Көшірмелеуден дискіні қорғаудың қарапайым әдісі көшірмелеудегі утилитті қорғауға алып келеді. Бұл үшін диск пішімін көшірме утилиті танымастай етіп өзгерту қажет. Мұның бірақ жолы- дискіде пішімделмеген жолсызықтар немесе секторлар сақтау.
Мұндай жолсызықтарда көшірмелеу утилиті шығарылады және көшірмелеу тоқталады. Мұнандай дискі жұмысында ДОS диск пішімі есебінен түрленеді. Стандартты емес пішімдеуде пішім мөлшерін, сектор санын, жолсызықтың санын өзгертуге болады. Бақылау жұмыстарын есептеуге өзгеріс енгізу жолымен көшірмелеуден сақтауға болады, секторларды санау кезінде жазылған және алынған компьютерлік желілер сәйкес келмеген болса, онда ол дұрыс саналмаған болып есептеледі. Осылайша жеке диск пайдаланылады. Осыған ұқсас өзгерістерді сөз басы мен эпилог кодына енгізеді. Ақпаратты сәйкестендіруге пайдаланылатын диск бағдарламаны биттік көшірмелеу арқылы айналып өтеді. Дискіден биттік есептеуді еркін нүкте арқылы орындайды. Жұмыстың дұрыстығын есептеу және салыстыру арқылы тексеруге болады.
Қорғаудың күрделі механизмі
Қорғаудың күрделі механизмі сигнатураны пайдаланады. Сигнатура дегеніміз-дискіні сәйкестендіру таңбасы ретінде пайдаланылатын қосымша диск немесе түпнұсқа. Бағдарламалық әдіспен ол көшірілмейді, яғни бағдарлама-көшірмелеуші көшірме жасауға қабілетсіз.
Қорғаудың сигнатуралық әдісіне жататындар: 1. Ішкі жолсызық сигнатурасы. Пайдалану стандарты 0-39 дейінгі жолсызықтарды (0,34 Apple PC үшін ) пайдаланады.Қорғалған бағдарламада ішкі жолсызықты(пішімдеуді) пайдаланса, онда оны диск түпнұсқасын бекітетін сигнатура ретінде пайдалануға болады. Онда стандартты көшірмелеу кезінде оқылмайтын диск каталогын орналастыруға болады.
2. Аралық жолсызықтар сигнатурасы, Бастиекті аралық жағдайға қойып бекіту арқылы ақпаратты аралық (стандартты пайдаланбай) жолсызыққа жазуға болады. Көшірмелеудің стандартты бағдарламасы аралық жолсызықтағы бағдарламаны оқи алмайды.
3. Жолсызықты синхрондау. Егер стандартты пішімдеуде 0-сектор еркін орында орналасса, онда дискде синхрондалған жолсызықпен 0-секторы үнемі қатар орналасады. Синхрондауды пішімдеу бағдарламасы қуаттайды. Толтыру, жүктеу барысында дискдегі өздігінен жүктеу бағдарламасы 0-секторындағы салыстырмалы жағдайда тексереді, ол тұрып қалу уақытын тіркеу арқылы жүреді, егер тұрып қалу күтілетінмен сәйкес келмесе, онда өздігінен жүктеу өзгертіледі.
4. Жазбаны бұғаттауын тексеру. Жазбаны қорғаудың ең қарапайым әдісі-үзілген жерін (кілеймен) желімдеп сигнатура ролін атқару. Сигнатуралық әдістің негізгі мақсаты- диск ерекшелігін ескере отырып, көшірмелеуге қосымша қиындық туғызу. Стандартты құралдармен көшірмелеуде жұмысқа қабілетсіз көшірме пайда болады. Бұл әдістер стандартты тасымалдаушыны пайдалануға негізделген. Қорғаудың тағы бір жолы- ерекше тасымалдаушы жасап оны сәйкестендіру сигнатурасымен сүйемелдеу. Осындай жұмыс барысында қорғаудың төмендегі әдістері құралады:
Биттерді есептеу. Биттерді есептеу дискінің айналу жылдамдығының айырмасына негізделген. Биттердің толық саны дискінің айналу жылдамдығына байланысты. Бұл биттер есептеліп, диск дескрипторына жазылады. Жүктеуіш – бағдарлама жүктеу барысында биттер санын есептеп дескриптор құрамымен салыстырады, өзіндік диск тексеріледі. Дискідегі жүктеуішінің деректер көшірмесі дескриптор мазмұнымен сәйкеспейді. Бесаспап диск құру арқылы жолсызықта әр түрлі бит санымен пішімдеуге болады. Бит санын индекстік саңылаудан бастап тапсырылған секторға дейін тіркеу арқылы сигнатурадан қорғап қалу мүмкін емес.
Кездейсоқ сигнатуралар. Сигнатура ретінде дискінің еркін бос бөлігі қайталанады. Бөлімді жүктеу барысында ұқсастығы салыстырылады.
Синхрондаудың бұзылуы дискіге жазу барысында қосымша бит енгізуге және оны сигнатура түрінде пайдалануға негізделген. Артық биттер саны анықталған кезде сигнатуралық көшірмелеу тоқтайды.
Тіркеу нөмірі. Әр дискіге өзіндік тіркеу нөмірі берілсе және оны дискінің бесаспап дескрипторы ретінде пайдалануға болады. Анализатор бағдарламасын шифрлеп, дескрипторға (сипаттауыш) кіргізу қажет.
Атаулар коллизиясы. Есепке алу жүйесі дискіге алғаш сұрау салғанда-ақ фирма атын пайдаланушы анықтайды және оны әрі қарай пайдалану барысында толық мәнін ашады.
Шифрленген дескриптор. Диск дескрипторы шифрленеді, бірақ құпияланбайды. Сигнатура- диск бөлігінде синхрондалуы бұзылған учаскені табудан тұрады. Жүктеу бағдарламасы синхронизацияның бұзылуын анықтайды, оның дискідегі жазбамен сәйкестігін тексереді.
Жолсызықтарды бүркемелеу енгізілген шифрлерді пайдалануға мақсатталған . Әр жаңа деңгей алдыңғы жолды шифрлейді.