Тақырып: Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Тапсырма: Пифагореизм. Аристотель ілімі.Атомистиканың пайда болуы. Математика мен механиканың, астрономияның негізделуі. Орта ғасырлық жаратлыстану. Механикалық жаратылыстану. Ғылыми төңкерістердің ғылым дамуындағы ролі. Жаңа кезеңдегі жаратылыстану және философиялық әдістер. Классикалық механиканың тарихи орны. Уақыт пен кеңістік өлшемділіг
Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пипагордың мектебі болып табылды. Пипагор Самоский / б.з.д. 580-500жж/ ежелгі грек матемтигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пипагордың ілімі бойынша, сандар заттардың мәні болып табылады. Метаматикалық абстракциялар әлемде белгілі бір тәртіп орната отырып, жасырын жетекшілік етіп отырады. Сандар – бүкіл тіршіліктің бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті. Пипагор мектебінің ұраны «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пипагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1. 2. 3. 4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы (1+2+3+4=10) Текрактис деп аталады. Аңыз бойынша, Пипагоршылардың анты: «Тикраттистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гүлденіп тұратын табиғаттың қайнар көзімен тамыры сонда жатыр. Тикрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан да он саны идеалды сан болып табылады және әлемді бейнелеп көрсетеді. Пипагордың ең жоғарғы жетістігі – «Гипотенузаның квадраты катеттердің квадратының қосындысына тең» - деп аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға «Пипагор теоремасы» деп енген атақты дәлелдеуі. Бұл теорема ертедегі Мысыр, Вавилон математиктеріне де мәлім болған, бірақ бұлар дәлелденбеген. Ғылым саласында Пипагор мен Пипагоршылдар мынандай жаңалықтар ашып, ғылымның дамуына үлкен үлес қосты: Дедуктивтік геометрияны жасады, кеңістік геометриясы бойынншы куб, пирамида, дотекаэдр деп аталатын үш көп жақты қасиеттерін зерттеді. Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырды. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды, осыдан математика деген термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан туралы ғылым (арифметика), музыка теориясы (гармония), фигуралар жайындағы ғылым (геометрия) және аспан жайындағы ғылым (астрономия).
Пипагор музыканы да математикаға жатқызып, негізгі музыкалық интервалдарды – актавана, квинтана, квартана тағайындады. Пипагор музыкалық дыбыстарды сандар арқылы, ал музыкалық интервалдарды сандардың қатынастары арқылы кескіндеген.
Аристотель ілімі
Дүние туралы білімдердің жинақталуына сәйкес оларды жүйелендіру қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселені ежелгі ойшылдардың бірі Аристотель б.з.д.. 384-322 табысты шешті. Ол Греция мен Македония шекарасында дүниеге келген. А. Македонскийдің ұстазы болды. 366 жылыАфинаға Плантонның Академиясына келіп 20 жыл тұрды. Аристотель Платонның сүйікті шәкірті болды. 335 жылы Афинада өзінің перипатетикалық сектебі-лицейді ашты. Перипатетка – грек сөзі: серуен құру деген мағынаны білдіреді. Аристотель әңгімелесу,сұхбат құру барысында шәкірттерімен серуен құруды жүйелендіруге алғаш қадам жасады.
Аристотельдің ілімі бойынша дүниенің көзі тұтқасы,түп негізі-заттық нәрсе. Табиғат мәңгі қазғалыстағы өзгерістегі материалдық заттаардыың жиынтығынан тұрды. Дүниені тану деген әуелі табиғи құбылыстарды білу деген сөз. Зат туралы түйсік елес,ұғым болу үшін ең әуелі сол бізден тыс тұрған заттың болуы қажет.
Аристотель өзінен бұрыңғы грек ғылымының жетістіктерін жалпылай логика ғылымын негіздейді. Қазіргі математикалық құбылыстың негізгі іргетасы саналатын аксиома , анықтама ,теорема дәлелдеуден дейтіндер Аристотельдің логикасы негіздік жасалған.
Аристотель-жанды,жансыз табиғат жөніндегі ғылымдарды жасауға көп ат салысқан философ.
Аристотельдің жаратылыстану жөніндегі пікірлері оның философиялық иделарымен ұштасып жатады.
Аристотель козғалыс жөнінде ілім туралы еңбектері биологиялық ғылымдарыдың шығуна байланысты.
Аристотель саяси экономия ғылымының бастамасын жасады. Экономия- деген терминді Аристотель енгізген ол грекше Эйкон-шаруашылық, Намос-Заң деген маңынаны,яғни шаруашылық заңы дегені білдіреді.
Атомистиканың пайда болуы
Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалыдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылыми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандар, Фалес т.б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от,топырақ,ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5ғ.) І Эпикур (б.з.б. 341-270), Лукреций (б.з.б. 1ғ.) дүнинің қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек – атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристотелдің табиғат жайлы жазған кітабы «физика» деп аталған. Осыған орай Аристотелді физиканың «негізін қалаушы» деп те атайды. Левкипп пен Демокрит өздерінің атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады. Левкипп (5б.ғ.д.) Милетте туғанымен, Элеяға келіп, өз ілімін таратады. Демокрит (460 б.ғ.д.) Левкиптің шәкірті болған. Левкипп пен Демокрит ғылымға атом ( atomos – бөлінбейтін) ұғымын ,ары қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз, тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ бөлшектерді ұсынады. Атомистика дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде түсіндіреді. Олар оны күннің көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін, қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен салыстырады. Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс туады. Бұл «дауылда» бір-біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп, дүние өмірге келеді. Үшінші атомдардың қозғалысы – ол заттың бетіндегі өте жеңіл атомдар. Олар заттан ұшып, біздің түйсіктерімізге әсерін тигізіп, иісті тудырды. Атомистердің айтуына қарағанда, 4 стихияның атомдары әртүрлі. Оттың атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, қалған атомдарының бітімі кубқа ұқсайды. Олардың ішіндегі ең кішісі ауаны құрайтын атомдар, орташа көлемдегі суды және улкендері жерді құрайды. Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін ,ғарышта әртүрлі дүниелер бар. Біреулерінде күн мен ай болмауы мүмкін, кейбіреулерінде болмауы ғажап емес.. . Сонымен Демокриттің дүние жөніндегі ілімінде ешқандай Құдай , я болмаса басқа рухани күш жоқ: ол бәрін де механистік көзқарастың шеңберінде түсіндіргісі келеді.