ырықты орталықтарына кірмейтін және
ферменттік - тасымалдағыш комплекс түзуге қатыспайтын функционалдық топтары арқылы
жүргізіледі.
Фермент тасымалдағыш немесе матрица түйіршікті материл
тәрізді, талшықты құрылысты, беті пластинка тәрізді, іші
қуыс талшық, трубка, капсула түрінде т.б. болуы мүмкін.
Фермент тігілетін зат (матрица) құрайтын бөлшектердің
мөлшерлері маңызды болып келеді, сондықтан бөлшектердің
диаметрі 0,1—0,2 мм, матрицаның беттік ауданы үлкен болу
керек.
Фермент тігілетін зат (матрица) табиғи немесе синтетикалық
полимер болуы мүмкін.
Иммобилденген ферменттердің артықшылықтары:
• 1. Гетерогенді катализатор реакциялық орталықтан оңай
ажыратылады, реакцияны кез келген уақытта тотқатуға,
ферментті қайтара қолдануға және ферменттен тазартылған өнімді алу
мүмкіндігі болады.
• 2. Иммобилденген ферменттерді қолдану арқылы ферментативтік
процесті катализдік реакцияның жылдамдығын және өнімді
шығаруды бақылау арқылы
үздіксіз жасауға болады.
• 3.
Ферментті модификациялау арқылы мақсатты түрде оның
қасиеттерін өзгерту мүмкінді, мәселен: ферменттің өзіндік
спецификалық қасиетін (әсіресе макромолекулалық субстратқа
қатысты), ортаның рН - на, иондық құрамына және басқа да
параметрлеріне байланысты
катализдік ырықтықтығын, денатурациялық әсерлерге төзімділігін арттыру т.б.
• 4. Фермент тасымалдағыш қасиетін физикалық факторлар (жарық,
дыбыс) арқылы өзгерту негізінде
ферменттердің катализдік ырықтығын өзгертуге болады.
• Ферменттерді иммобилиздеу ерімейтін субстраттарға тікелей
байланыстыру және белок молекулаларын төмен молекулалы
бифункционалды қосылыстармен молекула ішілік және молекула
аралық тігу, сондай - ақ, еритін полимерге қосу арқылы жүзеге
асырылады.
Ферменттер тігілетін заттың (матрицаның) жіктелуі • Иммобилденген ферменттерді органикалық және
бейорганикалық тасымалдағыштарға тігеді, олардың түрлері
шектеулі болады.
• Фермент тігілетін тасымалдағышқа (матрицаға)