Енжар ақша-несие саясаты – бұл мемлекеттің бюджет-салық саясатын жүзеге асыруынан туындаған ақша параметрлерін өзгерту.
Белсенді ақша-несие саясаты – бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін мемлекеттің ақша-несие саясатының ерекше құралдарының көмегімен ақша нарығына әсер етуі.
Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші.
Ынталандырушы ақша-несие саясаты(несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат.
Шектеуші ақша-несие саясаты(несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
Экономиканың циклдік ауытқулары мен толқуларын жұмсарту және қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк ынталандырушы немесе шектеуші ақша-несие саясатын жүргізу барысында өз қарамағында жоғарыда аталып өткен құралдар кешенін қолданады.
Өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың өсуі жағдайында Ұлттық банк «жұмсақ» ынталандырушы саясатты жүргізеді, мұны басқаша, «арзан ақшалар» саясатыдеп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:
халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сатып алу.
Осындай шараларды атқарудың нәтижесінде коммерциялық банктердің артқы резервтері көбейеді, олардың несиелік мүмкіндіктері кеңейеді, жалпы алғанда елде ақша ұсынысы өседі. Ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесін төмендетеді, ал соңында инвестициялардың өсуі орын алып, ұлттық өндірістің көлемі артады.
Экономиканың қызып кетуі жағдайында, яғни экономика артық шығындар мен инфляцияға тап болғанда Ұлттық банк «қатаң» ақша-несие саясатын іске асырады, мұны басқаша, «қымбат ақшалар» саясатыдеп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:
халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сату.
Осындай саясатты жүргізудің нәтижесінде коммерциялық банктердің қарыз берулері шектеледі, ақша ұсынысы қысқарады, пайыз қойылымы өседі, ал соңында инвестициялар қысқарады, жиынтық шығындар төмендейді және инфляция басылады.