1-есеп. Тышқандардың рецессивті с гені альбинизмді анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің синтезін реттейді. А жəне а гендері жүн талшықтарының өне бойынапигментердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына, ал А гені жүннің қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина тəрізді сары пигменттің түзілуіне əсер етеді. Генотиптері ССаа, ССАА, ссАА, ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.
2-есеп. Бидайдың кейбір іріктемелерінде дəннің қызыл түсін екі жұп полимерлі доминантты гендер бақылайды. Екі доминант- ты ген гомозиготалы жағдайда болса (А1А1А2А2), қошқыл қызыл түсті дəн береді, жалғыз доминантты ген (А1 немесе А2) дəнге əлсіз қызыл, екеу болса – қызғылт, үшеу болса – қызыл түс береді. Ал рецессивті гомозигота болса (а1а1а2а2) дəндерінің түсі ақ болады. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гендер түзе алады: А1А1А2А2 а1а1А2А2 , А1А1 а2А2, А1А1 а2а2, А1 а1а2а2, а1а1а2а2, А1А1 а2 а2, а1а1А2 а2 , А1а1А2а2 .