Әлеуметтендіру агенттері - индивидтің әлеуметтенуіне ықпал ететін әлеуметтік институттар, жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтар.
Әлеуметтік бейімдеушілік – жеке тұлғаның немесе топтың ол үшін жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде меңгеруі.
Әлеуметтік ақпараттың валидтылығы– әлеуметтанудағы өлшем сапасының негізгі сипаттамасы, әлеуметтанулық ақпараттың сенімділігін құрайтындардың бірі.
Әлеуметтік ара қашықтық – әлеуметтік сатыдағы өмірдің әр алуан кезеңдеріндегі бір және сол жеке тұлғаның екі ұстанымы немесе екі жеке тұлғаның ұстанымдары арасындағы ара қашықтық.
Әкелік– ердің қандық және заңдық туыстығынан укеліп туындайтын, оның балаға қатынасы бойынша құқығы мен міндеттері.
Әлеуметтендіру – әлеуметтанушылардың оның барысында адамдар қоғамның өмір сүруін мүмкін етуші және оның мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа беру үдерістерін әлеуметтік нормалардың сақталуын үйренетін үдерістерін, әлеуметтік нормалардың сақталуын үйренетін үдерісті сипаттау үшін қолданылатын термин.
Әлеуметтік болжау – әлеуметтік қатынастардың және әлеуметтік үдерістердің немесе олардың элементтерінің болжалдық өзгерістерінің ғылыми түрде негізделуі.
Әлеуметтік ұстаным – адамның әлеуметтік уақыт пен кеңістікте алатын орны.
Әлеуметтік проблема– қоғамның өмірлік іс-әрекетіндегі үдерісте пайда болатын объективті түрдегі қарама-қайшылық.
Әлеуметтік нақтылық – әлеуметтік өмірдің шындығы; ол әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайылығында өмір сүреді.
Әлеуметтік рөл– бұл адамнан оның әлеуметтік статусына сәйкес келетін мінез-құлықтың күтілетін сызығы; бұл әлеуметтік статустың динамикалық аспектісі.
Әлеуметтік санкция – әлеуметтік рөлдердің талаптары аясындағы іс-әрекеттің әлеуметтік зардаптары, әлеуметтік бақылаудың оперативтік құралы. Әлеуметтік санкциялар жүйесі әлеуметтік рөлдермен байланысты болатын жазылымдарды орындауға тиесілі нәрселерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік стратификация– бұл ұйымдасқан түрде қайтадан жасалынатын әлеуметтік теңсіздік; қоғамның ирархиялық түрде әлеуметтік кеңістікте орналасқан жіктерге бөлшектенуі.