Тақырып: «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орындағандар



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі26,45 Kb.
#129733
1   2   3   4
Байланысты:
Тақырып «А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбановтың етісті жіктеулері» Орын-emirsaba.org

Дүркінді етіс - қайта-қайта істелетін істі көрсетеді, мәселен «хат жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым». «Жазғыладым», «Атқыладым»,«Жұлқыладым» деген сияқты сөздерді дүркінді етіс деп, анықтайды.
Өсіңкі етіс-күшейген істі білдіреді деп, мысалдармен ойын дәлелдейді. Мәселен, «ат жүрінкіреді, су тасынқырады, бала ұйықтанқырады». «Жүрінкіреді» дегенде жүру күшейгені көрінеді, «Тасынқырады», дегенде тасқын күшейгені көрінеді. «Ұйықтанқырады», дегенде ұйқы күшейгені көрінеді. «Жүрінкіреді», «Тасынқырады», «Ұйықтанқырады» деген сияқты сөздерді өсіңкі етіс деп, бұл етіс түрін келтіреді.
Тіл білімін зерттеу атасы,тілші А. Байтұрсыновтың етіс туралы берген деректемелері қазіргі кезде де етіс тақырыбын меңгеру барысында қолданыс тауып,етіске қатысты зерттеулерге тиісті үлес қосқаны етіс теориясын құруға да өз ықпалын тигізеді.
Ғылыми еңбек бетінде орын алған етіс туралы мәліметтер теориялық деректемелермен ғана шектелмейді, білім үрдісіндегі тәжірибеде тиісті орын алған шәкірттер білімін бекіту мен дағдыландыру әдіс-тәсілдері де қамтылған.
А. Байтұрсынұлының әр тілдік категорияны тереңінен зерттеу үлгісін, ең алдымен, тіл біліміне қосқан үлесі деп есептеуге болады. А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін салушы, қазақ тілін ана тілімізде алғаш зерттеуші ғалым. Тілші-ғалымның етістікке тән етіс категориясы жайлы пікірлері қазіргі таңда құнын жойған жоқ, уақыт өткен сайын маңызы арта бермек. Етіс төңірегіндегі ғалымның ғылыми көзқарасы – бұл мәселе туралы қарқынды ойдың даму үрдісін айқындай түседі.
2.3.Қ.Жұбанов сөз таптары топтамасында түбір тапқа есімдерден кейін етістіктерді атаған. Етістік түбірін екіге бөледі: «таза түрі» (оқы, жаз), «келімсек түрі» (ойн-а, сарға-й, адам сы). Бұл қазіргі грамматикаларда негізгі түбір және туынды түбір деген терминдермен аталған. Осы тарауда ғалым етістіктің болымды, болымсыз түрлері туралы, сонымен қатар «етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына сыйыса алатын үстеулер - етіс үстеулері деп, етістің жеті түрі барын айтады.Оның жіктеуі бойынша: (салт (табыс жалғаулы сөзді жіктемейтіндер), сабақты (табыс жалғаулы сөзді жіктемейтіндер), өздік (), ырықсыз (л), ортақ (), өзгелік (-ғыз, -тыр, -ыт, -ар), өсіңкі -ңқыра) көрсетеді (47). А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді және өзгелік е-тісті Қ.Жұбанов жинақтап, өзгелік етіс түрінде беріп, мұның себебін былайша түсіндіреді:
«Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба,қорқытасың ба - бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды». Ал өсіңкі етісті етіс түрлерінің қатарында беруінің себебін, сүйенер дәйегін де атап көрсеткен.
«Өсіңкі етіс мағынасы жағынан етіс емес, сонда да құрылысы жағынан
(етіс үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен ма-ның аралығына
тығылатын болғандықтан) етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске
мұны да санадық»,-дейді. Бұл айтылғандардан Қ.Жұбановтың тілдік топтарды, категорияларды айқындауда олардың семантикаларына ғана емес, формальды белгілеріне де ерекше назар аударып, дәйекті, дәлелді тұжырымдар жасағандығына куә боламыз.
Проф. Қ.Жұбанов етіс түрі ретінде көрсеткен «дүркінді етіс» түрін де етіс қатарынан алып тастайды. Мұның себебін дүркінді етіс тұлғасы -ғыла/-гіле жұрнағы барлық етістік түбіріне жаппай жалғана алмауымен түсіндіреді. «Бұрынғы дүркінді етіс (ат-қыла, шап-қыла) дегенді де шығарып тастадық. Үйткені, бұл бірді-екілі түбірде ғана болады да, етістік түбірдің бәріне бірдей жарамайды, мысалы, оқығыла, естігіле деп айтпаймыз. Біріндеген (тепкіле сияқты) сөзге болса, соны етіс деуге болмайды. Шынында тепкіле деген теп-кі деген есімге -ле үстеуі жамалып жасалған түр»
Демек, ғалым -ңқыра/-ңкіре мен -ғыла/-гіле жұрнақтарының семантикалық жағынан ұқсас болғанымен, түбірге жалғану мүмкіндігі жағынан бірдей еместігін таныған, яғни -ңқыра/-ңкіре жұрнағының етістік түбіріне жаппай жалғана алуы, ал -ғыла/-гіле жұрнағының етістік түбіріне талғап жалғануы ғалымның оларды екі бөлек категорияға бөліп қарастыруына негіз болған. Ғалымның аталған қосымшаларды етіс жұрнақтарына жатқызу-жатқызбауына байланысты айтқан тұжырымдары бүгінде жалпы сөзжасам мен формажасамның (морфология) арасын ажырататын негізгі критерийлері ретінде қалыптасып отыр. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атап көрсеткен бұл жұрнақтар осы күнгі грамматикаларда «сыпат» категориясы ретінде, ал функционалды грамматикада аспектуалды семантиканы жасайтын негізгі тілдік құралдар ретінде қарастырылуда.
Етіс мәселесінде Қ.Жұбанов ой саларлық басқа да ғылыми пікірлер айтқан. Тіл заңдылығы бойынша, бір грамматикалық категория жұрнақтары бірінің үстіне бір жалғанбайды. Ал етіс тұлғаларының ерекшелігі –олар бірінің үстіне бірі жалғанып, бұл теорияға қайшы келеді. Осы белгісіне қарай зерттеушілердің бір тобы оны сөзжасам қосымшасы ретінде қарайды. Қ.Жұбанов етістердің осы тілдік табиғатын айқын аңғарып, тіпті етіс тұлғаларының үстемеленіп жалғанған түрін «сағыс етіс» деп атайды. Бірақ кейінгі еңбектерінде етістің бұл түрін етістер қатарынан алып тастаған. «Сағыс етіс дегенді шығарып тастадық. Үйткені, бұл – ортақ етіс пен өзгелік етістің қосылғаны (айт-ыс-тыр). Етіс үстеулері бірінің үстіне бірі 
жамала береді, мысалы, жу-ын-дыр, бас-тыр-ыл т.т.). Мұның бәріне бірдей ат қоймай, ала-бөле ортақ пен өзгеліктің қосылғанын бөліп алудың орны жоқ», – деген уәж айтады.
Осылайша, А. Байтұрсынұлы етісті 10 тармаққа жіктесе, Қ. Жұбанов 7 тармаққа жіктеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет