Тақырып. Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық сферасы және жеке психологиялық ерекшеліктері-2сағат



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата07.12.2022
өлшемі412,65 Kb.
#55667
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Та ырып. Дамуында ауыт уы бар балаларды танымды сферасы ж не ж



Тақырып 2..Дамуында ауытқуы бар балалардың танымдық сферасы. және жеке 
психологиялық ерекшеліктері-2сағат
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.Ақыл-ойы кем балалар. ақыл- ойының дамуының бұзылу себептері. 
2.Олигофренияның классификациясы. 
3.Олигофренияның клинико –патогенетикалық заңдылықтары. 
4.Ақыл –ойы кем балалардың таным әрекетінің ерекшеліктері. 
5.Ақыл-ойы кемдерге көрсетілетін қоғамдық көмектер.   
Ал, ақылы кем балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіліп, әрбір оқушы шама-
шарқына қарай білім көлемін меңгеруде. Жалпы, ақыл-ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың 
көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. Мұндай балалар өз 
отбасымен толық қарым-қатынас жасай алмайды және бұл олардың жеке тұлғасының 
қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. 
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының 
қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және 
ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. 
Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын 
жымиюмен, бетіне қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, 
сенімсіз болады. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді. 
Мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын 
түсінбейді. Ал, кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналарының, 
тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады. 
Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс 
береді. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі – ойын болса, 
мектепке дейінгі ақыл-есі кем балалардың дамуында ол қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар 
сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгере алмайды. Ересектердің көмегімен ғана ойын 
барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын 
ұйымдастыра алмайды. 
Сондықтан, осындай балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық іс-әрекетпен қатар 
оларды еңбекке баулимыз. Себебі, ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы 
қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Қорыта 
айтқанда, мұндай балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш 
байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды. Барлық білім түрін бақылау, балаларды 
ынталандыру, іс-әрекет мүмкіндігін дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі 
білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық 
ойлау қызметінің құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, 
үлкендер жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қабілетін дамыту және тұлғалық 
ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішіндегі маңыздысы педагогтың, 
мектеп психологының бағалауы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет