Тақырып: «Қазақстандағы идеологиялық жағдай»


Қоғамдық жүйесінің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің



бет5/11
Дата02.05.2023
өлшемі108,95 Kb.
#89247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бахадур Ақтоты саясаттану

Қоғамдық жүйесінің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар меп қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономикалық, ұлттық, діни отбасылық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси жәнс мсмлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.


Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардыи өзара бірлесіп орекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін зандар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар колданылады. Сонымен қатар саяси кызметті атқару үшін қоғамдык ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылык ережелері жатады.


Саяси жүйенің төртінші белгісі — саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теория-ларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, са-яси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік кызметі адамдардын іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және казіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси қызметкерлер, басқару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси-басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т.б. ыкпал етуінен де байқалады.


Саяси жүйенін көрсетілген бұл төрт бөлігі үздіксіз дамып отырады. Олар өздеріне тән арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, белгілі бір мақсаттар мен кызметтерді атқарады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.


Саяси жүйенің басты қызметі — қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әртүрлі әлеуметгік топтар арасында алакөздік, дау-дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылыктарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан-жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағыдай атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет