ғылыми-теориялық талдау жасау негізінде мәнжазба дайындау;
«Мәселе бойынша қалыптасқан теориялар» атты хабарлама дайындау.
2.Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: бақылау, әңгіме, сұхбат, анкета, мектеп іс-қағаздарын және оқушылар әрекетінің өнімдерін зерттеу:
Алынған материалдарға талдау жасау;
Ғылыми-әдіснамалық баяндама дайындау және мектеп мұғалімдері алдында әртүрлі конференцияларда баяндама жасау;
3.Педагогикалық эксперимент, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар.
Алынған материалдарға талдау жасау және қорытындылау;
Осы материалдар негізінде ғылыми-әдістемелік баяндама дайындау және келешекте ғылыми жұмысты жалғастыру.
4.Қосымша бақылау, тәжірибелер, іздену жұмыстары.
|
|
4-кезең. Тақырып бойынша зерттеу жұмысының нәтижесін насихаттау және педагогикалық үрдіске ендіру.
|
1. Ауызша және баспасөзге мәселе бойынша ғылыми мақалалар жариялау.
|
1. Мектеп педагогикалық кеңесінде, оқу-әдістемелік бірлестіктерде, жоғары оқу орындары студенттері, оқытушы-профессорлар алдында, әр түрлі конференциялар, семинар-практикумда баяндама жасау.
2. Баспасөзге материалдар дайындау.
3. Мұғалімдер, класс жетекшілері, кураторларға мәселе бойынша әдістемелік нұсқау, көрнекіліктер дайындау.
|
Уақыты көрсетіледі.
|
1-кезең. Диплом жұмысын аяқтау және қорғау.
|
Диплом жұмысын талапқа сәйкес құрылымын анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері негізінде диплом жұмысының мәнін көрсету, диплом жұмысын қорытындылау.
Дипломдық жұмысты қорғау.
Мемлекеттік комиссия алдында ауызша баяндау. Комиссия талаптары бойынша зерттеуге байланысты материалдар ұсыну (картотека, аннотация, конспекті, хаттама, әдістемелік ұсыныстар, анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау эксперименті материалдары)
|
Ғылыми жетекшімен бірге дипломдық жұмыстың жобасын жетілдіруді талқылау.
Диплом жобасына сәйкес зерттеу жұмысының нәтижесін толық баяндау.
Дипломдық жұмыстың соңғы қорытындысын ғылыми жетекшімен тексеру, ой елегінен өткізу.
Олқылық кемшіліктерді түзету.
Ғылыми жетекшіге аяқталған зерттеу жұмысын ұсыну.
Рецензияланған жұмысты тексеру.
Қорғауға баяндама дайындау (уақыты, кіріспенің негізгі материалын енгізу, тарау (бөлімі) және қорытынды);
Көрнекі құралдарын дайындау (кесте, сызба, диаграмма, иллюстрация)
|
|
Сонымен зерттеу элементтерінің құрамы мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |