Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет14/25
Дата27.03.2023
өлшемі223,54 Kb.
#76544
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
лекциялар 2

Бақылау сұрақтары: Білім беру тұжырымдамалары. Білім беру және абыройы. Қазақстандағы білім беру проблемасы. Болон үдерісі.


Тақырып: Масс-медиа, технологиялар және қоғам


Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.


Басты терминдер: масс-медиа, технологиялар және қоғам

Бұқаралық коммуникация деп жүйелі түрде болатын ақпараттардың саны үлкен және бытыраңқыланған аудиторияларға техникалық құралдардың (баспасөз, радио, теледидар, кино, дыбыс – және бейне жазба және с.с) көмегімен тарауының үдері болатыны ұйғарылады.


Бұқаралық коммуникация адамдардың, топтардың, институттардың, мемлекеттердің өзара әрекеттестігінің қажетті элементі болады. Коммуникация қоғам өмірінің барлық жағына ене алатындықтан да, оның негізгі мазмұнын мақсатты түрде анықтайды. Коммуникация – бұл: 1) адресантты, желілерді, кодтауды, шифрлауды, мазмұнды, тиімділікті, бақылауды, жағдайды, ниеттілікті, адресатты өзіне қосатын, ақпараттардың берілуі үдерісі; 2) мақсаты – өзара түсініктік болып табылатын символдардың берілуі арқылы болатын, адамдардың арасындағы қарым – қатынас актісі; 3) байланыстың әр түрлі жүйлері арасындағы қандай да болсынбір түрінің ақпаратымен алмасу [1, 133 б].
Бұқаралық коммуникация мынадай негізгі фунцияларды орындайды: қоршаған әлемді бақылау – болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттану; оқиғалардың интерпретациясы және әр түрлі мәселелерді шешу мақсатымен болатын, қоғамның құрылымдарының өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету; қоғам туралы білімді бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру (әлеуметтану және білім алу) көңіл көтеру.
БАҚ-ның көрнекті функциясы – олардың көңіл – көтерушілік құндылығы болып табылады. Адамдардың көпшілігі – олар неге теледидар көреді немесе неге киноға барады? – деген сұраққа бұлардың өздеріне ұнайтынын айтып жауап берді. Онлайн – ойындардан достарымен әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, сыныптастар және т.б) қарым – қатынасқа дейін бұлар адамдарға көңіл көтерудің жаңа және аса еліктіргіш тәсілдерін ұсынады.
Бұқаралық ақпарат құралдары сияқты технологияның көптеген формалары шындығында біздің көңілімізді көтереді, коммерциялану үшін керекті алаңды бере алады және әлеуметтендіреді. Мәселен, бірқатар зерттеулер семіздік деңгейінің өсе түсуі технологияның бірқатар формаларын қолданудың ұлғаюынан туындаған физикалық белсенділіктің төмендеуінен болатын ара қатынастықты түзетеді, бұл БАҚ-ның қоғамдағы кең тараушылығының жасырын функциясы болып табылады. Технологияның көрнекті функциясы – біздің өмірімізді кейде жақсы жаққа, кейде нашар жаққа қарай өзгерту екендігі күмәнсіз [2].
Бұқаралық коммуникацияның әсер етуі жағымды да, жағымсыз да, кейде бұлардың бір – біріне бір мезгілде ауысуымен де бола алады. Мәселен, стихиялық апат туралы ақпарат адамның өмірін сақтауға және оны бірден жауап беруге мүмкіндік берумен қатар, бір мезгілде халықтың арасында дүрбелең де тудыруға қабілетті.
Бұқаралық коммуникацияның көмегімен мәдени нормалар мен үлгілердің кеңінен таралуының кері жағы – бұқаралық мәдениеттің басым болуы мен мәдени әр алуандылықтың азаюына ие. Бұқаралық коммуникацияның көңіл көтерушілік функциясы адамдарға демалысты, күш-жігерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, бірақ осы бір мезетте анайы түрдегі көңіл көтеруге ұмтылуды да әдетке айналдырады.
Осындай көрініспен, бұқаралық коммуникация деп әлеуметтік коммуникацияның әр алуандылығы түсініледі, осы арқылы ақпаратты алушы кеңістіктегі үлкен, біртекті емес және бытыраңқы аудиториясы болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл барлық баспалық, цифрлық және электрондық байланыс құралдарына жататын термин. Баспа станогының жасалуы мезетінен бастап (тіпті одан да ерте) технологиялар ақпараттың қалай және қайда таралатынына ықпал жасайды. Бүгінгі күні технологияның дамуының алға ұмтылу қарқынына көңіл бөлместен, қоғамдағы қарым – қатынастың тәсілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарын талқылау мүмкін емес [2].
Бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялар ертедегі басылымдардан қазіргі заманғы газеттерге дейін, радиодан цифрлық теледидарға дейін, біріккен түрде дамиды. Жаңа медиалар тұрақты түрде пайда болуда.
Ежелгі Римде табылған баспалық ақпараттың ерте формаларының өзі тұрғындарға арналған ақпарат қолмен жазылған тақтаны білдіреді. Бірінші баспа станогы жасалынған кезде (қазіргі Германияның территориясындағы Майнц қаласында Иоганы Буттенберг 1440 - жылдары жасалған); адамдар ой – мақсаттарымен бөліскен тәсіл де өзгереді, сондықтан да ақпарат енді жалпылама сипатта өндіріле бастады. ХІХ-ғасырда телеграфтың жасалынуы баспахананың БАҚ өзгертті.Теледидардан бұрын адамдардың өміріне ықпал жасаған радио өмірге келді.
Киноматографтың өз заманына сай түрінде кең тараса басталуы бірінші қысқаметражды фильмдердің жалпылама түрде көрсетілуі мен түсірілім жасауға алып келді.
1895 – жылы 22 – наурызда Парижде ағайынды Люмьерлердің «синематографы» алғаш рет көрсетілінді. 1927 жылы 6 – қазанда – бұл «Джаз әншілері» премьерасының күні – дыбыстық киноның туылған күні деп қабылданды. Дыбыстың пайда болуынан кейін ақ-қара кино түрлі-түсті киноға ауыстырылды. Американ режиссері Рубен Мамулянның «Бекки Шари» атты бірінші толықметражды түрлі – түсті фильмі 1935 – жылы шықты, осы жылды түрлі – түсті киноның пайда болу жылы деп санау қабылданған. 1950 – ші жылдары нарықтай айтарлықтай үлесін киноматографтан кең түрдегі таралымға ие болған теледидар тартып алды [3].
Бірінші телевизиялық WCFL станциясы 1928 – жылы 12 маусымда Чикагода эфирге шықты. ХХ ғасырдың ортасында теледидарды кең түрде қолдану газет тираждарының қысқаруына алып келді. Ал ХХІ ғасырда БАҚ жаңа формалары – жаңалық таратушы интернет – сайттардың кеңінен таралуынан да газет оқырмандары мен теледидардың саны қысқарды. Соңғы онжылдықтарда пайда болған жаңа медиалар өзіне ақпарат алмасушылықтың барлық интерактивті формаларын қосады. Оларға әлеуметтік желілердің сайттары, блоктар, подкасттар, вики – сайттар және виртуалды әлемдер тиесілі. Бұл тізім тіпті күн сайын өсуде.
Планета халқының айтарлықтай бір бөлігі жаңа ақпараттық нақтылыққа қосылған болып шықты. Компьютердің мүмкіндіктерінің телекомуникацияның желілерімен қосылысуы уақыт пен кеңістіктерді «қысып тастайды», адамдарға жаһандық қауымдастықпен қарым – қатынас жасау түйсігін береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар өмір салтын өзгертеді.
Технологиялық стратификацияның екі формасы бар. Біріншісі – бұл цифрлық түрде қабыспау формасындағы таптар негізіндегі технологияларға деген дифференциялық амал. Осы цифрлық қабыспау екінші формаға – білім берудегі кемістікке алып келеді. Мәселен, мүмкіншіліктері басым болатын студенттер басым білім алады, бұл оларды еңбек нарығына аса басым түрде негізделеді, соның нәтижесінде біздің қоғам технологиялық білімдері бар және керісінше ол болатындарға білінеді [2].
Интернет дегеніміз –  компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Жұмысқа қабылдау туралы арызды толтыру сияқты міндеттер үй компьютеріне қарағанда мобильді телефонда біршама күрделірек. Нәтижесінде цифрлық онлайн – технологияларға қол жетімділікпен байланысты болады, ол мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайды.
Дэнис Макуэйлдің бұқаралық комуникация теориясы – бұқаралық ақпарат құралдарын әлеуметтік институт ретінде қарастыратын нормативтік теория. Танымал теоретик – Дэнис Макуэйл бойынша коммуникация әлеуметіне жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде іске асырла алуы және жеке адамдардың әр түрлі санына әрекет жасай алады.
Компьютерлердің пайда болуы жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен қатар жаңа қауіп-қатердің де пайда болуына алып келді. Соңғы жылдары аса өзекті нәрсе – кибертерроризм болды. В.А. Голубев кибертерроризм деп компьютер өңдеп шығарған ақпаратқа, компьютерлік жүйеге немесе желіге арам ниеттілікпен шабуыл жасау деп түсінеді, бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына деген қауіпті немесе басқа да ауыр зардаптардың басталуына алып келеді, егер осындай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту немесе әскери дау-жанжалға араңдату мақсатымен жасалған болса – қауіпті болып табылады.
Ю.В. Говрилов пен Л.В. Смирновтың пікірлері бойынша кибертерроризмнің мәні адамдардың белгісіз ортасының техногендік сипаттағы апаттар мен қираушылық үшін, болмаса осындай қауіптілігі бар нақтылы қатар жасау үшін жағдайлар жасау жолымен адамдардың өмірі мен денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіру қаупін жасау мақсатымен жасалатын ақпараттық жүйелерге құқықтық қарсы ықпал көрсетуде болып табылады [4, 41 б.].
Цифрландыру – бұл ұйымдардың жұмыстарының қайта өрлеуі үшін кереметі цифрлық ресурстарды қолдануға деген амал. Цифрландыру өнімділікті айтарлықтай түрде жоғарылатады, жұмысты жеңілдетеді. «Цифрландыру» термині ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың күшейе түсуімен байланысты пайда болды.
БҰҰ теңсіздікті технологияның дамуымен байланысты болатын басты әлемдік проблемалардың бірі деп атады.
Әлем елдерінің цифрлануының дәрежесін анықтайтын рейтингтердің басым түрдегі саны да бар. Ақпараттық коммуникативтік технологиялардың даму индексі бойынша (2017 ж.) Исландия, Оңтүстік Корея алда келеді. Электрондық үкіметтің даму индексі бойынша (2018 ж.) Дания мен Австралия алда келеді. Цифрлық экономика және қоғамның /Халықаралық индексі бойынша (2016 ж.) – Дания, Оңтүстік Корея топ басында. Цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің Бүкіләлемдік рейтингісі бойынша (2019 ж.) – АҚШ, Сингапур алда [5, 22 б.].

Әдебиеттер:


1. Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.
2. Little W. et al. Introduction to sociology. 2nd Canadian edition. – 2018. https://opentextbc.ca/introductiontosociology2ndedition/chapter/chapter-8-media-and-technology/
3. https://ru.wikipedia.org
4.Мазуров В. А. Кибертерроризм: понятие, проблемы противодействия //Доклады Томского государственного университета систем управления и радиоэлектроники. – 2010. – №. 1-1 (21).- С. 41-45
5. Индикаторы цифровой экономики: 2020: статистический сборник / Г. И. Абдрахманова, К. О. Вишневский, Л. М. Гохберг и др.; Нац. исслед. ун-т. – М.: НИУ ВШЭ, 2020. – 360 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет