Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет20/25
Дата27.03.2023
өлшемі223,54 Kb.
#76544
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Әлеуметтік болжау – әлеуметтік қатынастардың және әлеуметтік үдерістердің немесе олардың элементтерінің болжалдық өзгерістерінің ғылыми түрде негізделуі.
Әлеуметтік ұстаным – адамның әлеуметтік уақыт пен кеңістікте алатын орны.
Әлеуметтік проблема – қоғамның өмірлік іс-әрекетіндегі үдерісте пайда болатын объективті түрдегі қарама-қайшылық.
Әлеуметтік нақтылық – әлеуметтік өмірдің шындығы; ол әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайылығында өмір сүреді.
Әлеуметтік рөл – бұл адамнан оның әлеуметтік статусына сәйкес келетін мінез-құлықтың күтілетін сызығы; бұл әлеуметтік статустың динамикалық аспектісі.
Әлеуметтік санкция – әлеуметтік рөлдердің талаптары аясындағы іс-әрекеттің әлеуметтік зардаптары, әлеуметтік бақылаудың оперативтік құралы. Әлеуметтік санкциялар жүйесі әлеуметтік рөлдермен байланысты болатын жазылымдарды орындауға тиесілі нәрселерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік стратификация – бұл ұйымдасқан түрде қайтадан жасалынатын әлеуметтік теңсіздік; қоғамның ирархиялық түрде әлеуметтік кеңістікте орналасқан жіктерге бөлшектенуі.
Әлеуметтік стреотип – әдетте эмоционалды түрде боямаланған және жоғары тұрақтылыққа ие болатын әлеуметтік нысан туралы схемаланған, стандартталған бейне немесе түсінік.
Әлеуметтік рөл – бұл нақтылы әлеуметтік ұстанымда болатын, тұлғадан күтілетін мінез-құлық.
Болжам – қандай да бір құбылыстың жағдайы және оның болашақтағы зардаптары туралы сенімді пікір немесе болжау жасау.
Білім – бұл білімнің тікелей оқыту арқылы бір буыннан екендігіне берілуі.
Вертикальдық ұтқырлық – әлеуметтік стратификация жүйесіндегі жеке тұлғаның немесе топтың жоғары болмаса төмен орналасуы.
Гипотеза – әлеуметтік құбылыстардың, факторлардың байланыстарын детериинациялайтын және әлеуметтік мәселелерді шешуге деген мүмкін боларлық амалдарын зерттеу арасындағы әлеуметтік нысандардың сипаты мен мәнінің құрылымы туралы ғылыми түрде негізделген болжам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет