Тақырып: Білім алушылардың оқу қызметін бағалаудың жалпы тәсілдері Қарастырылатын сұрақтар



бет2/2
Дата08.09.2023
өлшемі29,64 Kb.
#106791
1   2
Критериалды бағалау міндеттері:
1. Оқу процесінде бағалау мүмкіндіктері мен функцияларын кеңейту.
2. Тұрақты кері байланыс орнату арқылы оқушылардың үнемі өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау.
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау тетіктері мен құралдарын қалыптастыруға жәрдемдесу.
4. Объективті, үздіксіз және сенімді ақпарат беру:
- оқушыларға оқыту сапасы туралы;
- мұғалімдерге оқушылардың үлгерімі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелеріне қол жеткізу дәрежесі туралы;
- басқару органдарына ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы туралы.
Мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін принциптер (критерийлік және дескриптивтілік. қалыптастырушы және анықтаушы бағалаудың бірлігі, зейінділік, критериалды бағалаудың диагностикалық негізі). Білім беру мекемесінің Бағалау саясаты. Бағалау қызметінің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары. Педагогикалық диагностикалау рәсімі (қалыптастырушы және анықтаушы критериалды бағалау карталары, тестілеу, сауалнама, байқау, сұхбат).
Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі: халықаралық тәжірибе аясында қазақстандық мазмұны
Оқытылатын пәндердің базалық мазмұнын игеруді қамтамасыз ету және жеті негізгі құзыреттілік бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі критерийлер бойынша бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуді талап етеді.
Педагогика ғылымында бақылаудың келесі негізгі түрлері бөлінеді: ағымдағы, мерзімді және қорытынды.
Ағымдағы бақылау сабақтарда немесе белгілі бір тақырып аяқталғаннан кейін және критериалды бағалау режимінде формативті бағалауға сәйкес келеді.
Мерзімді бақылау ірі бөлім, тоқсан, жартыжылдық аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Қорытынды бақылау оқушыларды келесі сыныпқа немесе келесі оқу деңгейіне ауыстыру қарсаңында жүргізіледі және қорытынды аттестаттаудың маңызды нысаны болып табылады. Критериалды бағалау режиміндегі бақылаудың бұл екі түрі анықтаушы бақылауға сәйкес келеді.
Функционалдық сауаттылықтың қалыптасу деңгейін бағалаудың жаңа тұжырымдамалық тәсілі әрбір құзырет түрі бойынша және барлық оқу пәндерінің мазмұны бойынша арнайы әзірленген бағалау өлшемдеріне сүйенуді көздейді. Бұл жағдайда бақылаудың жоғарыда аталған түрлерін ескеру қажет.
Анықтаушы (мерзімді және қорытынды) бақылау функционалдық сауаттылықты қалыптастыру міндеттерін ескере отырып, бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуді талап етеді.
Педагогикалық бағалаудың фукциялары. Ең алдымен бағалау жүйесінің қазіргі таңдағы функцияларын анықтап алайық:
Нормативтік функция. Бекітілген әталон бойынша нақты оқушының жетістіктерін бір жағьшан белгілеу болса, енді бір жағьшан жекеленген оқушылардың, мектептегі сыныптардың, олардың үлгерімдерінің деңгейлерін, мүғапімнің жүмысының сапасын (соңгы онжылдықтарда қалыптасқан тәжірибе бойынша) әкімшілік тарапынан қадағалау болып табылады. Бірінші жағдайда нәтижеде оқушы оқу орнын бітіріп шығуы үшін толық қүқыққа ие болады.
Ақпараттық-болжам жасау функциясы. Білім беру үрдісінің барлық қатысушылары арасында мазмүнды байланыстың негізгі сәтгерін, оқушылардың мазмүндық және әмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мүғалімнің педагогикалық рефлексиясын көрсетеді. Себебі, ең алдымен бағалау нақты сыныпты алғанда білім беру үрдісінің барлық сүрақтары дүрыс шешілгендігі, сыныптағы әр бір оқушының жагдайының қалыпты екендігі туралы ойлауға мүмкіндік береді.
4 -кесте-критериалды бағалау функциялары



Функция

Мазмұны

1

2

3

1

Нормативтік

бір жағынан, нақты оқушының мемлекет бекіткен әталонға қатысты жетістіктерін оның оқуы мен оқу орнын бітіруінің табыстылығына сәйкес келетін барлық құқықтық салдарлар туындауы үшін, ал екінші жағынан - жекелеген оқушылардың, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейін және мұғалімнің жұмыс сапасын әкімшілік бақылау. Бұл функцияның ішінде бақылау функциясы қарастырылады және жұмыстың сандық және сапалық деңгейлерін тексеруге мүмкіндік береді.

2

диагностикалық



оқушылардың білімі мен іскерлігінің өзекті деңгейін диагностикалық анықтау, оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін, сондай-ақ құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейін бағалау

3

Оқыту

3 оқыту мотивацияны арттыру және оқыту қарқынын даралау

4

ұйымдастырушы



оқытудың оңтайлы нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдау есебінен оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіруді ұйымдастырады

5

тәрбиеші

құндылық бағдарларының құрылымын тәрбиелеу

6

бағдарлаушы

нәтижелерді жақсарту жолдарын бағдарлау

7

ақпараттық

өз жұмысының сапасы туралы, мұғалімге – оқушылардың үлгерімі, ата – аналар мен қоғамдастық туралы-оқу нәтижелерінің жетістіктері туралы ақпарат алудың ақпараттық негізі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет