Төлеу мерзімі келмеген шоттар Төлеу мерзімі 1 күннен 30 күнге дейінгі шоттар Төлеу мерзімі 31 күннен 60 күнге дейінгі шоттар Төлеу мерзімі 61 күннен 90 күнге дейінгі шоттар Төлеу мерзімі 90 күннен көп шоттар және т.б. Әрбір санат үшін күмәнді талаптардың болжамдық пайызы Бірінші санат - төлеу мерзімі келмеген шоттар - 2% Екінші санат - 1 күннен 30 күнге дейін - 5% Үшінші санат - 31 күннен 60 күнге дейін - 20% Төртінші санат - 61 күннен 90 күнге дейін - 50% Бесінші санат - 90 күннен көп - 80% Мысал. «РИАЛ» ЖШС бойынша есепті мерзімдегі алынатын шоттарды 2019 жылғы 31-желтоқсанға жүргізілген түгендеудің нәтижесінде төленбеген дебиторлық берешектің сомасы 100 мың теңгені құрады, оның ішінде төлеу мерзімдері бойынша:
Бірінші санат - төлеу мерзімі келмеген шоттар бойынша - 20 мың тенге;
Екінші санат - 1 күннен 30 күнге дейін -20 мың тенге;
Үшінші санат - 31 күннен 60 күнге дейін - 30 мың тенге;
Төртінші санат - 61 күннен 90 күнге дейін - 20 мың тенге;
Бесінші санат - 90 күннен көп - 10 мың тенге.
Күмәнді талаптар бойынша резервті төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісімен есептеу
№
Дебиторлық берешек төлеу мірзімдері бойынша
Төленбеген дебиторлық берешектің сомасы
Күмәнді деп саналған талаптардың болжамдық пайызы %