Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария) Мамандығы



бет9/11
Дата06.01.2022
өлшемі46,64 Kb.
#11476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Құлжа немесе Инин — Қытайдың солтүстік-батысында, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы қала, Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы. Тұрғыны 177 мың адам (1990). Қала Іле өзені аңғарындағы ежелгі Ұлы жібек жолының бір тармағы – Құлжа жолы бойындағы ірі экономикалық орталық. Негізінен қазақ, ұйғыр, қытай, дүнген ұлттары тұрады. Ертедегі отырықшы мәдениеттің маңызды мекені болған. Қол өнері, сауда-саттық жақсы дамыған. Құлжа тұрғындары бау-бақша, жүзім өсірген. 1851 жылы Құлжада орыс-қытай сауда шартына қол қойылып, саудагерлер жеңілдік ретінде Құлжада және Шәуешекте сауда жасауға толық рұқсат алды. 1864 жылы Шығыс Түркістан халқы көтерілісіне байланысты, Іле сұлтандығы құрылып, астанасы Құлжа болды, бірақ Ресей әскері Құлжаны басып алып, онда 1882 жылға дейін орын тепті. Іле өлкесін Қытайға қайтарып берген кезде Құлжа тұрғындарының көпшілігі Жетісу жеріне көшіп келіп паналады. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Құлжа - Іле Қазақ автономиялы аймағының орталығына айналды. Қалада ауыл шаруашылық, тамақ, жүн, тері өңдеу, тоқыма кәсіпорындары жұмыс істейді. Аймақта ірі уран, вольфрам, т.б. түсті металдардың ірі кен орындары мен кеніштері бар.

Құлжа жолы  – ежелгі керуен жолы. Қазіргі Ташкент, Тараз, Мерке, Бішкек, Тоқмақ, Алматы, Жаркент, Құлжа бағытымен өткен. Орта ғасырда Құлжа жолы екі тармаққа бөлінген. Бірі Тоқмақ, Суяб, Баласағұн, Баршынкент, Қарақол қалаларын, Ыстықкөлдіңоңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағындағы Шығу қаласын (Үйсін мемлекетінің астанасы) басып, Құмтекей, Ақбейіт, Сарыжаз елді мекендері арқылы Текес, Сүмбе арқылы Құлжаға жеткен. Екінші тармақ Тоқмақ, Бішкек, Қарғалы, Талғар, Жаркент, Алмалы, Қорғас арқылы Құлжаға, оның бір бөлігі Талғардан Түрген, Қаракемер, Шелек елді мекендері арқылы Торыайғыр, Қулық тауларын асып, Кегеннен (қыстақ) Құмтекей қала арқылы бірінші жолға қосылады. XIX-XX ғасырларда бұл жол “ Құлжа жолы” аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет