Тақырып Жер мәселесі. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі


Жоламан Тіленшіұлы және Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістер



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі44,76 Kb.
#129331
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 лекция

Жоламан Тіленшіұлы және Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістер ХІХ ғасырдың 20-жылдарында Елек өзенінің бойына 29 бекіністен тұратын Жаңа-Елек әскери желісі салынды. Жайық пен Елек бойындағы Кіші жүздің табын руының ең шұрайлы 7 мың десятина жері тартып алынды. Бұл жерлерге орыс шаруалары мен казақ әскері орналаса бастады. Бұл табын руының батыры Жоламан Тленшіұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің негізгі себебіне айналған еді. 20-жылдардың басында Жоламан батыр қазақтардың өз жеріне иелік ету жөніндегі құқықтарын патша әкімшілігімен бейбіт түрде шешуге әрекет жасаған болатын. Орынбор губернаторы Эссенмен жазысқан хаттары да нәтижесіз қалды. Сөйтіп, 1823 жылы Жоламан батыр Ресейге қарсы күреске шығатынын жариялайды. Оның себебін Елек өзені бойына тұрғызылған әскери мекемелер үшін, «бұрын ол қазақтардың мал өсіруге ыңғайлы жері болды, ал енді оларға тақыр далаға көшуге тура келді» деп түсіндіреді. 1835 жылы Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі кең құлаш жая бастады. Ол отаршылыққа қарсы сипат алды. Өйткені, 10 мың км: құрайтын Ор мен Тройцк бекіністері арасындағы жерлердің тартып алынуына байланысты қазақтың жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ, рулары көтеріліп, Жоламан батырға қолдау білдіре бастаған еді. Бұл аймақтағы рулардың жағдайы қиындап кетті. Олар еріксіз шекаралық жерлерге жақын көшуге мәжбүр болды. Ал оп үшін үлкен көлемде ақы телеп отырды. Қазақтар мұндай әдіпетсіздікке наразылықтарын білдіріп, желіпер бойындағы бекіністерге, сауда керуендеріне шабуыл жасай бастады. 1837 жылы Орта жүзде Кенесары Қасымұлының басшылығымен көтеріліс басталған кезде, Жоламан Тіленшіұлы оған бірден қолдау көрсетті. Ол Кіші жүз руларының біразын біріктіріп, оларды Кенесары көтерілісіне қосылуға шақырды. 1838 жылы Бакей Ордасында И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс жүріп жатқан. Сөйтіп, қазақ жеріндегі көтерілістер кең құлаш жая бастады. Жоламан батыр жасағы 3000 адамға жетті. Кетерілісті басуға патша үкіметі үш жазалаушы отрядын жіберді. Ор бекінісінен шыққан полковник Мансуров, Орынбордан полковник Падуров және Елек бекінісінен полковник Геке бастаған отрядтар өз міндеттерін орындай алмады. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғапыстарында Абылай хан ұрпақтарының алатын орны ерекше. Абылай ұрпақтары отарлық саясатқа қарсы шығып қана қойған жоқ, олар Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытында Ресей патшалығымен бітіспес саяси күрес жүргізді. Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістің шығуына түрткі болған 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» енгізілуі еді. 1824 жылы Қазақ даласында алғашқы округтық приказдарды ашу үшін екі экспедиция ұйымдастырылған болатын: біріншісі полковник Броневскийдің басқаруымен Қарқаралыға, екіншісі полковник Григоровскийдің жетекшілігімен Көкшетауға жіберілді. Броневский экспедициясы Қарқаралы аймағына жеткен бойда жергілікті қазақтар оған қарсы бірден күреске шықты. Бірақ та, қазақтардың қарсылықтарына қарамастан. приказдар ашыла бастады 1824-1836 жылдар аралығындағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліске сұлтан Саржан Қасымұлы жетекшілік жасады. Саржан Қасымұлы округтық приказдарды жоюды, Қазақ даласынан орыс әскерлерін шығаруды және бұрынғы қазақтың дәстүрлі заңдарын қайта орнатуды тапап етті. 1825-1826 жылдары көтерілісшілердің саны мың адамға жетті. Саржан сұлтан және ағасы Есенгелді екеуі ауыл-ауылды аралап, қазақтарды патша үкіметіне және оның сойылын соғушы сұлтандарға қарсы күрес жүргізуге шақырады. Өзінің ордасын Саржан Бұғалы және Тағалы сайына көшірді. 1826 жылы тамызда ол Қарқаралы округтық приказына шабуыл жасайды. Саржан Қасымұлы жасағына қарсы жүзбасы Карбышевтің жазалаушы отряды жіберіледі. Бұл отряд көтерілісшілердің приказды тапқандауына мүмкіндік бермеді. Карбышевтің экспедициясы кезінде жергілікті қазақтардан 100 қой, 36 жылқы, 10 сиыр тартып алынды. 1832 жылдың басында Саржан Қасымұлы тағы да белсенді күреске шығып, Қарқаралы округіндегі патша әкімшілігін қолдап отырған би-сұлтандардың ауылдарын шабады. Көтерілісшілерді басу үшін енді артиллериямен қаруланған жүзбасы Потаниннің отряды аттанады. Бұл отрядтың Саржан сұлтан жасағымен Сұлукөл сайына тақау жерде шайқасы болады. Кескілескен шайқас кезінде көтерілісшілердің көпшілігі осы жерде қаза болады. Бұл сәтсіздік Саржан Қасымұлын Ташкент әмірімен Ресейге қарсы күресу үшін одақ жасауға мәжбүр етеді. Ташкент билеушілері тарапынан ұсыныс қабылданып, Саржан сұлтан мен Ташкент әмірі едәуір әскери қолмен Орта жүз аумағына келеді. Бұл жағдай патша үкіметін қатты алаңдата бастады. Батыс Сібір генерал-губернатары Вельяминов жедел түрде бірнеше отрядты көтерілісшілерді басуға аттандырды. Көтерілісшілер бұл жолы да көп шығынға ұшырайды, Жазалаушы отрядтар Сарысу өзені бойындағы ташкенттіктердің екі бекінісін басып алады. Бірақ Саржан сұлтан мұндай сәтсіздіктерге қарамастан күресін жалғастыра береді. Ол аздаған жасағымен Ресей әкімшілігін қолдаушылардың ауылдарына, жолдарға, сауда керу- ендеріне шабуыл жасайды. Вельяминов жазалаушы отрядтарға Саржан сұлтанды ұстап алуға бұйрық береді, бірақ олардың бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Алайда Саржан Қасымұлы Ташкент әміршілерінің опасыздығынан қаза тапқан еді. Бұл қайғылы оқиға 1836 жылы болды. Патша әскерінің қыспаққа алуына байланысты Саржан сұлтан Ұлы жүз жеріне өтіп кеткен болатын. Ондағы мақсаты Ұлы жүз бен Сыр бойы қазақтарымен біріге отырып (Сыр бойында үш жүздің қазақтары көшіп-қонатын), отаршыларға қарсы күресті жалғастыру еді. Бұдан Ташкент билеушілеріне де қауіп төнуі мүмкін деп ұққан олар Саржан сұлтанды балаларымен бірге жауыздықпен өлтірген болатын. Ал 1840 жылы Қоқан билеушілері Саржан сұлтанның әкесі Қасым мен ағасы Есенгелдіні де осылай өлтіреді. Бірақ Саржан Қасымұлының өлімі қазақ халқының азаттық қозғалысын тоқтата алмады, Ұлт-азаттық күресті Кенесары Қасымұлы жалғастырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет