Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Ынталандырушы бюджет-салық саясаты



бет51/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (экспансиялық саясат немесе қазыналық экспансия) – бұл қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету немесе осылар арқылы біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді фискалдық саясат деп аталады.

  • Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – бұл экономиканың циклдік дамуын тежеу мақсатында мемлекеттік шығындарды төмендету, салық салуды арттыру немесе біріктірілген құрастырма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Демек, бұл енжар фискалдық саясат болып саналады.

      • Дискрециялық бюджет-салық саясатының құралдары:

    • салық мөлшерлемесін өзгерту;

    • қоғамдық жұмыс жобалары;

    • халықты жұмыспен қамту.

      • Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – бұл үкіметтің арнайы шешім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.

      • Автоматты (кіріктірме) тұрақтандырғыштар – үкіметтің саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік ауытқуларын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер жүйесі. Мұндай тұрақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттік төлемдер, жұмыссыздықтан сақтандыру, пайданы бөлісу жүйелері жатады.

      • Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және нарықтық экономикада біздің елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара салмағы төмендегідей:

          • Табыстар

          • Жеке баптар %

          • Шығындар

          • Жеке баптар %

          • Салық, акциз, баж салығы

          • 75-80

          • Халық шаруашылығы

          • 30-40

          • Салықтық түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар)

          • 5-8

          • Әлеуметтік шығындар (денсаулық сақтау, білім, жергілікті органдарға субсидия)

          • 25-30

          • 10-12

          • Қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары

          • 20-10

          • 10-15

          • Мемлекеттік қарыз төлемі

          • 5

          • Барлығы

          • 100

          • Барлығы

          • 100


      • Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет тапшылығын жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн.

      • Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

      • Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

      • Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Мемлекет қайтару мақсатымен сыртқы заемдар мүмкіндіктерін пайдаланады.

      • Сонымен, мемлекеттік қарыз – бұл өткен жылдардағы жалпы жиналған бюджет тапшылығының сомасы.



      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет