Тақырып: Электр сұлбалар және оның түрлері


Құрылғылардың принципті сұлбасын оқу



бет5/5
Дата05.05.2023
өлшемі111,84 Kb.
#90604
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Та ырып Электр с лбалар ж не оны т рлері

Құрылғылардың принципті сұлбасын оқу


  1. сурет

Сұлбалар, әдетте кескінделген құрылғыны немесе жүйені алғаш қарастырғанда оқып үйренгенде, толығынан (басынан аяғына дейін) оқылады. Егер сұлба бұрыннан таныс болса, онда оны іріктеп, тек жекелеген бөліктерінің жекелеген элементтерін, олардың байланысы мен сипаттамаларын айқындау үшін қарастырылады.


Сұлбаны мынандай тәртіпте оқиды:

    1. алдымен сұлбаның типі мен міндетін анықтайды, ол үшін негізгі жазуды оқиды және сұлбада көрсетілген техникалық талаптармен танысады;

    2. жалпы мәліметтермен танысқаннан кейін, сұлбада кескінделген құрылғыға қандай элементтер кіретінін анықтайды. Мұндай сұлбаларда, қуат көздері (электр желісі, аккумулятор немесе гальвани батареялары), антенналар, трансформаторлар, электрондық шамдар немесе жартылай өткізгішті аспаптардың әртүрлі түрлері, индуктивтік катушкалар, конденсаторлар, резисторлар, ауыстырып қосқыштар негізгі элементтер болып табылады;

    3. сұлбаны құрайтын элементтерді оқып білгеннен кейін, берілген құрылғының тұтас алғанда, қалай жұмыс істейтіндігін анықтайды, ол үшін жекелеген тізбектерді электр тогының жолын табады;

    4. оқуды құрылғының кірісінен, ал радиоқабылдағыштарда жоғары

жиілікті күшейткіштен бастайды. Одан әрі жүйелі түрде құрылғының барлық функционалдық топтарын: ауыстырғыш, гетеродин, аралық жиіліктің күшейткіші, детекторлар, төмен жиілікті күшейткіштер мен түзеткіштерді, қарастырады;

    1. түгел сұлбаны қарап шығып, фунционалдық топтарға кіретін жекелеген элементтерді оқып, олардың сұлбадағы міндетін және элементтер тізімі бойынша параметрлерін анықтайды.

Сұлбада қызулық тізбектерін көрсетпейді, тек электрондық шамдар, катодтарының қызулық жіптерінен және күш беретін трансформаторлардың сәйкес қызулық орамдарынан жүргізілген қысқа нұсқанамаларды

кескіндеумен шектеледі. Орамнан қандай шамның қызуы қуат алатындығын білу үшін, нұсқамалар ұштарының қасына әріптік не санды белгілер қояды.
Айта кетеріміз, инженерлік графика курсында бұйымдардың принципті сұлбаларының графикалық орындалуы туралы түсінік қана беріледі. Бұйымдардың міндеті мен жұмысы туралы мәліметтер арнаулы курстарда оқылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D1%85%D0%B5%D0%BC%D0%B0


2.http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2013/Mehanika/Syzba%20geometriya%20zh'ne%20inzhenerlik%20grafika_kaz/teory/26.htm


3.https://vikidalka.ru/2-194310.html










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет